Шығыс септік. Қазақ тілі, 4 сынып, дидактикалық материал. 78 сабақ
78-сабақ.Табиғат құбылыстары
Дидактикалық материалдар
Сабақ тақырыбы: Шығыс септік.
№1. Мәтінді түсініп оқы.
Қайшыауыз
Бұл құсты ерекше тұмсығына қарап, бірден айыруға болады. Оның тұмсығы қайшы тәрізді айқасып тұрады. Қайшыауыз деп аталуы да содан.
Қайшыауыз жұмыртқаны қыста салып, қыста балапан шығарады. Сыртта қатты аяз кезінде қызылшақа балапандар ұяда жатады. Әрине, ұясы жылы, анасы үнемі балапандарын қанатының астына алады.
Қайшыауыз балапандарына қыста жақсы тамақ керек. Бұл құстың тамағы - шырша бүрлері. Ал шыршаның жаңғағы қыста піседі. Оларға қыс қорқынышты емес.
Ю.Дмитриев.
№2. Сызбадағы жалғауларға сай келетін зат есімдерді тап.
Зат есімдер | Жалғаулар |
... | -нан |
... | -нен |
... | -тан |
... | -тен |
... | -дан |
... | -ден |
№3. Көп нүктенің орнына тиісті жалғауларды қойып жаз.
1.Ақыл жас... шығар, асыл тас.... шығар. 2.Отан от... да ыстық.
3.Бір жең... қол шығар, бір жаға... бас шығар. 4.Барлық өнер... сөз өнері күшті.
Септіктер | Сұрақтары | Жалғаулары | |
1 | Атау септік | Кім? Не? Кімдер? Нелер? | - |
2 | Ілік септік | Кімнің?Ненің? Кімдердің? Нелердің? | -ның, -нің, -дың, -дің, -тың, -тің |
3 | Барыс септік | Кімге? Неге? Кімдерге? Нелерге? Қайда? | -ға,-ге,-қа,-ке |
4 | Табыс септік | Кімді? Нені? Кімдерді? Нелерді? | -ны,-ні,-ды,-ді, -ты,-ті |
5 | Жатыс септік | Кімде? Неде? Кімдерде? Нелерде?Қайда? | -да,-де,-та,-те |
6 | Шығыс септік | Кімнен? Неден? Кімдерден? Нелерден? Қайдан? | –нан –нен -тан –тен –дан –ден |
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.