Презентацияға видео қосу. Информатика, 4 сынып, презентация, 2 сабақ.


Сабақ тақырыбы?

4.2.3.2. презентацияда объектілер анимациясын баптау

Презентацияға видео қосу

PowerPoint та анимация жасау

PowerPoint та сендер суреттердіңмәтіндердіңфигуралардың, сол сияқты презентациядағы слайдтардың анимациясын жасай аласыңдар.

Анимация эффектілерінің бірнеше типтері бар:

Кіру: анимацияның бұл типі объектілердің слайдқа қалай шығарылатынын көрсетеді.

Акцент: анимацияның бұл типі объектілер слайд бетінде орналасқан кезде тінтуірді басу арқылы орындалады. Мысалы, объектіні тінтуір көмегімен айналдыруға болады.

Шығу: анимацияның бұл типі объектілердің слайдтан қалай шығарылатынын көрсетеді. Мысалы, Выцветание эффектісін қолданған кезде, объект слайдтан жойылады.

Қозғалыс жолы: анимацияның бұл типінде объектілер слайдтың ішінде белгілі бір жол бойынша қозғалады.

Анимацияны қалай жасаймыз

Анимация жасайтын объектіні таңдаймыз.

«Анимация» бөлімінде «Больше» батырмасын басамыз.

3. Анимация эффектісі суретке қойылады. Суреттің қасына сан жазылады, ол сан суретке анимация қойылғанын көрсетеді. «Слайд» панелінде слайдтың қасында жұлдызша символы пайда болады.

Анимация эффектісінің параметрлері

Анимацияның кейбір эффектілерінің параметрлері бар, оларды өзгертуге болады. Мысалы, анимация эффектісі үшін объектінің қандай бағытта щығатынын бақылауға болады. Осы параметрлерді орнату үшін «Анимация» тобындағы «Параметры эффекта» командасын таңдаймыз.

Жаңа анимация жасау кезінде бұрынғы жасалынған анимация сақталып қалу үшін «Добавить анимацию» командасын қолданыңыз.

Анимация аумағында жұмыс істеп отырған слайдтағы барлық эффектілерді көруге және басқаруға болады. Анимация аумағында эффектілерді өзгертуге, жөндеуге болады.

Анимация аумағын қалай ашамыз

«Анимация» тобында «Область анимации» командасын таңдаймыз.

Анимация аумағы терезенің оң жақ бөлігінде ашылады. Осы аумақта белсенді слайд үшін жасалынған барлық эффектілер көрсетіледі.

Анимация аумағында анимация тәртібін өзгерту үшін өзгертілетін эффектіні таңдап алып, жоғары немесе төмен орналастыруға болады.

Анимация эффектісін қосу параметрлерін қалай өзгертуге болады.

Слайд-шоу кезінде тінтуірді басу арқылы анимация эффектісі жүзеге асырылады. Егер слайдта бірнеше эффект бар болса, онда тінтуірді бірнеше рет басу қажет болады. Бірақ, анимацияның әрбір эффектісін көрсету параметрлерін өзгерту үшін баптауға болады. Ол үшін:

Анимация аумағында эффект таңдаңыз. Эффект қасында төмен бағытталған стрелка пайда болады.

Осы стрелканы басқан кезде эффектіні көрсетудің 3 түрлі параметрі ұсынылады.

Тінтуірді басу арқылы

Алдыңғы эффектімен бірге көрсетіледі

Келесі эффектімен бірге көрсетіледі

Анимация аумағында «Параметры эффектов» диалогтық терезесі ашылады. Осы терезеде күрделі параметрлер орналасқан (анимация уақыты, қозғалыс бағыты), осы параметрлерді анимацияны баптау үшін қолдануға болады.

«Параметры эффекта» терезесін қалай ашамыз

Анимация аумағында эффект таңдаймыз. Эффектінің қасында төмен бағытталған стрелка шығады.

Осы стрелканы басқан кезде «Параметры эффектов» командасы пайда болады, яғни эффектіні көрсетудің 3 түрлі параметрі ұсынылады.

Топтық жұмыс

Бағалау парағы

Слайдтарда фондық сурет қолданылған

Еркін мәтін анимациясы қолданылған

Анимацияланған суреттерді қолдану

Кіріс анимациясы бар

Шығыс анимациясы бар

Жол бойынша қозғалыс анимациясы бар

Анимация уақытын баптау қолданылған

Қозғалыс бағытын баптау қолданылған



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.