2_Қазақ тілі_3 сынып_6-бөлім_Атақты тұлғалар_№11сабақ_Өмірбаян.Болымды және болымсыз етістік_ПРЕЗЕНТАЦИЯ
«Қазақ тілі» пәні
3-сынып
6-бөлім. «Атақты тұлғалар»
Сабақ тақырыбы:
№ 11сабақ. Өмірбаян. Болымды және болымсыз етістік
Өткенді қайталау
Сұрақтар:
-Зат қандай мәтінде нақты суреттеледі? /Ғылыми мәтінде/
-Зат қандай мәтінде бейнелі суреттеледі? /Көркем мәтінде/
-Ғылыми мәтінде не туралы айтылады? /Онда заттың қайда кездесетіні, сыртқы бейнесі (түрі), адамның қалай пайдаланатыны ескеріледі/
-Көркем мәтінде ше? /Зат немесе оқиға туралы бейнелі суреттеледі/
Сабақтың мақсаты
3.2.6.1 мұғалімнің қолдауымен ұқсас тақырыпта берілген мәтін түрлерін, стилін (көркем мәтін, ғылыми-танымдық мәтін), жанрын салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табу;
3.4.2.5 болымды және болымсыз етістіктердің айырмашылығын анықтау;
3.3.2.1 өзіндік іс-әрекеті баяндалған күнделік, өмірбаян, хабарландыру жазу.
Бағалау критерийлері
- мәтіндердің ұқсастығы мен ерекшеліктерін сипаттайды;
- болымды және болымсыз етістіктерді ажыратады;
- өз өмірбаянын каллиграфиялық дағдыларды сақтап жазады.
«Өмірбаян» мәтінінің стилін анықтауға байланысты сұрақтар:
1. Адамның өмірі туралы әңгіме қалай аталады? /Өмірбаян/
2. Өмірбаян қай кездерде жазылады? /Оқуға тапсырғанда, жаңа жұмысқа тұрғанда т.б./
3. Өмірбаянда қандай ақпараттар жазылады? /Онда туған жылы, күні, айы және туған жері, ұлты, отбасы мүшелері т.б. маңызды ақпараттар жазылады/
4. Ол қандай құжат болып табылады? /Ресми құжат/
5. Олай болса, өмірбаян қандай әдеби стильге жатады? /Ресми іс қағаздар стиліне жатады/
«Құлын мінген бала» мәтінінің стилін анықтауға байланысты сұрақтар:
1. Оқиға қалай баяндалған? /Бейнелі суреттелген, көркемдеуіш сөздер қолданылған/
2. Автордың көзқарасы қалай берілген? /Автордың сезімі, көңіл-күйі қоса берілген/
3. Олай болса, бұл мәтін қандай мәтін болып табылады? /Көркем мәтін болып табылады/
Болымсыз етістіктерді болымды етістіктерге айналдыру үлгісі:
Болымсыз етістіктер Болымды етістіктер
күймейсің, күйме күй
сатпа сат
білмеген, білме біл
алмас, алма ал
сыйламау, сыйлама сыйла
етпеу, етпе ет
аянба аян
соғыспасаң, соғыспа соғыс
алмайсың, алма ал
Болымды етістіктерді болымсыз етістіктерге айналдыру үлгісі:
Болымды етістіктер Болымсыз етістіктер
түс түспе
біле, біл білме
үзе, үз үзбе
күйрете, күйре күйреме
Өзін-өзі бағалау кестесі
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.