Жарық поляризациясы. №3 Зертханалық жұмыс. Жарық поляризациясын бақылау. Физика, 11 сынып, презентация.


1-ші сабақ

Жарық поляризациясы.

https://www.youtube.com/watch?v=L3Hbr_ObTn0

Бейнероликті көре отырып оқушы төменде берілген сұрақтарға жауап береді.

Қай кезде жарық жоғары көрінді?

Бұл тәжірибені қалай түсіндіруге болады?

Поляроидтар қалай дайындалған?

Бұл құбылысты механикалық құрылғының көмегімен қалай түсіндірген?

Серіппені параллель серпігенде толқын пайда болды ма? Көлденен серпігенде не байқадыңдаржәне оны қалай түсіндіресіндер?

Өріс векторының тербеліс бағыты мен тербелістер таралатын бағыт арқылы өтетін жазықтық поляризацияланған жарықтың тербеліс жазықтығы деп, ал оған перпендикуляр жазықтық поляризациялану жазықтығы деп аталады.

Поляризатор – поляризацияланған жарық шығаратын құрал.

Анализатор жарықтың поляризациялану дәрежесін анықтауға пайдаланатын құрал.

Сәуленің қосарлана сынуы

Кейбір кристалдар арқылы жарық сәулесі өткенде, ол екі сәулеге бөлінеді.Бұл құбылысты сәуленің қосарлана сынуы деп аталады. Оны сәуле жолына қойылған исланд шпатынан жасалған пластинкадан өткенде анық байқалады. Исланд шпаты кристалына түскен монохрамат сәуле сынып екіге, яғни кәдімгі сәуле және өзгеше сәуле болып таралады.

Жарық поляризациясының қолданылуы

1. Поляроидты көзілдіріктер;

Автомобильдердің фаралары мен маңдай әйнектеріне жұқа қабықшадан поляроид қабатын жалату

Ерітіндіде қанттың бар екендігін анықтау;

Фотоаппараттар мен бейнекамералардың объективтеріне жұқа қабықшадан поляроид қабатын жалату

2-ші сабақ

№3 Зертханалық жұмыс. Жарық поляризациясын бақылау.

ОМ:11.6.1.3 - жарықтың поляризациясын тәжірибеде бақылау

Зертханалық жұмыстың мақсаты:

1. Екі поляроид арқылы өткен жарық интенсивтілігінің олардың бір-біріне бағытталуына тəуелділігін зерттеу.

2. Шағылудағы жарық поляризациясын бақылау жəне оның шағылдырушы зат материалына жəне түсу бұрышына тəуелділігін анықтау.

Қажетті құралдар:

Ток көзі, шам, кілт, саңылауы бар экран, 2 дана поляроидтар, магнит ұстатқыш 2 дана, айна, планшет, мөлдір пластина.

Қосымша сұрақтар:

Жарық толқынының көлденең толқын екенін оның поляризация құбылысы арқылы қалай дәлелденеді?

Қандай жарық жазық поляризацияланған делінеді?

Поляризаторға жазық поляризацияланған сәуле түседі. Неге поляризаторды сәуле төңірегінде айналдырғанда өткен сәуленің қарқындылығы төмендейді?

Қай жағдайда анизатропты кристалдан сәуле өткенде оның қосарлану байқалмайды?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.