Трапецияның ауданының формулалары. Геометрия, 8 сынып, презентация.


Сабақ тақырыбы:

Трапецияның ауданының формулалары

Оқу мақсаты:

8.3.3.12 трапецияның ауданының формулаларын қорытып шығарады және қолданады;

Бағалау критерийі:

Трапецияның ауданының формуласын біледі

Керекті шамаларды табады

Ауданын есептейді

Белгісіз шамаларды таба отырып ауданды есептейді

Өткен білімді өзектендіру:

Трапецияның орта сызығы

Трапецияның ауданының формуласы

Топқа бөліну:

Шағын зерттеу жұмысы:

№1 Жер салығы жер құнының 1% құрайды делік. Ұсынылған жер учаскесінің құнын табыңыз, егер 100 м2 (диаграммадағы 1 шаршы) 20 мың теңге болса. Осы жер учаскесінің салығын есептеңіз.

№2 Көшеге алтыбұрыш тәріздес шамды орнату керек, ол үшін бізге 6 бірдей трапеция тәрізді шыны керек, трапецияның параллель қабырғалары 230 мм және 120 мм және биіктігі 375 мм. 100 шамға қанша шаршы метр әйнек қажет болады, егер 5% кесуге жұмсалатын болса?

№3 Құрылыс фирмасы металл конструкциялар зауытына 25 терезеге тапсырыс береді, оның үлгісі фотода көрсетілген. Суреттегі өлшемді пайдалана отырып құны 1м2 шыны 1200 теңге болса, онда керекті әйнектің құнын есептеңіз.

№4 Балабақшада балалар ойнайтын көлеңкелікті бояу үшін қанша ақ және көк сыр қажет болатындығын есептеңіз. Егер оның трапеция бөліктері көк сыр, ал төбесі ақ сыр болатын болса.

№5 Әскери: бүркеу костюмін дайындау үшін суретте көрсетілгендей өлшемдері сантиметрмен берілген үлгіні пайдаланады.Үлгі ауданын табыңдар.

№6 Танграммнан құрастырылғын фигураның ауданын есептеңдер:

Жұппен жұмыс:

Дескриптор:

1) Сызбаны дұрыс сызады;

2) Биіктік жүргізеді және гипотенузаны табады

3) Пифагор теоремасы бойынша биіктікті табады

4)Трапецияның ауданының формуласын пайдаланып ауданды есептейді

Дескриптор:

1) Сызбаны дұрыс сызады;

2) Биіктік жүргізеді, тік бұрышты үшбұрыштан элементтерін анықтайды

3) Синус анықтамасын пайдаланып биіктікті табады

4) Косинус анықтамасын пайдаланып катетін табады

5) Тең бүйірлі трапецияның орта сызығы тік бұрышты үшбұрыштың катетіне тең

болатындығын көрсетеді

6) Тік бұрышты үшбұрыштың ауданы трапецияның ауданына тең екенін біледі.

Қорытынды

Рефлексия

- Қандай қосымша ұғымдармен таныстық

- Тағы қандай ұғымдармен танысқыларыңыз келеді



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.