Қазыбек би. Кім жақын? Не қымбат? Не қиын?. Қазақ әдебиеті, 9 сынып, презентация. 3-сабақ.


Сабақтың тақырыбы

Қазыбек би. Кім жақын? Не қымбат? Не қиын?

Оқу мақсаты: Шығарманы басқа өнер түрлеріндегі осы мазмұндас туындылармен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалау.

Сабақтың мақсаты: Қазыбек бидің шешендік сөзін Мәди Дәуренұлының «Туысқандар» әнімен салыстырып, тарихи және көркемдік ерекшелігіне баға беру.

Бағалау критерийі: Екі шығарманың ұқсастығы мен ерекшелігін таба алады;

Тарихи және көркемдік ерекшелігіне баға береді.

Қызығушылықты ояту

1. Шешендік сөздердің басқа ауыз әдебиетінен ерекшелігі неде?

2. Кімдердің шешендік сөздерін білесіздер?

3. Қазыбек би туралы не білесіздер?

Түйін сөз немесе сандар сипаттамасы

1- қадам: 10 – ға шейін сандар қиындыларын әзірлеңіз.

2- қадам: Оқушыларға бір санды таңдауға тиіс екенін түсіндіріңіз.

3- қадам: Оқушылардың сан мен олардың сабақ туралы ой – пікірлерін ұштастыра айтатынын түсіндіріңіз.

4 – қадам: Олар бүгінгі сабақта не түсінді? Бүгінгі сабақ қандай жаңалықтарға толы болды? Оқушыларға осы сұрақтарға жауап береді.

Мысалы, Бір дегенімболжау. Бүгін менің қиялым қарыштап, қанатым самғап, көкжиекке көз жүгіртіп, әлемнің қалай өзгеретінін болжадым.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу