Трапеция ауданы. Геометрия, 8 сынып, презентация, 3 сабақ.


ТРАПЕЦИЯ

АУДАНЫ

Оқу мақсаты:

8.1.3.13 трапеция ауданының формуласын қорытады және қолданады.

Сабақ мақсаты:

Трапеция ауданы формуласын есептер шығаруда қолдану.

ҚАЙТАЛАУ

C

А

B

H

ТЕОРЕМА: ТРАПЕЦИЯ АУДАНЫ ОНЫҢ ТАБАНДАРЫНЫҢ ЖАРТЫ ҚОСЫНДЫСЫН БИІКТІККЕ КӨБЕЙТКЕНГЕ ТЕҢ

S

S = SABD+ SBCD

D

DH1 = BH

H1

Мысал 1

Трапеция табандары 10 см және 35 см, ал ауданы 225 см2. Трапеция биіктігін табыңыз.

Жауабы: 10 см.

Мысал 2

Трапецияның орта сызығының ортасы арқылы өтетін және табандарын қиятын түзу трапецияны тең шамалы бөліктерге бөлетіндігін дәлелдеңіз.

Дәлелдеу: Айталық ABCD – трапеция (AB || CD),

EF орта сызығы, MNтрапецияның орта сызығының ортасы G арқылы өтетін түзу және табандарын M және N нүктелерінде қияды. AMND және MBCN трапецияларының орта сызықтары және биіктіктері тең. Сондықтан олардың аудандары тең.

Тапсырма 1

Бірлік квадраттар болатын тор көз қағазда кескінделген трапецияның ауданын табыңыз.

Жауабы: 6.

Тапсырма 2

Бірлік квадраттар болатын тор көз қағазда кескінделген трапецияның ауданын табыңыз.

Жауабы: 7,5.

Топтардағы жұмыс

Тапсырма 3

Табандары 12 см және 16 см, ал биіктігі 15 см болатын трапецияның ауданын табыңыз.

Жауабы: 210 см2.

Тапсырма 4

Трапеция табандары 36 см және 12 см, ал 7 см-ге тең бүйір қабырғасы бір табанымен 150° бұрыш жасайды. Трапеция ауданын табыңыз.

Жауабы: 84 см2.

Тапсырма 5

Трапеция табаны 26 см, биіктігі 10 см, ал ауданы 200 см2. Трапецияның екінші табанын табыңыз.

Жауабы: 14 см.

Тапсырма 6

Трапеция биіктігі 20 см, ауданы - 400 см2 . Трапецияның орта сызығын табыңыз.

Жауабы: 20 см.

Тапсырма 7

Трапеция ауданы 36 см2, ал биіктігі 2 см-ге тең Егер трапеция табандары 4:5 қатынаста болса, табандарын табыңыз.

Жауабы: 16 см және 20 см.

Тапсырмае 8

Табандары 3 см және 1 см болатын тік бұрышты трапецияның үлкен бүйір қабырғасы табанымен 45о бұрыш жасайды. Трапеция ауданын табыңыз.

Жауабы: 4 см2.

Тапсырма 9

Трапецияның орта сызығы 10 см-ге тең, 6 см-ге тең бүйір қабырғасы табандарының біреуімен 150о бұрыш жасайды. Трапеция ауданын табыңыз.

Жауабы: 30 см2.

Тапсырма 10

3. Тең бүйірлі трапецияның доғал бұрышы 135о, ал осы доғал бұрыштан жүргізген биіктігі үлкен табанын 1,4 см және 3,4 см кесінділерге бөледі. Трапеция ауданын табыңыз.

Жауабы: 4,76 см2.

Жұптардағы жұмыс

Тапсырма 11

Тең бүйірлі трапецияда диагоналдар жүргізілген. Аудандары тең (тең шамалас) үшбұрыштар жұбын көрсетіңіз..

Жауабы: ABD және ABC, ACD және BCD, AOD және BOC.

Тапсырма 12*

Трапеция диагоналмен төрт үшбұрышқа бөлінген. Егер трапеция табанын қамтитын үшбұрыштар аудандары S1 және S2 болса, онда трапеция ауданын анықтаңыз.

3. Сіз үшін не жеңіл болды? Қандай кезеңдерді айта аласыз?

Рефлексия.

1.Осы сабақтан қандай нәтиже күттіңіз? Өздеріңіздің күтілген мақсаттарыңыз бен қол жеткізген нәтижелеріңізді салыстырыңыздар.

2. Жұмыс барысында қандай сезімде болдыңыз? Сіз үшін не күтпеген еді?

4. Сабақ барысында сіз бастан кешірген негізгі қиындықтарды атаңыз. Оларды қалай жеңдіңіз?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.