Күш. Күштердің қосындысы. Ньютон заңдары. Физика, 10 сынып, презентация.


Күш. Теңәсерлі күш. Ньютон заңдары

Сабақ мақсаты

10.1.2.1 – Ньютон заңдарын түсіну және теңәсерлі күшті анықтау

Бағалау критерийлері

Ньютон заңдары бойынша мысалдарды түсіндіріп, есептерді шығарады;

Ньютон заңдарының әділеттілігін растайтын тәжірибелерді түсіндіре алады

Дененің қандай шарттарда тыныш қалыпта болатынын, қандай шарттарда бірқалыпты қозғалатынын біледі;

Дене қозғалысы жылдамдығының өзгеру себебін біледі

Инерция (лат. іnertіa – әрекетсіздік), материялық денелердің механикадағы Ньютонның 1-және 2-заңдарында көрініс табатын қасиеті. Денеге сыртқы әсерлер (күштер) болмаған кезде немесе олар теңгерілген кезде, инерция дененің инерциялық санақ жүйесі деп аталатын жүйеге қатысты өзінің қозғалыс күйін немесе тыныштығын сақтайтындығынан білінеді.

Егер денеге басқа денелер әрекет етпесе немесе олардың әрекеті теңгерілген болса, онда дене не тыныштықтағы күйін сақтайды, не түзусызықты және бірқалыпты қозғалысын жалғастырады деген қорытындыға келген болатын. Бұл — инерция заңы. И. Ньютон инерция заңын механика негізіне енгізді, сондықтан бұл заңды Ньютонның бірінші заңы деп атайды.

Түсіндірме сурет

Инерциалды жүйелерде материалдық нүктенің алатын үдеуі, оны тудыратын күшке тура пропорционал, бағыты бойынша бағыттас және материалдық нүктенің массасына кері пропорционал

Түсіндірме сурет

Әрекет етуші күшке әрқашан тең қарсы әрекет етуші күш бар болады. Басқаша айтқанда, денелердің бір-біріне әрекет етуші күштері модулі бойынша өзара тең және бағыттары қарама-қарсы

Түсіндірме сурет



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.