Көгершін туралы аңыз №7 сабақ. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.


Тарау: Жанды табиғат

№7 сабақ Көгершін туралы аңыз

№1 Мәтінді оқы

Көгершін – адамдардың сүйікті құсы. Бұрын көгершін хат тасыған. Көгершін туралы аңыздар көп.

Бір күні танымал суретшіге бір өте кедей адам келіпті. Ол суретшіге: «Пабло, сен керемет суретшісің, маған көмектес. Маған бір сурет салып берсең, оны сатамын, тамақ аламын»,-дейді. Пикассо таңқалады. Ол қолына қағаз алып, көгершіннің суретін салып береді.

Мәтін бойынша сұрақтарға жауап бер:

  • Көгершін қандай құс?
  • Адамдар көгершінді не үшін жақсы көрді?
  • Пикассо кім болған?
  • Пикассоға кім келді?
  • Кедей суретшіге не айтты?
  • Суретші ненің суретін салып берді?

№2 (Ж) Оқыған мәтін бойынша сөйлемдерді ретімен нөмірле (1,2,3,4,5).

№3 Мәтінді оқы.

Көгершіндер орманды, таулы жерлерде мекендейді. Олар адамға жақын жүреді. Басы кішкентай, тұмсығы қысқа. Оларды кептер деп те атайды. Ұясында 1 — 2 жұмыртқасы болады. Көгершін өсімдікпен, дәнмен қоректенеді. Қанатының ұзындығы 180 – 250 мм, салмағы 240 – 350 г. Көгершіндер топтанып жүреді.

Көгершін туралы ақпаратты кестеге жаз

.

Түр-сипаты

Қайда мекендейді?

Немен қоректенеді?

Салмағы, ұзындығы

Қосымша ақпарат

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.