Терме - нақыл сөз. Музыка, 3 сынып, презентация. 3 - сабақ.


Терме – нақыл сөз

Бүгін сабақта

«терме» жанрымен танысамыз;

-Термені тыңдаймыз және талдаймыз;

- «Жақсы және жаман» тақырыбына өз термесін шығарып, соқпалы музыкалық аспаптармен сүймелдеп , терме орындаймыз

Терме — қазақ поэзиясының сонымен қатар вокалды музыка жанры.

Бұл музыкалық-поэзиялық түрдегі өсиет. Терме – ән мен өлеңнін түрі, «теру , тер» сөздері «толтыру, жинау, жиын» мағыналарын береді. Термеде өмір мен өлім, жастық пен кәрілік, жақсылық пен жамандық мәселелері жайлы баяндалады.Терменің қызықтылығы оның маңызды сұрақтарды қозғайтындығында.Асан Қайғы, Қазтуған, Бұқар жырау, Махамбет шығармаларында терме мысалдары жиі кездеседі. Эмоционалды әсерін көтеру үшін термеде музыкалық дыбыстардың ритмикалық түрлері мен қайталаулар жиі кездеседі.

Тыңдалған шығарманы талдауға арналған сұрақтар :

- Бұл терменің бірінші термеден айырмашылығы неде?

- Бұл орындаудың ырғақ, динамика мен сипаты қандай?

- Термеші деген кім? Анықтамасын беріңдер

Речитатив – музыкалық- вокалды шығармадағы әуенді сөйлеу.

2 тапсырма. Музыка шығару және импровизация

Терменің тақырыбын анықтаңдар.

Негізгі сөздерді жазып алыңдар

Негізгі сөздерге ұйқасын (рифма) табыңдар

Әр негізгі сөзге сөйлем құрастырыңдар.

Ритмді соқпалы музыкалық аспаптармен сүймелдей отыра өз орындауларыңды дайындаңдар.

Махамбет «Мен мен едім»

Мен - мен едім, мен едім! 

Мен Нарында жүргенде 

Еңіреген ер едім. 

Исатайдың барында 

Екі тарлан бөрі едім. 

Қай қазақтан кем едім? 

Бір қазақпен тең едім. 

Өздеріңдей хандардың, 

Қарны жуан билердің 

Атандай даусын ақыртып, 

Лауазымын көкке шақыртып, 

Сұлтанын суға сұлатып, 

Ханшасын қақпа алдында жылатып, 

Ернін еттей тесісіп, 

Кеңірдегін кесісіп, 

Жыраға басын түсіріп, 

Жылғадан қанын ағызып, 

Басын кессем деп едім! 

Еділдің бойы ен тоғай - 

Ел қондырсам деп едім. 

Жағалай жатқан сол елге 

Мал толтырсам деп едім. 

Еңсесі биік ақ орда - 

Еріксіз кірсем деп едім. 

Керегесін кескілеп, 

Отын етсем деп едім. 

Туырлығын тескілеп, 

Тоқым етсем деп едім. 

Өзара бағалау

Не жақсы шықты?

Қандай қызықты тақырыптар қолданылды?

Қай жерлерін толықтыру қажет?

Мен бүгін не білдім?

Сабақта не қызықты болды?

Қай тапсырма мен үшін қиын болды?

рефлексия



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу