Математикалық және серіппелі маятниктердің тербелістері. Физика, 11 сынып, презентация.
Маятниктер
9.3С – Тербелістер
Мақсат
9.2.5.4 – маятниктердің түрлерін білу және олардың тербелістерін сипаттау
Бағалау критерийлері:
Математикалық және серіппелі маятниктердің анықтамасын біледі.
Есептер шығару кезінде математикалық және серіппелі маятниктің периодын анықтау формуласын қолданады.
Білімдерді негіздеу
1. Физикалық шамалар сызықтық заң бойынша өзгеретін тербелістер гармоникалық тербелістер деп аталады.
2. График бойынша дене синус заңы бойынша тербеліс жасайды (бастапқы фаза нөлге тең).
3. График бойынша амплитуда 0,05 м тең.
4. График бойынша тербеліс периоды 0,45 с
5. Дене а) график бойынша амплитудасы көбірек тербеліспен қозғалады.
6. Дене а) график бойынша жиілігі көбірек тербеліспен қозғалады.
Математикалық маятник деп жіңішке созылмайтын жіпке ілінген өлшемдері үлкен емес денені айтады. Жіптің массасын дененің массасына қатысты елемеуге болады.
Серіппелі маятник деп серіппе мен серіппеге ілінген жүктен тұратын жүйені айтады.
Фуко́ маятнигі — Жердің тәуліктік айналуын эксперименталды демонстрациялауға қолданылатын маятник.
Есептер шығару
Дескрипторлар:
-маятниктің түрін анықтайды;
-маятник периодының формуласын жазады;
- белгісіз шаманы қорытады;
- физикалық шаманың сандық мәнін анықтайды.
1. Массасы 100г дене қатаңдығы 40 Н/м серіппеге бекітілді. Дене тербелісінің жиілігі мен периоды неге тең?
2. Математикалық маятниктің ұзындығы 40 м. Осы маятниктің периоды неге тең?
3. Серіппеге ілінген массасы 0,5 кг дененің тербеліс периоды 0,2 с тең. Серіппенің қатаңдығын анықтаңыз.
4. Еркін түсу үдеуін тәжірибе арқылы анықтап жатқан оқушы 5 минут ішінде 150 тербелісті санап шықты. Егер маятниктің ұзындығы 1 м болатын болса, оқушы еркін түсу үдеуінің қандай мәнін алды?
Рефлексия
- не білдім, не үйрендім.
- не түсініксіз болып қалды.
- немен әлі жұмыс істеу керек.
Үй жұмысы
Формулалар мен анықтамаларды жаттау
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру