Ою-өрнек және оның стилизациясы. Көркем еңбек (қыздар), 8 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Дизайн және технология

Мектеп:

Күні: __________

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8 сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Ою-өрнек және оның стилизациясы

Осы сабақта

қол жеткізілетін

оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.1.3.1 шығармашылық идеяларды дамыту мен іске асыруда өз бетінше таңдаған ақпарат көздерін қолдану

Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

- стилизациясы мен пішініне назар аудара отырып, ою-өрнек түрлерін зерттейді;

- өздерінің стильденген ою-өрнек идеясын ұсынады.

Жетістік критериялары

- зерттеу үшін ақпарат көздерін өздігімен таңдайды;

- ою-өрнек жасау үшін стильдеу әдісін қолданады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар диалог, талқылау жүргізеді, ашық/жабық сұрақтарға жауап береді, талдайды, ой-пікірлерімен бөліседі және сыныптастарының жұмысына түсініктеме береді.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Стилизация, ықшамдалу, икемделу, зооморфты, өсімдік текті, геометриялық ою-өрнектер.

Диалог және жазу үшін қажетті сөз тіркестері:

Ою-өрнектің бұл түрі … сипаттайды.

Біз оны … қолдана аламыз.

Ою-өрнекті стильдеудің біздегі нұсқасында біз … ұсындық.

Қайта жаңғырту ретінде біз…

Құндылықтарды дарыту

  • Шешім қабылдау барысында жауапкершілікке тәрбиелеу;
  • Жаhандану азаматтығы: өзге елдің мәдениетін сыйлау;
  • Материалға ұқыпты қарау;
  • Оқушылардың өзара ынтымақтастығы, бір-біріне құрметпен қарау;
  • Отанға деген сүйінпеншілікке тәрбиелеу;
  • Отаншылдық және азаматтық көзқарасын қалыптастыру;
  • Топта адал еңбекке тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

Қазақстан тарихы

Қазақ тілі мен әдебиеті

Бастапқы білім

Бұл екінші тоқсанның екінші сабағы. Оқушылар өткен сабақта қазақтың ұлттық киімдерімен танысты. Этностиль және оның түрлерімен таныс.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басталуы

3 мин.

1 мин.

  • Ұйымдастыру кезеңі:
  • мұғалім оқушыларды белсенді оқу іс-әрекетіне және жаңа білім алуға бағыттайды;
  • оқу барысында ынталандыру үшін жағдай жасайды.

«Тақия кімде?» физминутка ойыны

Оқушылар тұрып немесе отырып шағын шеңбер жасайды. Мұғалім музыка қосқан соң, оқушылар бірнеше өрнектелген тақияны бір-біріне шеңбер бойымен ұсынады. Музыка тоқтаған кезде тақия кімде болса, басына киеді де өзгелердің болашақ жұмыс туралы сұрақтарына жауап береді. Мысалы, көркем еңбек сабағында жоба жасауда қандай жұмыс түрлері қарастырылған т.б.

  • Сабақ тақырыбы мен мақсатын анықтау

Оқушылар өткен сабақтан көркем еңбектен ғана емес, басқа оқу пәндерінен де ұлттық сәндік ою-өрнектердің пайда болу тамыры ғасырлар тереңінде жатқанын біледі. Оқушылар тақырып пен мақсатты анықтау үшін, мұғалім тақиядағы ою-өрнекке назар аударуын сұрайды және олар бұл заттың осы сабақққа қатысы барын байқайды.

Тақырып пен мақсатты анықтауда қиындық туындаса, мұғалімнің бағыттаушы сұрақтар қоюына, сонан соң тақтаға қажетті жазбалар жазуына болады.

Әңгімелеу сұрақтары:

  • Неліктен сәндік ою-өрнек белгілі бір уақыттың, халықтың, елдің сәндік-қолданбалы өнер туындысына немесе көркем туындысына тән белгі болып табылады?
  • Ою-өрнек деген не?
  • Ою-өрнек не үшін арналған?
  • Тақия қандай ою-өрнекпен әшекейленген?
  • Тақиядағы қандай ою-өрнек сабақ тақырыбымен байланысты?

Тақия немесе басқа сәндік ою-өрнектермен әшекейленген қазақтың ұлттық бас киімдері.

Қазақтың ұлттық музыкалық композициясы: Құрманғазы Сағырбайұлының күйі

Сабақтың ортасы

5 мин.

5 мин

10-15 мин

5 мин.

2 мин.

  • Бірлескен әңгіме

Мұғалім оқушылардан қазақ ұлттық әйелдер мен ерлердің бас киімдеріне назар аударуын ұсынады, мысалы, тақия, сәукеле, кимешек (жаулық) т.б. және сұрақтарға жауап беруді сұрайды:

  • Қалай ойлайсыңдар, бұл суреттерді не біріктіріп тұр? (ою-өрнектер, әйелдер бас киімі, белгілі бір материалдан дайындалған және т.б.)
  • жас ерекшелігіне байланысты бұл бас киімдер туралы не айта аласыңдар? (тақия- қыздар, сәукеле-бойжеткен және кимешек-әжелерге)
  • Әр бұйымнан қандай ою-өрнек көріп тұрсыңдар? (оқушылар ою-өрнек түрлерін атайды, мысалы, өсімдік текті, геометриялық пішін, жануарлар мен құстарға ұқсас және т.б. ою-өрнектер).
  • Қалай ойлайсыңдар, оларды қазіргі күнделікті өмірде киім элементі ретінде қолдануға бола ма? Мысал келтіріңдер.
  • Шығармашылық жұмыс. ҚБ арналған тапсырма
  • Мұндай бұйымдарды танымал ету бойынша қандай идеялар ұсына аласыңдар?

Бұл үшін оқушылар топтарға бірігеді:

1 кезең.

Онлайн платформа бойынша оқушылар үш топқа бөлінеді.

2 кезең.

Стилизация түсінігі туралы қысқаша сипаттаманы қарастырыңдар және әртүрлі нысандарды қалай стильдеуге болатыны туралы презентация (таныстырылым) жасаңдар.

Стилизация - бейнеленген пішінді суреті мен түсі бойынша ықшамдау және жинақтау, ою-өрнек пішінін салуға арналған пішін (фигура) туындысы. Стилизация көлемді өнер мен сәндік өнерде әсемділікті арттыру үшін дизайн құралы ретінде қолданылады (1 қосымша).

3 кезең.

Таңдалған нысанның стильденген суретін салыңдар.

4 кезең.

Орындалған суреттерді талқылау, оның орындалуы бойынша мұғалім мен сыныптастарының ұсынысы.

  • «Кубизм» стратегиясы бойынша зерттеу. Тәжірибелік жұмыс.

Оқушылар стильдеу және оның пішініне назар аудара отырып, тапсырмада берілген ою-өрнек түрін зерттеулері тиіс. Сонымен қатар кестеде берілген сурет бойынша ою-өрнекті стильдеудің өзіндік нұсқасын ұсынуы тиіс. Ол үшін төменде берілген кесте бойынша жұмыс жасау қажет (А 3 форматында орындау ұсынылады) (2 қосымша).

Исследуйте:

  • Берілген ою-өрнек ____________ суреттейді.
  • Ою-өрнек түріне қарай _____________ жатады.
  • Оларды салыстыра отырып, ___________ көруге болады.
  • Біз оны ________________ қолдануымызға болады.

Сіздің стилизациялау нұсқаңыз

Ою-өрнектің қайта дамуы: қайда және қалай қолданамыз? Өз идеяларыңды ұсыныңдар.

__________________________________________________________

Презентация (таныстырылым)

Оқушылар топтан таныстырылым жасау үшін бір спикерді таңдаңдайды.

Әрбір топқа жүргізілген зерттеу бойынша сөз сөйлеуге 2 минут беріледі.

Оқушылар сұрақтар қойып, бір-бірін толықтыруларына болады.

Бағалау – «Галереяға саяхат»

Таныстырылымнан кейін әр топ өз жұмысын «галереяға» орналастырады. Өзара бағалау мен кері байланыс жасау үшін әр топ өз көзқарасын стикерге жазып, жұмысқа дауыс бере алады.

Презентация слайды

Бағалау жетондары

https://castlots.org/razdelit-na-gruppy/

http://artwwworld.org.ua/Teorija_i_praktika/Kompozicija/Priemy_kompozicii/Stilizacija/

*материалдар «қосымша» папкасында берілген

Дайын жұмыс, стикерлер, магниттер, тақта

Сабақтың соңы

2 мин

Рефлексия (3 қосымша)

Бұл тапсырманы орындау, сабақ бойынша рефлексия жасау үшін – әр топқа сұрақтарға жауап бере отырып, хат жазатын қағаз парақтары таратылып беріледі:

  • Сабақта маған қандай екі нәрсе өте ұнады?
  • Маған не түсініксіз болды?

Хатта топтың бір қатысушысы өз рефлексиясын жазады, ал келесі бірінші адамның ойын қайталамай жазады, сонда бұл бір адам жазған хат секілді болуы керек.

Рефлексия парақтары

* материалдар «қосымша» папкасында берілген

Саралаукөбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер жүктеуді жоспарлайсыз?

Бағалау оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабілеті жоғары оқушылар күрделі пішіндегі стильденген ою-өрнекті, қабілеті төмен оқушылар жеңілдетілген түрін орындауларына болады.

Оқушылардың зерттеу жұмысының нәтижелері бір-бірін өзара бағалаумен бағаланады.

«Тақия - кімде?» физминутка ойыны

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.