Қалмақан Әбдіқадыров «Қажымұқан» әңгімесі. Қазақ әдебиеті, 6 сынып, презентация.


Қалмақан Әбдіқадыров «Қажымұқан» әңгімесі

Сабақтың мақсаты:

А/И4. Әдеби көркемдегіш құралдарды пайдаланып шығармадағы табиғат көрінісін, оқиға орнын, кейіпкер бейнесін сипаттап жазу

Ой шақыру

Автор туралы не білеміз?

Жазушының қандай шығармаларын білесіздер?

Кейіпкерге қатысты тағы қандай тың ақпарат не білеміз?

Соғыс кезінде қартайған Қажымұқан қандай үлес қосты?

Әдеби шеңберде әңгімелес

Жас бала сарайға не себепті қайта-қайта қарай берді деп ойлайсың? Бұл кім болуы мүмкін?

Шын мәнінде не болды?

Бала Орлий Масликовқа жұмысқа жалданады деп ойлайсың ба?

Мұқан қандай әрекет жасайды деп ойлайсың?

Әңгіме әрі қарай қалай өрбиді деп ойлайсыңдар?

Мұқан шанаға жеккен ат өліп қалып, оны шананың үстіне салып жаяу сүйретіп әкелуіне тура келді.Бұл жағдайға бай қандай көзқарас танытады деп ойлайсың?

1-топ тапсырмасы

1. Татарша орама жағасы бар, мақталы ұзын шапан киген екеу келіп, тұманды боз қырау басқан есіктің қоңырау тетігін басып тұр...

- Келген екеу кім?

- Олар неге келді?

-Кім жіберген еді?

2. “ Қандай байланысы барын сізге жазған хатында айтқан болар. Алдымен сіз мына хатты оқыңыз,”-деп аласа бойлы татар қойнынан сия қарындашты жалай отырып, ірі әріппен сойдита жазылған хатты қолына берді.

- Хатта не жазылған деп ойлайсың?

 

Топтық тапсырма

2- топ тапсырмасы

3. “Күш байқаған кісі тышқан аулаған мысықтай, үндемей келіп бас сала ма екен?”

-Кімнің сөзі?

-Бұлай айтудың себебі неде?

4. ... Хат танымайтын Мұқанға балуандық өнердің ең ауырларын үйренуге тура келді.

-Мұқан үшін өнердің ең ауыры не еді?

-Ал ең жеңілі деп қандай өнерді айтар едіңдер?

5. “Ағын су көлге құймай дамылдай ма, мырзам. Мен сіздің мектепті бітірмей, мейрамды қайтем.”

-Кімнің сөзі?

Бұл сөзді Мұқан неліктен айтты деп ойлайсың?

3- топ тапсырмасы

6. “Жас балуанның жиырма төрті мектептің биылғы бағдарламасын бітіріп, тәжірибе жұмысына шыққалы отыр. БіріншіДубный, екінші - Мұңайтпасов

-Мұқанның екінші тұру себебі неде?

-Осы тәжірибе сынында Мұқанның алғаш көрсеткен өнері?

7. Жасы отыздан асып, “енді елге қайтпасам болмасдеп жүргенде, Дубный Ригадан бір топ балуанмен келді.

Мұқан Дубныйға еріп қайда барады?

Өзге ел балуандарының қандай өнерлерін көрді?

4-топ тапсырмасы

8. “-Ертең Ресей балуандарының өнерін көресіздер,- деді цирк басқарушысы.”

Ресей балуандары қандай өнер көрсетті?

9. ...Басында айыр қалпағы бар, үстінде ала жібек шапан киіп, жалпылдақ жүнді айыр өркешті атанға мінген біреу шықты.

-Бұл кім еді?

-Ол қандай өнер көрсетті?

 

Жеке тапсырма

Әр топ сұрағымен байланыстыра отырып, әдеби көркемдегіш құралдарды пайдаланып шығармадағы табиғат көрінісін, оқиға орнын, кейіпкер бейнесін сипаттап жазады

Кері байланыс

Мен............. БІЛЕМІН,

Мен ............ ТҮСІНЕМІН,

Мен ...............  ЖАСАЙ АЛАМЫН.

 

[attachment=27646:aza-debieti-_6-synyp_-4-tarau_-5-saba-_prezentacija_2-nsa.pptx]
Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу