Гүл туралы аңыз. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 5 сынып, дидактикалық материал.
Гүл туралы аңыз
Ерте, ерте, ертеде еңбекқор шаруалар әдемі гүлдер өсіретін. Ауыл да, дала да, қала да жайнап тұратын. Бір күні хан: «Гүл өсіруді тоқтатыңдар, олардан пайда жоқ. Барлық гүлдерді құртыңдар да, орнына бидай егіңдер»,-деп жарлық етті. Шаруалар болса: «Гүлді де егейік, дәнді де егейік. Гүл туған жердің сәні ғой. Гүлдерді өлтірмеңіз», - деп жалынды. Бірақ ашулы хан ешкімді тыңдамады. Қызылды - жасылды болып құлпырған гүл бақтарын қиратып, жер бетінде бір де бір гүл қалдырмады. Қаланың да, даланың да сәні кетті. Мерекелерде адамдар бір-біріне гүл сыйлай алмады. Аралар да қайдан бал жинарын білмей, құр ызыңдап ұша берді.
Бір күні хан қатты ауырып қалды. Ұзақ ауырды. Айлар бойы қанша емделсе де, сауықпады. Бір күні бір емші науқасты қарап: «Ауруға бал жегізсе жазылады»,- дейді. Хан не істерін білмей, қатты састы. Үлкен қателік жасағанын түсінді. Бірақ бәрі кеш еді.
Сол кезде топтан бір бала шығып: «Менде гүл де, бал да бар»,-дейді. Бәрі таң қалып, бір-біріне қарады.
Оқиға былай болған еді. Кезінде хан ашуланып бар гүл жойғызғанда, осы бала бір түп гүлді көрсетпей тығып, аман алып қалады. Содан бері ешкімге білдірмей гүлдерді баптап өсіріп, гүлге араларды жіберіп, бал жинай береді. Баланың гүлзар бағын көріп хан да, халық та қатты қуаныпты.
Осы оқиғадан кейін хан қайтадан гүл егуге бұйрық беріпті.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.