Изопроцестер. Физика, 10 сынып, сабақ жоспары.


«Келісілді»

ӘБ жетекшісі____________________

Мектеп:

Мұғалім:

Физика пәні бойынша № 22 ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ САБАҚ ЖОСПАРЫ

Күні:

Сынып:

Бөлім : ГАЗ ЗАҢДАРЫ

Сабақтың тақырыбы

Изопроцестер.

Оқу мақсаттары

10.2.2.1 - идеал газ күйінің негізгі теңдеуін қолдану және изопроцестер графиктерін ажырату;

Сабақтың мақсаты

Оқушылар:

  • газ заңдарын қолданып, есептер шығару;
  • изороцестер графиктерін оқи алу және әртүрлі координаттарда графиктер тұрғыза алу;
  • өз жауаптарын МКТ тұрғысынан негіздей алу.

Бағалау критерийлері

  • Бойль-Мариотт заңын қолданады, изотермалық процесс графигін сала алады және түсіндіреді;
  • Гей- Люссак заңын қолданады, изобаралық процесс графигін сала алады және түсіндіреді;
  • Шарль заңын қолданады, изохоралық процесс графигін сала алады және түсіндіреді.

 Тілдік мақсаттар

Тілдік лексика және терминология:

Газ заңдары, Бойль-Мариотт заңы, Гей- Люссак заңы, Шарль заңы, изопроцестер, изотермия, изохора, изобара.

Бойль-Мариотт заңы ....

Гей- Люссак заңы ....

Шарль заңы ...

Изотермиялық процесс графигі…

Изобаралық процесс графигі…

Изохоралық процесс графигі…

 Пәнаралық байланыс

Химия (8 сынып): заттардың қасиеттерін молекулалық құрылымы арқылы түсіндіру

 АКТ-ны қолдану дағдылары

Жазылым, айтылым және оқып үйрену дағдыларын дамыту.

Интернет-ресурспен жұмыс жасағанда, зертханалық жұмысты орындағанда жүзеге асады.

 Алдыңғы білім

Физика-8: газ қысымы, температура; Физика-10: идеал газ күйінің теңдеуі.

Сабақ барысы

Жоспарлан-ған сабақ кезеңі

Сабақтағы жоспарланған іс-шаралар

Ресурстар

Білімнің өзектілігі

0-2 мин

(W) Сабақтың басталуы (амандасу, түгендеу)

(f)(W) Оқушыларға идеал газдың макро және микро параметрлерін жазуды ұсыну.

Газ күйін сипаттау үшін қай шамаларды қолданған ыңғайлы?

Мақсат қою

2-5 мин

(W). Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаттарын/ негізгі мақсаттарын тұжырымдау және жазу.

Оқушыларға сабақтың мақсатын, бағалау критерийлерін, күтілетін нәтижені талқылауды ұсыну.

Жаңа материалды игеру

5-20 мин

20-25 мин

(G) Оқушыларды үш шағын топқа бөлу («Изотерма, Изобара, Изохора»).

1.Оқушылар оқулықпен жұмыс істеп, жаңа материалды өз беттерінше игереді.

2.Әр топ оқыған материалдары бойынша басқа топтарға таныстырылым дайындайды.

Әр топ 6 минут дайындалады және әр топ 2 минут ішінде бір изопроцесс түрін сыныпқа түсіндіреді.

Оқушылар Бойль-Мариотт заңын, Гей- Люссак заңын және Шарль заңының теңдеулерін қорытып шығарады.

Топтар өздерін өздері алдын-ала ұсынылған бағалау критерийлері бойынша бағалайды.

(T/D) Изопроцестердің графиктері.

МКТ негізінде графиктерді түсіндіру.

Графиктік есептерді шығарудың әдісін көрсету, изопроцестерді РV, PT, VT координаттарында кескіндеуді көрсету.

Макроскопиялық шамаларды салыстыру әдісі:

  • бір шаманы тұрақты деп қарастырып, графиктермен қиылысатын сызық сызу;
  • Графиктермен қиылысқан нүктеден екінші координата осіне перпендикуляр түсіру;
  • Салыстыру.

Оқулық:Физика, «Мектеп».

Билим лэнд:

https://bilimland.kz/ru/courses/physics-ru/molekulyarnaya-fizika/osnovy-mkt/lesson/osnovnoe-uravnenie-molekulyarno-kineticheskoi-teorii

http://quantumfreak.com/derivation-of-pvnrt-the-equation-of-ideal-gas/

Открытая физика:

https://physics.ru/courses/op25part1/content/chapter3/section/paragraph3/theory.html#.W5pGdM4zbIUФлипчарттар/ тақта

PowerPoint

Тәжірибелер:

https://www.vascak.cz/data/android/physicsatschool/templateimg.php?s=mf_izotermicky_dej&l=ru

https://www.vascak.cz/data/android/physicsatschool/template.php?s=mf_izobaricky_dej&l=ru

https://www.vascak.cz/data/android/physicsatschool/template.php?s=mf_izochoricky_dej&l=ru

Жаңа материалды бекіту

25-35 мин

Графиктік және сандық есептерді шешу.

(W) Суретте көрсетілген графиктерді, процестерді ата.

(І) Әр топқа график тапсырмалар беріледі (Қосымша 1).

Оқушылар графикте қандай процес көрсетілгенін жазады және Осы процестерді сипаттайтын графиктерді басқа координаттарда тұрғызады.

(Рымкевич А.П., Физика есептерінің жинағынан)

493-496-Р,

515-518-Р,

525-528-Р,

536-539-Р.

немесе 2.123, 2.124, 2.131, 2.132

(Тұяқбаев С., Тынтаева Ш., Бақынов Ж.. Физика, Есептер жинағынан)

Өзара тексеру: оқушылар жауап парақтарымен алмасып, дұрыс жауабын тақтадан көріп тексереді.

Бағалау критерилері:

  • Изотерманың графигін біледі және қалған параметрлердің арасындағы тәуелділікті формула арқылы сипаттай алады.
  • Изохора графигін біледі және қалған параметрлердің арасындағы тәуелділікті формула арқылы сипаттай алады.
  • Изобара графигін біледі және қалған параметрлердің арасындағы тәуелділікті формула арқылы сипаттай алады.

Слайд PPt

Қосымша

Рымкевич А.П., Физика есептерінің жинағы

Тұяқбаев С., Тынтаева Ш., Бақынов Ж.. Физика, Есептер жинағы, «Мектеп», 2010

Үлестірме қағаздар

35-38 мин

38-40 мин

Рефлексия

Сабақты қорытындылау, бекіту.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабаққа рефлексия жасау кезінде берілген сұрақтарға жауап беруге тырысыңыз. Сұрақтың құрылымын жабасаңыз болады.

  • Оқушылардың барлығы оқу мақсатына жетті ме? Жетпесе, неліктен?
  • Қолданылған дифференциация сабақтың мақсатына жетуге қалай ықпал етті?
  • Сабақ кезеңдері уақытқа сай жүзеге асты ма?
  • Сабақ жоспарында қандай ауытқулар болды? Неліктен?
  • Сабақты жақсартуда не ықпал етер еді (оқыту мен оқу туралы ойланыңыз)?

G =топтық немесе жұптық жұмыс f=формативті бағалау

I = жеке жұмыс D= демонстрация

W = бүкіл сыныппен жұмыс T= мұғалім



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.