Абай Құнанбайұлы «Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да» өлеңі . Қазақ әдебиеті, 10 сынып, презентация.
Абай Құнанбайұлы
«Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да» өлеңі
Оқу мақсаты:
10.2.4.1 Көркем шығармадағы көтерілген мәселелерге талдау жасау арқылы өзіндік пікірін қосып, шығармашылық жұмыс (эссе, әңгіме, өлең, әдеби және еркін тақырыптарға шығарма) жазу.
Cабақ мақсаты:
Өлеңде көтерілген мәселелерге талдау жасау арқылы өзіндік пікірін қосып, эссе жазады.
Бағалау критерийлері:
Жазылымалды тапсырма
Эссе жазу туралы ақпаратты оқыңыз,
жұпта талқылаңыз.
Эссе жұмысына қойылатын талаптар:
Эссе тақырыбын ашу тереңдігі және пікірлердің сенімділігі;
Эссе тақырыбы бойынша өз пікірін дәйектеуі;
Эссенің композициялық тұтастығы және логикалық жүйелілігі;
Орфографиялық нормаларды сақтау;
Грамматикалық нормаларды сақтау;
Пунктуациялық нормаларды сақтау.
Абайдың «Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да» өлеңінің мәтіні беріледі, оқып, ондағы келеңсіз жайттарды өзара талқылайды.
Тақырып бойынша жоспар құрыңыз. Жоспарыңыз кемінде 5 тақырыпшадан (негізгі тезистен) тұруы керек. (Негізгі бөлім 3 бөліктен)
Мысалы:
І Кіріспе.
..............................................
ІІ Негізгі бөлім:
1...................................................
2...................................................
3......................................................
ІІІ Қорытынды.
................................................................
Жазылым тапсырмасы:
Абайдың
«Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да» өлеңіндегі көтерілген мәселелерге талдау жасап, Абай сынға алған заман адамының құндылыққа қайшы мінез–құлықтарын талқылап, өз пікіріңді қосып, «Заман өзгерген сайын адами құндылықтар да өзгере ме?» деген тақырыпта эссе жазыңыз.
Дескриптор:
Көтерілген мәселерді талқылап, эссе тақырыбын ашады, өз көзқарасын тұжырымдайды, тезисін сенімді дәлелдейді;
пікірін білдіреді және әр тезиске қатысты пікірді растау үшін кем дегенде бір-екі дәйектен (аргумент) келтіреді;
композициялық тұтастық сақталған, пікірлердің бөліктері өзара логикалық байланысты, ой біртіндеп дамиды;
ой дәлелденген, қайталаулар жоқ және логикалық жүйелілік сақталған;
орфографиялық қателер жоқ немесе бір қате ғана жіберілген;
грамматикалық қателер жоқ немесе бір қате жіберілген;
пунктуациялық қателер жоқ немесе бір-екі қате ғана жіберілген.
Оқушылардың өзара бағалау парағы
«Автор орындығы» стр.
Жұмысты ортаға салып, ең үздік жұмысты таңдап алыңыз.
Үздік жұмыс ортада тыңдалады.
Рефлексия
3-2-1
Сабақта алған
3 маңызды ақпарат
Қиындық келтірген 2 мәселе
Сабақта ұнаған 1 аспект
Үйге тапсырма:
Сегіз аяқ» өлеңіндегі афоризмдерді жаттау және осы өлең туралы жазылған Р.Сыздықованың зерттеуімен оқып танысу.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру