2.Қазақ тілі_3сынып_5 бөлім_Өнер__Зат есімнің тәуелденуі Презентация


Қазақ тілі

3 -сынып

5 -бөлім 80-сабақ

Зат есімнің тәуелденуі

(Қазақ тілі. Жалпы білім беретін мектептің 3-сыныбына арналған оқулық 2-бөлім «Атамұра» 2018ж.

Ә.Е.Жұмабаева, Г.И.Уайсова, Г.Т.Сәдуақас )

Бағалау критерийлері:

Мәтін мазмұны бойынша бағытталған сұрақтарға жауап береді;

Тәуелдік жалғауларының қолданысын біледі

Фотосуретті пайдаланып, көмекші сөздер арқылы пайымдау мәтінін құрап жазады;

Шаттық шеңбер

Шеңбер болып тұрайық, жылы жүзбен,

Бізге келсін қуаныш, нұр іздеген.

Шуақ толған жанымыз, жүрегіміз,

Үлгі алсын көрген жан бізден.

 

Күлімдеген күн бүгін,

Қарады маған.

Күлімдеген күн бүгін,

Қарады саған да.

Шуағын төгіп тұр.

Миға шабуыл

«Пазл» әдісі

1,2,3 санау арқылы топқа бірігеді. Әр топқа пазлдар берілді.Сол пазлда берілген суреттегі заттың атын атау.Заттың атын білдіретін сөзді жекеше, көпше түрде тәуелдеп атап беру.

1-топ: Қобыз 2-топ: Сырнай

3-топ:Домбыра

( М.К Т ) 56-жаттығу «Пікірлер базары» әдісі

1-топ: Өлеңді түсініп оқы. Сұрақтарға жауап бер.(қолдау қажет ететін деңгей)

1. Ғарышқа ұшу қалай пайда болды?

2. Адам қайықты қалай ойлап тапты?

3. Бу мәшинесі қалай дүниеге келді?

2-топ: Адам табиғат құбылыстарының тағы нені үйренуі мүмкін екенін топта талқылап жаз.( қабілеті жоғары деңгей)

3-топ: Өлеңнен тәуелдеулі сөзді тап. Сол сөзді үш жақта жекеше, көпше түрде тәуелдеп жаз.(аралас деңгей)

(Ж ) 57-жаттығу «Тапқыштар» әдісі

Сөзжұмбақы шеш.Сөзжұмбақтың шешуіндегі сөзді тәуелдеп жаз.

1. Құйрығы айыр құс.

2. Балды жақсы көретін аң.

3 Оқу құралы.

4. Қысы-жазы жасыл түстегі ағаш.

5. Жаңбырдан кейін шығатын түрлі түсті доға

Сергіту сәті: Бейнежазба «Адырна» Адырнаның дыбысын тыңдау және музыкалық аспаптың қалай жасалтынын көру.

(М.К Ж.Ж) 58-жаттығу«Бұл қандай әңгіме?» әдісі

Төмендегі сөйлемдердерден «Адырна» мәтінін құрастырыңдар. Сөйлемдерді реттілігін сақтап мәтін құрастырыңдар.

Алдымен, сонан соң, сонан кейін, ақырында сөздерін пайдаланып, «Зат есімді талдау үшін не істеймін?» тақырыбында 7-8 сөйлемнен тұратын мәтін құрастыр.

Рефлексия «Жетістік» әдісі

Оқушылардан мына сөйлемдерді толықтыру сұралады:

1. Мен мына үш жағдайда жетістікке жеттім деп ойлаймын...

2. Мен келесі жолы мұны тіпті жақсырақ орындай алар едім, егер ...

3. Егер мен мұны қайта орныдайтын болсам және оны өзіме тиімді етіп бейімдер болсам, онда мен ...... жасар едім.

Үйге тапсырма: 59- жаттығу



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.