М.Жұмабаев «Батыр Баян» поэмасы. Поэманың тарихи және көркемдік құндылығы. Қазақ әдебиеті, 7 сынып, презентация.
«Ой шақыру» 1 минут
Сабаққа болжам жасайық!
Фильм эпизоды бойынша кейіпкерлердің күй-жайы, сезімі мен әрекетін, қабылдаған шешімін тарихи құндылық ұғымымен байланыстыратын
1 мәселелік сұрақ әзірлеп жаз.
«Батыр Баян» көркем фильмінен үзіндіні тамашалайық!
https://www.youtube.com/watch?v=pb_aTpt8G5I
38.15 мин бастап 38.50-ге дейін
https://www.youtube.com/watch?v=8zfNvrx3JAo
Батыр Баян поэмасы
17.50- 18.10
1-БӨЛІМ:Махаббат пен абырой
М.Жұмабаев «Батыр Баян» поэмасыТарихи және көркемдік құндылықОқу мақсаты:
Б/С1.Тарихи және көркемдік құндылығы
8.Б/С1.Кейіпкерлер бейнесі арқылы тарихи, көркемдік құндылығына баға беру.
Сабақ мақсаты:
Кейіпкерлер бейнесі (сөйлеген сөзі, әрекеті, сезімі, көңіл күйі, өзара қарым-қатынасы, қабылдаған шешімі, ұстанымы мен мүддесі) арқылы поэманың тарихи және көркемдік құндылығына баға беру.
Бағалау критерийлері:
кейіпкерлер бейнесі (сөйлеген сөзі, әрекеті, сезімі, көңіл күйі, өзара қарым-қатынасы, қабылдаған шешімі, ұстанымы мен мүддесі) арқылы поэманың тарихи және көркемдік құндылығына баға береді;
поэмадағы кейіпкерлер шешіміне өз көзқарасын білдіріп, сыни тұрғыдан баға береді.
«Проблемамен саудалас»
Тапсырма 14 минут
Талдауға алынатын кейіпкерлер:
Баян, Абылай хан, Ноян, қалмақ қызы.
Берілген үзіндіні негізге алып, кейіпкердің сөйлеген сөзі, өзара қарым-қатынасы, істеген әрекеті, көңіл күйлері, ой-сезімдері мен қабылдаған шешімдерінің себеп-салдарын тарихи құндылық ұғымы тұрғысынан талқылайтын әр кейіпкерге 1 проблемалық сұрақтан ойлап жаз.
Сұрақты сыныптық талқылауға ұсын.
Сұрақтарға жауап беріп, өз көзқарасыңызды білдіріп сөйле.
Дескриптор
кейіпкерлердің сөйлеген сөзі, істеген әрекеті, көңіл күйлері, ой-сезім, қабылдаған шешімдерінің себеп-салдарын тарихи құндылық тұрғысынан талқылайтын әр кейіпкерге 1-ден (4) проблемалық сұрақ әзірлейді;
сөз, суреттемелерді диалог, монологты негізге алып, кейіпкер сипатын танытудағы маңыздылықты көркемдік құндылық тұрғысынан талдап, баға береді;
кейіпкерлердің өзара қарым-қатынасы, қоршаған ортаға қатысына құндылық тұрғысынан өз көзқарасын білдіреді;
кейіпкердің ұстанымындағы құндылықтарға өз көзқарасы тұрғысынан баға береді.
кейіпкердің ұнамды қасиетін анықтап, оның оқырманға әсерін болжайды.
Ең үздік сұрақты анықтайық!
«Батыр Баян» поэмасындағы патриотизм ұғымы қай кейіпкерлер бейнесі арқылы шынайы сомдалған?
Әдеби-дәлелдеме эсседе білім алушы өз позициясын/ұстанымын/ танытады. Позициясын аргументтер арқылы дәлелдеп жазады. Аргумент келтіруде М.Әуезовтің «Көксерек» повесімен ғана шектелмей, неғұрлым өзге дереккөздерден аргументтер келтірген сайын, соғұрлым эссе бағасы жоғарылайды.
Баянның шешімі намысшылдық па, әлде қызғаныш па?
Баян батыр ел намысын ойлайтын күрескер ме, әлде қылмыскер ме?
Батырлығы
Адами тұлғасы
Тарихи құндылық және көркемдік құндылық
«Қанайым, ойың удай, тілің шаян,
Амал не, келген жоқ қой батыр Баян.
Көп жаудың албастысы, ел еркесі
Баянның батырлығы алашқа аян.
Баянның аруақты құр атынан
Көп қалмақ болмаушы ма ед қорқақ қоян?
Наркескен, өрттей ескен, қайтпас болат
Баянсыз қанатымды қалай жаям?!
Би Қанай! Аттанбайды хан Абылай,
Келмесе қандыбалақ батыр Баян!»
Төрелігі
Бірін айт, бәрін айт та, басқа батыр
Баяндай «алашым!» деп еңіреп пе еді?
Бұл жолы кешігуі жай емес қой,
Тұлпарым кез болды ғой орға, тегі!
Арқаға аяқ салып, түскен барып,
Екі оттың – орыс, қытай арасына.
Күндерде сонау қара, тапсырған ел
Тағдырын Абылайдай данасына.
Сол күнде ел қорғаған Абылайдың
Қылсаң да аз қанша тәуеп моласына.
Берілген үзінділерді негізге алып, Батыр Баян мен Абылай хан бейнесіне (батырлық, адами қасиет, төрелік ) ұғымына қатысты 2 (1-1) проблемалық сұрақ ойлап жазыңыз.
Мәңгілік ЕЛ
Намыс пен абырой
Махаббат сезімі
Патриоттық сезім
Тарихи құндылық және көркемдік құндылық
Баянның алып қайтқан сол сұлуы –
Балдырған бөбек дерлік, он төрт жаста-ақ.
Сол сұлу сұлу екен атқан таңдай,
Бір соған бар сұлулық жиылғандай.
Торғын ет, шапақтай бет, тісі меруерт,
Сөздері – су сылдырлап құйылғандай.
Бір улап көз қарасы, бір айнытқан,
Жұлдыздай еркелеген сөнбей-жанбай.
Лебізі – жібек лебі, жұмақ желі,
Кәусардай татқан адам қалар қанбай.
Қалмақтың қайсар қызы қайрылмаған,
Болаттай жасу білмей, майрылмаған.
Жап-жас қыз сұмдығы мол, сыр бермейді,
Жандай-ақ ойдан аулақ қайғырмаған.
Алаштың аруы боп кетсе дағы,
Жанымен өз жұртынан айрылмаған.
Баянның інісі бар он бес жаста –
Бөрінің бөлтірігі – бала Ноян.
Ноянның бар ақылы білегінде,
Билеген асау жүрек, қайнаған қан.
Келгенде-ақ сұлудың бір қарауынан
Ноянның жүрегінде ұшқын туған.
Сол ұшқын өртке айналып, жап-жас Ноян
Алысып жүрегімен, аласұрған.
Жастықта жалынданып сүйген қандай!
Ноян да сол сұлуға – тәтті балдай,
Мөлдіреп қараушы еді көзі талмай.
Жас Ноян қызды көріп от боп кетті,
Көздері қызыл жалын шоқ боп кетті,
Жер мен көк, Ай, жұлдызды тұман басып,
Бір қыздан басқа нәрсе жоқ боп кетті.
Арқаның аруы боп жүрсем дағы,
Алыста туған, өскен жерім жатыр.
Ол анты: «Елдің шетін, анаң бетін
Бір көрмей, қозым, ерге барма!» – деді.
Анама сөзім – анау, өзім – мынау,
Жас Ноян, жүгінемін ер деп сені
Эпизодтарды негізге алып, Ноян мен қалмақ қызына қатысты сұрақ 2 (1-1) сұрақ құрастырып жазыңыз.
Сұрақ құрастырғанда,
жауап бергенде басшылыққа алыңыз.Құндылықтар тұрғысынан баға беріңіз!
Қай кейіпкердің ұстанымы Сіз үшін маңызды? Неге?
Сіз жоғары бағалаған диалог пен монолог
Берілген эпизодтағы көркемдік қолданыстар, суреттемелер, диалог, монологқа кейіпкер сипатын танытудағы маңыздылығы мен көркемдік құндылығы тұрғысынан баға беріңіз.
Кері байланыс
Талдаудың қай бөлігі қиындық туғызды? Неліктен?
Сабақтың мақсатына жеттік пе?
Сабақ мақсаты:
Кейіпкерлер бейнесі (сөйлеген сөзі, әрекеті, сезімі, көңіл күйі, өзара қарым-қатынасы, қабылдаған шешімі, ұстанымы мен мүддесі) арқылы поэманың тарихи және көркемдік құндылығына баға беру.
Сұрақтарды талқылайық!
Құрастырған сұрақтарымыз құндылыққа қатысты қандай келелі мәселелерді талқылауға көмектесті ?
Қай кейіпкерге қатысты қойылған сұрақ бізге заманауи мәселелерді тарихи құндылық ұғымымен қоса талқылап, баға беруге көмектесті?
Кейіпкерлердің ұстанымындағы құндылықтарға өз көзқарасыңыз тұрғысынан баға беруде қандай қиындық туындады? Неге?
Поэманың көркемдік құндылығын бағалау автор шеберлігін тануға көмектесті ме?
РЕФЛЕКСИЯ
«3-2-1» әдісі
Сіз үшін маңызды болған 3 ақпарат
Қиындық келтірген 2 жағдай
Келесі сабаққа 1 ұсыныс
Үйге тапсырма
Баян батыр туралы тарихи деректер мен қызықты аңыз-әңгімелерді, зерттеушілердің пікірін оқып, ұғым-түсінігіңізді кеңейтіңіз.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру