Неліктен АҚШ-та 1920-шы жылдарды «гүлдену кезеңі» деп атайды? Себеп пен салдары. Дүние жүзі тарихы, 8 сынып, презентация.


АҚШ-тағы тұрақтандыру ерекшеліктері. «Просперити» кезеңі. Америка Құрама Штаттары тұрақтану дәуіріне басқа жоғары дамыған мемлекеттерден бұрын келді. Тұрақтану кезеңінде әлемнің аса дамыған мемлекеттері – АҚШ, Англия, Франция, Германия жаңғыртуды жалғастыра отырып, индустриялық қоғамға аяқ басты. Ұлттық әртүрлілікке қарамастан, бұл үдірісте ортақ ұлттық табыстағы өнеркәсіптік өнімінің басымдығы, ғылым мен техникадағы жаңа жетістіктердің жылдам енуі, өнеркәсіпиегі жаңа салалардың дамуы, дамыған және біршама тұрақты саяси жүйенің қалыптасуы, қала тұрғындары үлесінің артуы, халықтың сауаттылығының біршама жоғары деңгейі сияқты ортақ сипаттарды атап өтуге болады.

Калвин Кулидж

Герберт Гувер

АҚШ-тың әлемдегі жағдайы соғыстан кейінгі алғашқы жылдары өзгерді. 1922 жылдан бастап елде өнеркәсіптің өркендеуі орын алды. Америка экономикасының гүлденуі туралы айтыла бастады. Бұл тұрақтандыру кезеңін Просперети кезеңі деп атады. Расында, америкалық экономика қарқынды екпінмен дамыды. АҚШ-тың экономикалық даму қарқыны әлемде ең жоғары көрсеткіштерге ие болды.

«Просперити» - бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін АҚШ-тың ерекше экономикалық өрлеуі.

АҚШ, Еуропа елдеріне қарағанда, Бірінші дүниежұзілік соғыстан кейін ауқымды шығындармен байланысты экономикалық дағдарысқа ұшыраған жоқ. Керісінше соғыс Америка Құрама Штаттарын таңғаларлық ауқатты елге айналдырды. Американдық кәсіпкерлер ірі әскери тапсырыстармен пайда тауып отырды. АҚШ әлемінің қаржы орталығына айналды.

Слайдтағы сүреттерге назар аударыңыздар Бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай?:

Презентациямен жұмыс жасау. Слайдта көрсетілген адамдарды сипаттаңыздар.

«Қара сейсенбі», «Ұлы дағдарысқа» ұласқан Нью – Йорк биржасының күйреуі

1929 жылы әлі де гүлденіп тұрған АҚШ экономикасы бұрын болып көрмеген дағдарыс алдында тұрды. 1929 жылы 24 қазанда таңертең американдық бизнестің өзегі Уолл – Стритте бұрын – соңды болмаған үрей басталды.

Терминдер мен анықтамаларды сәйкестендіру

«Просперити» кезеңіндегі АҚШ-тың ішкі саясаты.

Президент К.Кулидж ішкі саясатта иммиграцияны әрі қарай шектеудің жақтаушысы болды.

«Просперити» кезеңі тұрғындардың басым бөлігі үшін тұрмыстық деңгейінің теңдесі жоқ өсуімен сипатталды. Орташа алғанда, жұмысшының еңбекақысы 25 пайызға өсті. Ал жұмыссыздық деңгейі 5 пайыздан аспады.

Оқыту мақсаттары:

- тарихи оқиғаларды талдау үшін «бағалы қағаздар нарығы», «акция», «алыпсатарлық», «қор биржасы», «несие», «банкроттық», «инфляция» ұғымдарын пайдалану;

- фактілерді, процестерді, оқиғаларды салыстыра отырып, индустриялық қоғам қайшылықтарының (өндіру мен тұтыну теңгерімі) шиеленісу себептерін анықтау

Бағалау критерийлері:

Оқушы жаһандық экономикалық дағдарыстың себептерін анықтап, салдарын ерекшелендіреді;

АҚШ экономикасының өркендеу және күрт төмендеу кезеңдерінің ерекшеліктерін салыстырады;

мазмуны бойынша талдаудың негізінде қорытынды жасау.

https://www.youtube.com/watch?v=qwVL775kULk

6 минут көру

Сұраққа жауап беру:

1929 жылы дағдарысқа ауысу себебі неде?

Бірінші дүниежүзілік соғыс және жеңімпаз мемлекеттердің іс-әрекеттері (дәстүрлі экономикалық байланыстардың бұзылуы, әлемдік экономиканың американдық экономикасының тұрақтылығына тәуелділігі)

Артықшылдық өндірістік дағдарысы (американдық индустрияны жаппай өндіру технологиясына көшу, халықтың тұтынушылық төмен деңгейі )

1929 ж. қор нарығының дағдарысы (бағалы қағаздар бағаларының күрт төмендеуі)

Қаржылық дағдарыс (салықтық қысқартулар, бюджет тапшылығы).

Жаһандық экономикалық дағдарыс

Тапсырма. 1929-1932 жылдардағы дағдарыс көріністерінің қоғам өмірінің салаларына бөліп орналастырыңыз.

Банктердің күйреуі.

Халықтың өмір сүру деңгейінің күрт төмендеуі.

Өнеркәсіптік кәсіпорындардың жаппай жабылуы.

Үкімет беделінің төмендеуі және олардың жиі ауысуы.

Өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы өнімдерінің бір бөлігін жою.

Инфляция.

Үкіметке қарсы көңіл-күйдің тарауы.

Жаңа ішкі саяси курстарды іздеу.

Жаппай жұмыссыздық.

Радикалды саяси партиялардың ықпалының өсуі.

Халықтың тұрмыс деңгейінің өсуі тұрмыстық тұтыну тауарларына деген сұраныстың артуына алып келді.

Тұрмыс деңгейі - халықтың материалдық және мәдени қажеттіліктерінің қанағаттандырылу дәрежесі.

Алуан түрлі көрсеткіштерді қамтитын интегралдық сипаттамасы:

халықтың жан басына шаққандағы тұтыну қоры,

нақты табыс,

аса маңызды өнімдерді табиғи тұтыну мөлшері,

тұрғын үймен,

коммуналдық және әлеуметтік қызметтер көрсетумен қамтамасыз етілу,

білім берудің,

денсаулықДенсаулық сақтаудың,

әлеуметтік қамсыздандырылудың дамуы.

Бөліп төлеу саудасы ішкі тұтыну өсімінің жоғарылауына мүмкіндік берді. Адамдар өміріне ерекшелік алып келген газеттер, журналдар, кинотеатрлар, джаз-оркестрлер және т.б. кең тарала бастады.

1. Ақ қалпақ: дағдарысты сипаттайтын фактілерді анықтаңыз.

2. Қызыл қалпақ: қалыптасқан жағдайға қатысты өз эмоцияларыңызды білдіріңіз.

3. Қара қалпақ: мәтінде АҚШ-тағы дағдарыстың теріс көріністері мен салдарын табыңыз.

4. Сары қалпақ: проблеманың қандай жағымды тұстарын көруп, айтуға болады? Жауапты дәлелдеңіз.

5. Жасыл қалпақ: жағдайды өзгерту үшін қандай идеялар ұсынасыз?

6. Көк қалпақ: барлық мәселе бойынша қорытынды жасаңыз.

«Алты қалпақ» әдісін қолданып, жұппен тапсырманы орындаңдар:

https://7kun.kz/1929-1933-zhzh-d-niezh-zilik-ekonomikaly-da-darys-kursty-zh-mys/ тапсырма орындау үшін ссылканы пайдаланыныз

Дағдарыс жылдарындағы негізгі экономикалық көрсеткіштердің өзгеруі:

Ол АҚШ-тың өнеркәсіп салаларын түгелдей қамтыды. Өнеркәсіп өнімдерін шығару 54% қысқарды. 1932 жылы болат өндіру мен автомобиль шығару 15-16% төмендеді. 285 темір қорыту пештерінің 1932 жылы 46-сы ғана жұмыс істеді.

Экономикалық дағдарыс еңбекші халықтың тұрмыс жағдайын төмендетті. Әлеуметтік қайшылық өсті. 1929-1932 жылдарда жұмыссыздардың саны  17 млн адамға жетгі. Жүмыссыздық 30-жылдардағы АҚШ-тың күнделікті өміріндегі қалыпты көрініске айналды. Жұмысшылардың жалақысьг 60% -ға қысқарды.

РЕФЛЕКСИЯ: Ұлы дағдарыстың белгілерін сипаттаңыз



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу
Пікірлер 1
  1. Оқырман айзере
    Оқырман айзере 08.01.2024 18:19
    0 + 0 -
    бұл қай параграф