Кестені мәліметтермен автоматты толтыру. Информатика, 7 сынып, презентация.
Кестені мәліметтермен автоматты толтыру
7 сынып - Информатика
Оқу мақсаты
электронды кестеде автоматты толтыруды қолдану
Сәттілік критерилері
автотолтырудың әр түрін қолана білу
мәліметтің түрлерін, жәшіктердің форматын айыра білу
Еске түсірейік… (5 мин)
Қандай кесте форматтары бар?
Әдепкі қалып бойынша қандай формат қолданылады?
Әр түрлі форматтар не үшін қажет?
Автоматты толтыру
Электронды кестенің жұмысын эффективті қылу үшін автотолтырудың түрлі амалдары қолданылады
Microsoft Excel кестені автоматты түрде сандармен, сандар комбинациясымен, прогрессиямен, мәтінмен, уақытпен толтыруға мүмкіндігі бар
Excel бағдарламасында кестені автоматты толтыру айтарлықтай жұмысты жеңілдетеді. Кестені толтыруда жәшікке қайталанатын мәліметтерді толтыру жиі кездеседі. Бұл жерде мұндай операциялар оңай және тез жасалады
Топтық жұмыс
1 Кестені мәліметтермен автоматты толтыру
2 Тышқанның көмегімен автоматты толтыру
3 Апта күндерін, уақытты автоматты толтыру
4 Сандық мәндермен толтыру
5 Автоматты толтыру параметрлері
Кестені мәліметтермен автоматты толтыру
Excel бағдарламасында кестені толтыру кезінде, алғашқы енгізілген бірнеше символдан кейін бағдарлама сөзді автоматты түрде қалғанын толтыру тізімін көрсетеді. Әрі қарай тізім көрсетілгеннен кейін жазуды тоқтатып керек сөзді таңдап Enter батырмасын басуға болады. Біз жазғымыз келген мәтін автоматты түрде кестеде пайда болады.
Автоматты сөздер тізімі кез-келген кезде шыға бермейді, біздің жазып жатқан сөзіміз егер сол бағанада бұрын кездескен болса сол кезде ғана автоматты сөзді толтыру ұсынылады.
Егер сөзді жазып жатқан кезде автоматты тізімде пайда болған сөздер бізге қажет болмаса Backspace батырмасын басу арқылы жоюға болады
Тышқанның көмегімен автоматты толтыру
Кестені автоматты түрде толтырудың тағы бір мүмкіндігі тұтқа көмегімен толтыру деп аталады. Ол үшін тінтуірді мәлімет толтырылған кестенің астыңғы бұрышына апарып + белгісі шыққан кезде тышқанның оң батырмасын басып қажетті кестеге дейін созамыз. Батырманы жібергеннен кейін біз көрсеткен кестеге дейін көшірген мәлімет пайда болады.
Апта күндерін, уақытты автоматты толтыру
Егерде дәл сол әрекетті апта күні, уақыт секілді мәліметтермен толтырылған кестеге орындасақ басқаша болады, мысалы “вторник” деген апта күнінен кейін автоматты түрде келесі күндердің атымен толықтырылады. Осыны пайдаланып күнтізбелік жоспар немесе кесте жасауға болады.
Заполнение числовыми данными
Егер де қатар тұрған сандар кестесін белгілеп (мысалы 1 мен 2) тышқанның көмегімен жылжытатын болсақ сандар ретінің жалғасын көретін боламыз. Бұл автолтолтыру бағана бойынша да, жол бойынша да іске асады.
Жоғарыда айтылған нәрсені тышқанның оң батырмасы арқылы да жасауға болады, кестені қажет орынға дейін жылжытқанда қандай операция орындау керек деген тізім шығады: көшіру, қатарды жалғастыру немесе тек кестенің форматын көшіру секілді командалыр
Автотолтыру параметрлері
Кестені тышқанның көмегімен автоматты толтыру кезінде батырманы жібергеннен кейін “Автотолтыру параметрі” деген белгінің пайда болғанын байқауға болады. Сол белгіні басу арқылы автотолтырудың бірнеше нұсқасы ұсынылады, сол жерден керек нұсқаны белгілеуге болады.
Просмотр видео (6 мин)
Мына видеоны қарай отырып келесі слайдтағы тапсырмаларды орында
Жеке тапсырма №1 (7 мин)
1 ден 10-ға дейінгі көбейту кестесін автотолтыру, формулаларды пайдаланып жаса (Лист1 атауын Көбейту кестесі деп өзгерт)
Жеке тапсырма №2 (7 мин)
Автоматты толтыруды пайдаланып төмендегі 2016 жылдың күнтізбесін жаса
Рефлексия (2 мин)
Не нәрсе үйрендің? Не нәрсе қиын болды? Не нәрсе оңай болды?
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.