Сызбаны орындаудағы негізгі ережелерСызықтың түрлері (пішім, масштаб, негізгі жазу).Графика және жобалау, 10 сынып, презентация.
Сызбаны орындаудағы негізгі ережелер.
Сабақ тақырыбы:
Мұғалімнің аты-жөні: Жасмағамбетова Б.А.
Сынып:
10 сынып
Ақтау қаласындағы Химия -биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі.
Ақтау – 2017ж
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары
11.1.3.2
Сызық түрлерінің классификациясын білу және графикалық жұмыстарды орындауда дұрыс қолдану
Бағалау критерийлері
- Сызық түрлері туралы түсінікті біледі.
- Сызба сызуда жасырын сызықтарды сыза біледі.
Сызықтардың төртеуі тұтас, ал қалған бесеуі тұтас емес сызықтар.
1. Тұтас жуан негізгі сызық. Егер бұл сызықтың жуандығын s (латын әрпі) деп белгілесек, онда s кескіннің мөлшері мен күрделілігіне және сызбаның пішіміне байланысты 0,5мм-ден 1,4мм-ге дейінгі аралықта алынады. Бір сызбадағы сызықтардың жуандықтары бірдей болуға тиіс. Тұтас жуан негізгі сызық сызбада көрінетін сызықтарды бастыра жүргізу үшін қолданылады.
2. Тұтас жіңішке сызық. Оның жуандығы негізгі сызықтың жуандығынан екі-үш есе жіңішке болады. Шығару және өлшем сызықтары, проекция осьтері, көмекші тұрғызу сызықтары, қима мен тілікті сызықтау (штрихтау) тұтас жіңішке сызықпен жүргізіледі.
3. Тұтас жіңішке іркісінді сызық. Жуандығы тұтас жіңішке сызықтың жуандығыңдай болады. Ұзын үзу сызықтарын көрсету үшін қолданылды.
4. Тұтас ирек сызық. Жуандығы тұтас жіңішке сызықтың жуандығымен бірдей. Үзу сызықтары үшін және тілікті көріністен бөлу үшін қолданылады. Ирек сызық сызу аспаптарының көмегінсіз, қолдан жүргізіледі.
5. Үзілме сызық. Сызық бөліктерінің ұзындығы 2мм-ден 8мм-ге дейінгі аралықта, ал олардың ара қашықтықтары 1мм-ден 2мм-ге дейінгі аралықта алынады. Бұл сызықтың жуандығы да S/3 ... S/2 тең болады. Үзілме сызық сызбада көрінбейтін сызықтарды жүргізу үшін қолданылады.
6. Жіңішке нүктелі үзілме сызық. Бұл сызықтың жуандығы да S/3 ... S/2 тең болады. Сызық бөліктерінің ұзындығы 5мм-ден 30мм-ге дейінгі, ал аралықтары 3мм-ден 5мм-ге дейінгі аралықта алынады. Сызбаның осьтік және центрлі сызықтары осы сызықтың көмегімен көрсетіледі.
7. Жуандатылған нүктелі үзілме сызық. Жуандығы тұтас негізгі сызыктың жуандығынан 1,5 – 2 есе жіңішке болады. Бөліктерінің ұзындықтары 3 – 8мм, ал олардың аралықтары 3 – 4мм болады. Шынықтырылатын және қапталатын беттерді жуандатылған нүктелі үзілме сызықпен көрсетеді. Бұл сызықты қиюшы жазықтықтың алдындағы нәрсе бөлігін кескіндеу үшін де пайдаланады.
8. Жіңішке қос нүктелі үзілме сызық. Жуандығы тұтас жіңішке сызықтың жуандығымен бірдей болады, яғни S/3 ... S/2 тең. Бөліктерінің ұзындықтары 5 – 30мм, олардың аралығы 4–6мм болады.
9. Үзілме сызық. Сызбада қиюшы жазықтықтардың орындарын көрсеткенде пайдаланылады, сондықтан оны қима сызығы деп те атайды. Жуандығы 1 ... 1,5 S-ке тең болады. Бұл сызық екі бөліктен турады, бөліктерінің аралығы қимасы немесе тілігі берілетін нәрсенің сәйкес өлшеміне байланысты.бір бөлігінің ұзындығы 8 – 20мм-ге тең.
Сызық түрлаері
Тапсырма:
Оқушыларға заттың/тетіктің сызбаларын қарастыруды ұсыныңыз (мысалы, жиһаз сызбасы: шкаф, стөл, орындық жиһаз бөліктері және т.б.) және олардың орындалу тәсілдерін анықтау, оқушылар безендірудің конструкторлық құжаттардың бірыңғай ережесін сақтай отырып, масштабты дұрыс қолдануын қадағалау. Оқушылардың негізгі жазудың орналастыруын және сызба ларды дұрыс безендірулеріне көңіл бөліңіз. Заттың/ тетіктің сызбаларын ашық және жабық сұрақтар стратегиясы бойынша талқылаңыз.
- Берілген сызбалардың ортақ белгілері?
- Олардың айырмашылығы?
Мектепте сызба орындауда негізгі жазудың жеңіл түрін қолдануды түсіндіру ұсынылады.
Сызық түрлерін сызуда жәй қарындаштың қаттысын таңдауға назар аудару ұсынылады.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.