Қалмақан Әбдіқадыров «Қажымұқан» «Жусан иісі» хикаятындағы көркем ауыстырулардың қолданылуы. Қазақ әдебиеті, 6 сынып, презентация.
«Жусан иісі» хикаятындағы көркем ауыстырулардың қолданылуы
Сабақ мақсаты:
Шығармадағы көркем ауыстыруларды анықтаймын.
Үзіндіні өз ойыммен жалғастырамын.
Көркем ауыстыруларды орынды қолана аламын.
Бағалау критерийі
үзіндідегі көркем ауыстырулардың қолданылу себебін түсіндіреді;
үзіндіні өз ойымен жалғастырады;
көркем ауыстыруларды қолданады.
“Сен - маған, мен - саған”
Бір-біріңізге «Жусан иісі» хикаятының өзіңізге ұнаған тұсын айтыңыз.
“Кім көп біледі?”
Балалар, шығармадан алынған мына эпитеттердің қай
тұстан екенін тауып, сол жерін әңгімелеп беріңіздер.
Кім көп тапса, сол жеңімпаз болады.
жарғақ сары тон, қара бала, шолақ жең, қоңыр тау, көк мұз, қу соғыс, қаралы қағаз, тастай қараңғы, қара жол, асқар тау...
Топтық жұмыс
Берілген үзінділерден көркем ауыстыруларды табыңыздар.
Бағалау критерийлері:
үзіндідегі көркем ауыстыруларды табады;
түрлерін дұрыс ажыратады.
Жеке жұмыс. 1-тапсырма. Үзіндідегі көркем ауыстыруларды атап, қолданылу себебін түсіндіріңіз.
- Қарағым, жолың болсын, - деді жыламсырап. - Жақсыдан қалған тұяқ ең, қайда жүрсең аман бол. Адам болсаң тауып келерсің әлі…
Күннің көзі қанталағандай боп ерекше қызарып ұясына қонуға таянған.
2-тапсырма. Үзіндіні өз ойыңызбен жалғастырып, ертегі құраңыз. Көркем ауыстыруларды көбірек қолданыңыз.
- Ертеде бір жетім бала бопты...
Бағалау критерийлері:
үзіндідегі көркем ауыстырулардың қолданылу себебін
түсіндіреді;
үзіндіні өз ойымен жалғастырады;
көркем ауыстыруларды қолданады.
Кері байланыс: “МЕНІҢ ОЛЖАМ немесе ӘТТЕГЕН-АЙ!”
МЕНІҢ ОЛЖАМ
ӘТТЕГЕН-АЙ!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.