Оркестрде ойнайық. Музыка, 3 сынып, презентация. 4 - сабақ.
3 сынып. 3-бөлім.
Уақыт.Оркестрде ойнайық
Оқу мақсаты
3.1.3.4 - музыкалық жанрлар мен стильдерді анықтау және ажырату
3.1.2.3 - музыкалық штрихтарды қолдана отырып,аспаптарда ойнау дағдыларын көрсету
Сабақ мақсаты
А.Жұбановтың «Би күйін» тыңдаймыз және талдаймыз;
«Оркестр», «дирижер» ұғымымен танысамыз:
С.Апасованың «Біздің оркестр» әнін үйренеміз және орындаймыз.
музыкалық штрихтарды қолдана отырып «Жастар биі» күйін аспаптарда ойнап көрсетеміз.
1-тапсырма. А.Жұбановтың
«Би күйін» түрлі орындауда тыңдаңыз.
https://www.youtube.com/watch?v=EsX_W2BbokQ
https://www.youtube.com/watch?v=Eclh-hg7aTM-
https://www.youtube.com/watch?v=iwE_eYBIdo0
Сұрақтарға жауап беріңіз
Бұл әуен сіздерге таныс па?
Шығарманы кім орындап тұр?
Орындаудағы айырмашылық неде?
Оркестр дегеніміз не?
Оркестрдің қандай түрлері бар?
А.Жұбанов туралы кім біледі?
Дирижердің оркестрдегі рөлі қандай?
Ахмет Қуанұлы Жұбанов (1906-1968) — қазақ музыкасын зерттеуші көрнекті ғалым, әйгілі композитор, дирижер. Қазақстанның халық әртісі, өнертану ғылымының докторы , профессор, академик. 1934 жылы А. Қ. Жұбанов алғаш 11 адамнан құралған домбырашылар ансамблі негізінде Қазақ ұлттық халық оркестрін ұйымдастырды.
.
Музыкалық сөздік
Оркестр–музыкалық шығарманы әр түрлі аспаптарда қосылып орындайтын музыканттар тобы.
Оркестрдің бірнеше түрі бар.
1. Халық аспаптар оркестрі 2. Симфониялық оркестр 3. Әскери оркестр 4. Ішекті аспаптар оркестрі 5. Эстрадалық оркестр 6. Джаз оркестріДирижер (фр. dіrіger – бағыттау, басқару) – музыкалық шығармаларды орындаушылар тобын басқаратын жетекші.
Халық аспаптар оркестрі
Симфониялық
оркестрі
Ішекті аспаптар
оркестрі
Әскери
оркестрі
Эстрадалық
оркестрі
Джаз
оркестрі
3-тапсырма. Орындау.
Е.Тілепбердиевтің сөзіне жазылған Б.Аманжолдың «Жетіген үні» әнін қайталаңыз. Жеке жұппен, топпен орындаңыз.
Орындау және импровизация
Халық күйі «Жастар биін» тыңдаңыз, шағын кіріспесі мен басты әуенін ести отырып орындаңыз. (4-8 такт)
https://www.youtube.com/watch?v=CoqorhTNUaY
https://www.youtube.com/watch?v=iYS7wUpVdbI
«Жастар биі» күйін музыкалық, шулы - музыкалық аспаптармен сүйемелдеп, күйге импровизация жасаңыз.
Орындауды бағалау критерийі
ансамбльді тыңдайды;
ырғақты сақтайды;
ансамбльдегі өз рөлін біледі;
күйді ойнап, импровизация жасайды.
Рефлексия:
Мен бүгін не білдім?
Не жақсы шықты?
Нәтижені қалай жақсартуға болады?
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.