Төле би «Ердің бақыты-әйел». Қазақ әдебиеті, 9 сынып, презентация.


Сабақтың тақырыбы

Оқу мақсаты:

9.1.3.1. Көркем шығарманың идеясына сай кейіпкерлер жүйесін анықтау;

Сабақтың мақсаты:

Идея арқылы кейіпкерлерді әрекетін талдау;

Кейіпкерлер әрекетін өмірмен байланыстыру.

Бағалау:

Көркем шығарманың идеясын түсінеді;

Кейіпкерлер әрекетін талдайды;

Өмірмен байланыстыра алады.

- Оқушылар, Толе би шешендігі туралы төменгі сыныпта таныспыз ба?

Кім Толе бидің шешендігі туралы мысал айтады?

«Ердің бақыты-әйел» деген пікірмен келісесіздер ме? (неге келісетінін, неге келіспейтінін ортада талдайды)

1-тапсырма.Т/Ж

«Ердің бақыты-әйел» тақырыбындағы Толе бидің шығармасын оқу.

Оқып болған соң, дәптерге «GROW» әдісімен 1-2 сөйлеммен мәтін мазмұнын, мақсатын идеясын,әрекетті талдап жазады.

 

G-Мақсаты (оқушылар Толе бидің мақсатын анықтайды)

R-Идея (шығарманың негізгі идеясын анықтайды)

O-Қолдағы мүмкіндіктер (Данагүлдің өзін жақсы қыз қылып көрсету мүмкіндігі яғни тәрбиелілігін талдайды)

W-Әрекеттер (не істеу керек?) (Толе бидің Алакөздің үйінде Данагүлге құда түскісі келген әрекетін табады (құлақ, тіл бергендегі ойы))

Дескрипторлар:

Мәтінннің мазмұнын түсінеді;

Негізгі идеяны анықтай алады;

GROU әдісімен талдау жасай алады;

 

2-тапсырма. Шығармадағы кейіпкерлерге мінездеме

беріңіз.

Сұрақ:

Бұл шығармадағы кейіпкерлер арасындағы қарым-қатынасынан қазақ мәдениетіне баға беруге бола ма?

 

Дескрипторлар:

- шығарма кейіпкерлерінің типтік бейнесін аша алады;

- кейіпкерлерге мінездеме береді;

- Сұраққа мәдениетпен байланысты жауап береді.

3-тапсырма.

Шығарманың негізгі идеясын 3-4 сөйлеммен қазіргі өмірмен байланыстырыңыз. __________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

Дескрипторлар:

Негізгі идеяға өз көзқарасын білдіре алады;

Өмірмен байланыстыра талдайды.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу