Ұқсас фигуралар және олардың қасиеттері. Үшбұрыштар ұқсастығының белгілері. Геометрия, 9 сынып, презентация.
9.1С бөлім: Үшбұрыштардың ұқсастығы
Сабақтың тақырыбы:
Ұқсас фигуралар және олардың қасиеттері. Үшбұрыштар ұқсастығының белгілері
Оқыту мақсаттары:
9.1.4.15 тікбұрышты үшбұрыштар ұқсастығын білу және қолдану;
Күтілетін нәтиже
ұқсас үшбұрыштардың аудандары арасындағы тәуелділікті біледі
үшбұрыштар ұқсастығы белгілерін қолданады
Үй тапсырмасын тексеру
І. Қай үшбұрыш ұқсас емес?
Үшбұрыштар ұқсастығының І белгісі
Егер бір үшбұрыштың екі бұрышы екінші үшбұрыштың екі бұрышына тең болса, ондай үшбұрыштар ұқсас болады.
Үшбұрыштар ұқсастығының ІІ белгісі
Егер бір үшбұрыштың екі қабырғасы екінші үшбұрыштың екі қабырғасына пропорционал болып, осы қабырғалар арасындағы бұрыштар тең болса, ондай үшбұрыштар ұқсас болады.
Үшбұрыштар ұқсастығының ІІІ белгісі
Егер бір үшбұрыштың үш қабырғасы екінші үшбұрыштың үш қабырғасына пропорционал болса, ондай үшбұрыштар ұқсас болады.
1. Үшбұрыштардың қабырғалары 5 см, 7 см, 4 см. Оған ұқсас үшбұрыштың үлкен қабырғасы 21 см-ге тең болса, оның басқа қабырғаларын табыңдар.
2. Үшбұрыштардың қабырғалары 8 дм, 16 дм және 20 дм. Оған ұқсас үшбұрыштың периметрі 55 дм. Екінші үшбұрыштың қабырғаларын табыңдар.
3. Бірінші квадраттың периметрі 24 см, ал екінші квадраттың қабырғасы 18 см болса, екі квадраттың ұқсастық коэффицентін табыңдар.
Топпен
жұмыс
Тікбұрышты үшбұрыштар ұқсастығының математикалық моделін жазу және тұжырымдау
Кестедегі үшбұрыштарды әріптермен белгілеп, тікбұрышты үшбұрыштар ұқсастығының математикалық моделін жазуды және тұжырымдауды тапсыру:
Жұптық
жұмыс
1. Суретті қолданып А қайығынан В жағасына дейінгі қашықтықты табу керек.
2. Шлагбаумның қысқа иіні 1 м, ал ұзын иіні 4 м. Қысқа иіннің ұшы 0,5 м төмен түскенде ұзын иіннің ұшы қандай биіктікке көтеріледі?
3. х-тің мәнін табыңыз.
4. х және y мәндерін табыңыз.
5. Ұқсас үшбұрыштарды жазыңыз
Сәйкес қабырғалады анықтап, қатынас жазыңызх , у-ті табыңызІ топ
ІІ топ
ІІІ топ
6 м
36 м
8 м
24 м
2 м
2 м
«Жеке жұмыс»
Бинарлық тест
Үйге тапсырма
Рефлексия:
Мен түсіндім........................
Мен білгім келеді.......................
Менің ұсынысым...........................
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру