Ілік септік. Қазақ тілі, 4 сынып, сабақ жоспары. 73 сабақ


Қысқа мерзімді жоспар

Пән Қазақ тілі

Бөлім Табиғат құбылыстары

№ 73абақ. Тақырыбы № Ілік септік

Мектеп:

Күні: 3-тоқсан

Мұғалімнің аты-жөні: Ж.М.Жарылғасова

Сынып: 4

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Оқу мақсаты:

4.1.3.1 - сұхбаттасының жасын, жай-күйін ескере отырып, белгілі бір тақырып аясында тілдік нормаларды сақтап әңгімелесу

4.4.2.3 - зат есімді септеу, тәуелденген сөздердің септелуін білу.

Сабақтың

мақсаты:

Барлық оқушылар:

Тілдік нормаларды сақтай отырып, берілген тақырып аясында диалогке қатысады; мұғалімнің көмегімен зат есімдерді септейді.

Оқушылардың көбі:

сөзін жүйелі түрде жоспарлап, тілдік нормаларды сақтай отырып, берілген тақырып аясында диалогке қатысады;зат есімдерге сұрақ қою арқылы септейді.

Оқушылардың кейбірі:

тілдік нормаларды сақтай отырып, берілген тақырып аясында диалогке қатысады, диалогте рөлдерді (тыңдаушы, сөйлеуші) еркін алмастыра алады; өз бетімен зат есімдерді септейді.

 Бағалау

критерийлері

Берілген тақырып бойынша диалог құрастырады.

Сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды.

Зат есімдерді септейді.

Тірек сөздер

Пәндік терминология мен тірек сөздер

Зат есімнің септелуі. Ілік септік. Сұрақтары.Септік жалғаулары.

Сабақта диалог /жазу үшін пайдаланылатын тіл:

-Табиғи апат деген не?

-Жер сілкінісі кезінде қалай қорғану керек?

-Ілік септігінің атау септігінен айырмашылығы неде?

 Құндылықтар

Белсенді қарым-қатынас,өзіндік бақылау мен бағалауды, шешім қабылдауды үйрену және дамыту.

 Пәнаралық байланыс

Әдебиеттік оқу, дүниетану.

 АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақта

Алдыңғы меңгерілген білім

Зат есім. Зат есімнің септелуі.Атау септік. Ілік септік. Морфологиялық талдау.

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Сабақта жоспарланғаніс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

(Ж)1.Ұйымдастыру бөлімі. Оқушыларға өткен сабақты еске түсіру үшін «Жұбын тап» ойыны жүргізіледі. Барлық жұпқа бірдей тапсырма беріледі. Тапсырма жұппен орындалады. Мұнда Берілген сөздерді мағынасына қарай сәйкестендіріп, сөз тіркесін жасау.

Балықшының күнделігі

Селдің түбі

Көлдің ыстығы

Ағаштың сүйегі

Күннің қаупі

Балықтың тамыры

Асқардың қайығы.

Үлгі. Балықшының қайығы, селдің қаупі,көлдің түбі, ағаштың тамыры, күннің ыстығы, балықтың сүйегі, Асқардың күнделігі

Талдау1.Септік жалғауларының ішінде бір ғана септік жалғауында, ілік септігі жалғаулары ң дыбысы кездеседі. Ілік септігінің сұрақтары кімнің? ненің? ң дыбысымен аяқталады.

2.Ілік септігі жалғауларының түбір сөзге әртүрлі жалғану себебі айтылады.

Сабақ тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлері хабарланады.

Қосымша материал№1

Сабақтың ортасы

15 минут

15 минут

(Т) 4.1.3.1 - сұхбаттасының жасын, жай-күйін ескере отырып, белгілі бір тақырып аясында тілдік нормаларды сақтап әңгімелесу.

1-тапсырма. Оқушылардың назарына экраннан табиғат апаттары суреті ұсынылады. Бұл тапсырма «Ассоциация» әдісі арқылы орындалады. Оқушылар қағазға шеңбер сызып, ортасына «табиғат апаттары» деп жазады. Ең алдымен, жұпта, содан соң шағын топта талқылайды. Барлық топтардың табиғат апаттары туралы жазған ақпараттарынан презентация жасалады. Мұнда тақырып бойынша алынған бүкіл ақпараттың тізімі жасалады. Оқушылар әдебиеттік оқу, дүниетану бойынша алған білімдерін күнделікті өмірмен байланыстыра отырып айтады.

(Т)2-қадам. Оқушылар диалог құрастырады. Диалог мынадай мәселені қамту керек.

1. Жер сілкінісі жағдайында не істеу қажет?

Дескриптор:

-тақырыпқа сәйкес сұрақ қояды;

- сұрақтарға лайықты жауап береді;

- ұсынылған мәселелерді қамтиды;

- сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды.

Қалыптастырушы бағалау өзара бағалау арқылы жүзеге асырылады.

(Ж)4.4.2.3 - зат есімді септеу, тәуелденген сөздердің септелуін білу.

1-тапсырма. Үлгерімі төмен оқушылар берілген сөздерді қай септікте тұрғанын анықтай отырып, семантикалық картаны толтырады.

Сөздер

Сұрағы

Септік атауы

аспан

қолшатырдың

егіншілер

өзеннің

тастар

кемпірқосақ

Құтжол

Қабілеті жоғары оқушыларға сөздер беріледі. Сол сөздің синонимін тауып, ілік септігін жалғап жазады.

Оқушы (шәкірттің, үйренушінің)

Жерсілкінісі (апаттың, катаклизмнің, зілзаланың, жерсілкінуінің)

Батыр (ердің, қаһарманның)

Халық (елдің, жұрттың, қауымның)

2-тапсырма. Сөйлемдерді тиісті тыныс белгісін қойып, көшіріп жазады. Ілік септігіндегі сөздерді табады.

Дескриптор:

  • тыныс белгілерін дұрыс қояды;
  • Ілік септігіндегі сөздерді табады.

Қалыптастырушы бағалау өзара бағалау арқылы жүзеге асырылады.

Слайд

Слайд

Қосымша материал №2

Қосымша материал №3

Сабақтың соңы

5 минут

Кері байланыс. Оқушылардың сабақты қаншалықты меңгергенін тексеруі үшін жүргізіледі.

Бағалау критерийлері

Қолым

нан келеді

Көмек

қажет

Тақырыпқа сәйкес сұрақ қоя аламын

Сұрақтарға жауап бере аламын

Сөйлемнен ілік септігін таба аламын.

Үй тапсырмасы оқулықтағы 43-жаттығу:

- мұз үстіндегі төтенше жағдайдан қорғану кезінде дұрыс болатын әрекетті белгілеу;

-берілген сөздерден зат есімдерді тауып, ілік септігінің жалғауын жалғау.

Слайд

Қосымша ақпарат

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау. Сабақты қорытындылау кезеңіндегі сұраққа жауап алғанда қабілеті жоғары оқушылардың өзіндік ой-пікір күтіледі. Әр топта оқушылардың түгелдей сабаққа қатысуын қадағалау.

Қалыптастырушы бағалауда дескриптор арқылы бағаланады.

АҚТ қолдану кезіндегі және жазу кезіндегі қауіпсіздік ережесі айтылады.

Сабақ бойынша рефлексия

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)

1.

2.

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1.

2.

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім? Келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.