Ілік септік. Қазақ тілі, 4 сынып, сабақ жоспары. 72 сабақ


Қысқа мерзімді жоспар

Пән Қазақ тілі

Бөлім Табиғат құбылыстары

№ 72абақ. Тақырыбы №Ілік септік

Мектеп:

Күні: 3-тоқсан

Мұғалімнің аты-жөні: Ж.М.Жарылғасова

Сынып: 4

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Оқу мақсаты:

4.2.3.1 - мәтін мазмұны бойынша шешім табуға бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру.

4.4.2.3 - зат есімді септеу, тәуелденген сөздердің септелуін білу.

Сабақтың

мақсаты:

Барлық оқушылар:

мәтін мазмұны бойынша шешім табуға бағытталған сұрақтарға жауап береді; мұғалімнің көмегімен зат есімдерді септейді.

Оқушылардың көбі:

мәтін мазмұны бойынша шешім табуға бағытталған сұрақтар құрастырады және сұрақтарға жауап береді; зат есімдерге сұрақ қою арқылы септейді.

Оқушылардың кейбірі:

мәтін мазмұны бойынша шешім табуға бағытталған сұрақтар құрастырады және өз жауабын негіздеп жауап береді; өз бетімен зат есімдерді септейді.

 Бағалау

критерийлері

  • Мәтін мазмұны бойынша шешім табуға бағытталған сұрақ құрастырады.
  • Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді.
  • Зат есімдерді септейді.

Тірек сөздер

Пәндік терминология мен тірек сөздер

Зат есімнің септелуі. Септік атаулары. Сұрақтары.Септік жалғаулары.

Сабақта диалог /жазу үшін пайдаланылатын тіл:

-Табиғи апат деген не?

-Сел деген не?

-Ілік септігі дегеніміз не?

-Сөйлемде ілік септігі қандай қызмет атқарады?

 Құндылықтар

Белсенді қарым-қатынас,өзіндік бақылау мен бағалауды, шешім қабылдауды үйрену және дамыту.

 Пәнаралық байланыс

Әдебиеттік оқу, дүниетану.

 АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақта

Алдыңғы меңгерілген білім

Зат есім. Зат есімнің септелуі.Морфологиялық талдау.

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Сабақта жоспарланғаніс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

(Ұ)1.Ұйымдастыру бөлімі. «Кім тапқыр?» ойыны. Бұл ойынның ерекшелігі барлық сөздер С әрпінен басталады және үш әріптен тұрады.

1

С

2

С

3

С

4

С

5

С

6

С

7

С

1. Ауру сөзінің антонимі

2.Таза балшық

3. Өте қырағы

4.Судың апаты

5. Мен және ...

6. Қозғалған мұз

7. Түр-түстің атауы

-Осы сөздердің ішінде қай сөздер табиғат құбылысна жатады?

Сабақ тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлері хабарланады.

Слайд

Сабақтың ортасы

15 минут

(Т) 4.2.3.1 - мәтін мазмұны бойынша шешім табуға бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру.

1-тапсырма. 1-қадам. Тақтадан сең мен селдің суреті көресетіледі. Топқа парақ қағаз беріледі. Ақылдаса отырып, кестені толтыру қажет.

Пайдасы

Зияны

Сең

Көл, өзен суы

молаяды-бұл табиғат құбылысы

Өзен-көлдің аумағын су басуы мүмкін.

Сел

-

Табиғи апат

Сең

Сел

2-қадам. Оқушылар оқулықтағы сел апаты туралы мәтінді оқиды.

3-қадам. Тапсырма «Балық қаңқасы» әдісі арқылы жүргізіледі.

Себептері

МәселеҚорытынды

Дәлелдер

Балық қаңқасының басында мәтінде қарастырылатын мәселе жазылады (селдің қаупі), қабырғаларына проблеманың себептері белгіленеді, төменгі сүйекшелерінде себепті нақтылайтын дәйектер жазылады. Құйрығында қорытынды жазылады (селден қорғану).

4-қадам. Шешім табуға бағытталған сұрақтар дайындалады. Сұрақтарды келесі топқа ұсынады. Оқушылар жауап береді.

Дескриптор:

-мәтін бойынша шешім табуға бағытталған сұрақ құрастырады;

-сұраққа дәлелді жауап береді.

Қалыптастырушы бағалау өзара бағалау арқылы жүзеге асырылады.

(Ж)4.4.2.3 - зат есімді септеу, тәуелденген сөздердің септелуін білу.

1-тапсырма. 1-қадам. Мәтіндегі қарамен жазылған сөздерді дәптерлеріне жазып алады.

2-қадам. Сол сөздерге сұрақ қояды.

3-қадам. Зат есімнің септелуіндегі кесте бойынша оқушылардың өздері түсінік береді.

-Кімнің? Ненің? сұрақтарына жауап беретін сөздер қай септікте орналасқан?

-Жалғаулары қандай?

-Неліктен ілік септігі дейді?

-Септікте ілік септігі нешінші орында тұр?

-Сөйлемде қай сөйлем мүшесі болады?

Ілік септіктегі зат есімдер кімнің? ненің? кімдердің? нелердің? деген сұрақтарға жауап береді. Жалғаулары –ның, -нің, -дың, -дің. Ілік септіктегі сөздер сөйлемде тұрлаусыз мүше (анықтауыш) болады.

2-тапсырма. Оқушыларға екі түрлі тапсырма беріледі. Үлгерімі төмен оқушыларға:

-Сөйлемдерді көшіріп жазады. Ілік септігіндегі сөздерді тауып, морфологиялық талдау жасайды.

1.Теңіздің суы ащы. 2.Селдің қаупі жөнінде хабеар беретін жүйелер жасалды. 3.Көмекке ауылдың адамдары келді. 4.Күннің ыстығынан қатты шөлдедім.

Қабілеті жоғары оқушыларға:

- Тапсырма «Суреттер сөйлейді» әдісі бойынша беріледі.Берілген суреттерді қатыстырып, ілік септігі бар сөйлем құрап жаз.

Үлгі Өзеннің суы мөп-мөлдір. Жайынның басы жалпақ. Альпинистер таудың басына шықты. Анамның телефонынан билетке тапсырыс жасадық.

Дескриптор

  • ілік септігін анықтайды;
  • берілген сөздің ерекшелігін түсіндіреді;

Плакат немесе қағаздар,фломастер, маркер

Қосымша материал№1

Слайд

Слайд

Қосымша материал №2

Қосымша материал №3

Қосымша материал №4

Сабақтың соңы

5 минут

Кері байланыс. Оқушылардың сабақты қаншалықты меңгергенін тексеруі үшін жүргізіледі.

Бағалау критерийлері

Қолым

нан келеді

Көмек

қажет

Мәтін бойынша шешім табуға бағытталған сұрақ құрастыра аламын

Сұрақтарға жауап бере аламын

Сөйлемнен ілік септігін таба аламын.

Үй тапсырмасы оқулықтағы 39-жаттығу:

-сөздерге берілген жалғаулардың тиістісін жалғау арқылы ілік септігіндегі сөз жасау;

-сол сөздерге сөйлем құрау.

Слайд

Қосымша ақпарат

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау. Сабақты қорытындылау кезеңіндегі сұраққа жауап алғанда қабілеті жоғары оқушылардың өзіндік ой-пікір күтіледі. Әр топта оқушылардың түгелдей сабаққа қатысуын қадағалау.

Қалыптастырушы бағалауда дескриптор арқылы бағаланады.

АҚТ қолдану кезіндегі және жазу кезіндегі қауіпсіздік ережесі айтылады.

Сабақ бойынша рефлексия

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)

1.

2.

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1.

2.

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім? Келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.