Линзалар, линзаның оптикалық күшi, жұқа линзаның формуласы. Физика, 8 сынып, презентация.


Сабақтың тақырыбы

Линзалар, линзаның оптикалық күшi, жұқа линзаның формуласы.

Оқу мақсаты: 8.5.1.11 – жұқа линза формуласын есептер

шығару үшін қолдану;

Ой қозғау.

Сендер линзаның қандай сипаттамаларын білесіңдер?

Линзаның оптикалық күші деп нені айтады?

Линзалар – сфералық беттермен шектелген мөлдір дене. Линза материалы шыны, кварц, кристаллдар, пластмасса болуы мүмкін. Дербес жағдайда линзаның бір беті тегіс болуы мүмкін.

Жинағыш линзалара; шашыратқыш линзаларb.

С12 нүктелері - линзаның сфералық беттерінің центрлері.

О нүктесі линзаның оптикалық центрі. С1 және С2 нүктелерінен өтетін түзу линзаның бас оптикалық осі деп аталады.

Линзаның оптикалық центрі арқылы өтетін түзу қосымша оптикалық ось деп аталады

Жинағыш линза:

Линзаныӊ бас оптикалық осіне параллель түскен сәулелер линзадан сынғаннан

кейін линзаның бас фокусында (шын фокус) қиылысады (а-сурет).

Шашыратқыш линза:

Бас оптикалық оське параллель түскен сәулелер шашыратқыш линзадан

сынғаннан кейін сәулелердің жалған жалғасы линзаның фокусында (жалған фокус)

қиылысады (б).

ОF қашықтығы линзаның фокустық қашықтығы (F, метр).

F нүктесі - линзаның фокусы;

Ф - жазықтығы фокустық жазықтық.

Жұқа линза формуласы

Линзаныӊ оптикалық күшіфокустық қашықтығына кері шама.

D- линзаның оптикалық күші (дптр).

Жинағыш линза үшін: D>0

Шашыратқыш линза үшін: D<0

Бағалау критерийлері:

- жинағыш және шашыратқыш линзалардан өтетін жарық сәулесініӊ жүрістерін сипаттайды;

- линзаларда өтетін жарық сәулелерініӊ жүрісі арқылы линзаныӊ фокусын анықтайды;

- D=1/F формуласын қолданады.

- жұқа линза формуласын есептер шығаруда қолданады

Рефлексия

Үй жұмысы.

Шашыратқыш линзадан нәрсеге дейінгі қашықтық 30 см, ал алынған

кескін линзадан 20 см қашықтықта болса, линзаның фокус аралығы қандай?

2. Фокус аралығы 12 см болатын линзадан оның кескіні екі есе үлкен болу

үшін денені қандай қашықтыққа орналастыру керек?

3. Шашыратқыш линзаның алдында 40 см қашықтықта орналасқан дене

жалған,4 есе кішірейтілген кескін беретін болса, оның фокус аралығы

неге тең?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу