Уақыт мақал-мәтелдерде. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 7 сынып, презентация.
Сынып жұмысы
Лексикалық тақырып:
Уақыт мақал-мәтелдерде
Оқу мақсаты
О5. Қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді оқу
7.О5. Қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді кесте, диаграмма, сызба, шартты белгілер түрінде ұсыну.
Жетістік критерийлері
І деңгей
Мақалдағы және суреттегі мазмұн сәйкес келеді.
Сахналанған көрініс мазмұны анық, рөлде жақсы ойнады;
ІІ деңгей
Мақалдағы және суреттегі идея негізінен келеді.
Сахналанған көрініс идеясы анық, тәрбиелік мәні бар;
ІІІ деңгей
Мақалдағы және суреттегі идея толық сәйкес келеді.
Сахналанған көрініс өмірмен байланысты.
Тапсырманы тексеріңіздер
Уақыт тас екеш тасты да тоздырады.
Елу жылда ел жаңа.
Уақыт керуеніне бөгет жоқ.
Уақыттың бос өткені - өмірдің бос кеткені.
Жан жарасына уақыт емші.
Жыл деген ат басын бұрғанша,
Ай деген аунап тұрғанша.Әрнәрсе уақытымен қызықты.
Басталған ай – туралған ет.
Уақыт – алтын.
Әр гүлдің иісі өз уақытында аңқиды.
Тапсырмалар
1-тапсырма.
Топқа бөліну. Мақал қағаздарға жазылып, бөліктерге қиылады. Оқушылар бір қағаздан алып, мақалдардың бөліктерін біріктіруге тырысады. Өздерінің нұсқаларын тексеру үшін тақтаға шығарылған толық нұсқасымен сәйкестендіреді.
2-тапсырма. Мақалды оқыңыз.
Мақалдың мазмұнын, астарлы мәнін топта талқылаңыз,
Мәмілеге келіп, мақалдың астарлы мәнін суретке салыңыз, өмірден мысал тауып, сахналанған көрініс дайындаңыз.
Басқа топтарға өз суретіңізді және сахналанған көрінісіңізді көрсетіңіз.
Сұрақтарға жауап беріңіз.
3-тапсырма. Кері байланыс.
Жетістік критерийлері бойынша топқа кері байланыс беріңіз. Әр топ 2 минут сөйлейді.
Өзара бағалау критерийлері
Сурет мақал идеясын ашады;
Мақалдың мәні өмірден келтірілген мысалға сәйкес келеді.
Сахналанған көрініс түсінікті, анық болды.
Рефлексия
Сабақта маған не пайдалы болды?
Сабақта маған не қызықты болды?
Сабақта маған не қиын болды?
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.