Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан. ЭКСПО-2017. Қазақ тілі, 9 сынып, презентация. 2 сабақ.
Ішкі және сыртқы шеңбер
Оқушылар ішкі және сыртқы шеңберге тұрады.
Төмендегі сұрақтар бойынша ойларын шеңберде бөліседі.
Сұрақтар:
Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан жетістіктері деп нені атай аласың?
Энергияны күннен алудың тиімді, тиімсіз жолдары туралы не айта аласың?
Ауызша бағалау
1-ТАПСЫРМА. Тыңдалым -айтылым тапсырмасы.
Оқушыларға мәтіндер таратылады.
Олар мәтінді оқып, тыңдалым- айтылым жасайды.
Жұптар бір- бірін ауызша бағалайды.
2- тапсырма. «Алты қалпақ» әдісі
Оқушылар 1-6 ға дейін санау арқылы топқа бөлінеді.
1-топ. Ақ қалпақ: «Жасыл энергия дегеніміз не?» тақырыбында нақты бар фактілерге, сандарға ғана сүйене отырып, өз көзқарастарыңды білдіріңдер. Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты өмірлік мәселелермен байланыстырыңдар.
2-топ: Сары қалпақ: «Энергияны күннен алудың тиімді жолдары» тақырыбында сараптама жасап, өз көзқарастарыңды басқалармен салыстырып, дәлелді хабарлама жасаңдар. Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты өмірлік мәселелермен байланыстырыңдар.
3-топ: Қара қалпақ «Энергия - адам баласы үшін қаншалықты қауіпті? » тақырыбында өз ойларыңды қолданыстағы энергия көздерімен байланыстырып жеткізіңдер. Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты өмірлік мәселелермен байланыстырыңдар.
4-топ: Қызыл қалпақ «ЭКСПО 2017- болашақтың энергиясы» тақырыбында өз сезімдеріңе комментарий жасаңдар. Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты өмірлік мәселелермен байланыстырыңдар.
5-топ: Жасыл қалпақ: «Экспо -2017 бүкіл әлемдік көрмесіндегі жасыл энергия көзі» деген тақырыпта энергия, өмір туралы ең оқыс, күтпеген, ерекше стандартты емес ойлар айтуға тырысыңдар. Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты өмірлік мәселелермен байланыстырыңдар.
6-топ: Көк қалпақ: «Күн энергиясы адамзаттың электр энергиясына деген 20-25%- дай қажеттілігін өтей алады. Күн энергиясын өз мақсатымыз үшін пайдаланудың болашағы зор» тақырыбында қорытынды жасаңдар. Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты өмірлік мәселелермен байланыстырыңдар.
Қалыптастырушы бағалау
Рефлексия.
«Аяқталмаған сөйлем»
Мен ....................................................................білдім
Мен.................................................................үйрендім
Маған.................................................................ұнады.
Маған...............................................қиындық туғызды
Менің көңіл-күйім.........................................................
Үйге тапсырма:
Өз тұрғылықты жеріңде соңғы сәтте болып жатқан бір жетістікті өмірлік мәселелермен байланыстыра отырып жеткізетіндей сөзіңді жаз.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.