Әнет баба «Не арсыз? Не ғайып? Не даусыз?». Қазақ әдебиеті, 9 сынып, презентация.


БҰЛ БИ:

Жеті жарғыны” құрастыруға қатысқан атақты 7 бидің бірі

Руы Тобықты

Тобықтыға ғана емес, исі қазаққа қадірменді қарт баба, қазақтың әйгілі төбе билері Төле, Қазыбек, Әйтекелерге, "көмекей әулие" атанған Бұқар жырауға батасын берген.

Қалқаман—Мамыр дауы (қосымша “Қалқаман-Мамыр”) кезінде бірін-бірі сүйген екі жас жазадан босатылсын деген билік шығарады

1-тапсырма. Топқа бөлініп оқу. Оқушыларды төрт топқа бөліп бүгін өтетін шығарманы түсініп оқуды тапсырамыз. Болған соң оқушылар өзге оқушыларға оқылым түсінігін айтып береді.

 

1-топ: Не арсыз, не ғайып, не даусыз

2-топ: жеті жетім

3-топ: жеті жоқ

4-топ: жеті қазына

Дескриптор:

Топта бірлікте оқып, мазмұнын түсінеді;

Өзге топтарға мазмұндайды.

2-тапсырма. Тек алғашқы 3 минутын тыңдайды.

Оқушылар Нұр-Мұқасанның «Не пайда?» әнін тыңдап Әнет баба айтқан пікірмен салыстырады, ВЕНН диаграммасына салады. Формасы мен сөзіне талдау жасай отырып көркемдігіне, екі заман, екі адамның танымынан туған түсінігін салыстыра отырып тарихи құндылығына баға береді.

3-тапсырма. Шығармашылық жұмыс.

Қазіргі уақытта не арсыз? Не ғайып? Не даусыз? Олардың саны үшеу ме, әлде көп пе?

Өз нұсқаларыңызды ұсынып көріңіз.

 

Дескриптор:

- Сұраққа қатысты өз нұсқаларын дәлелдермен ұсынады.

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу