Княгиня Ольганың Константинопольге сапары Киев Русін қалай өзгертті? Дүние жүзі тарихы, 6 сынып, презентация.
княгиня Ольганың Константинопольге сапары
Сабақтың тақырыбы:
Княгиня Ольганың Константинопольге сапары Киев Русін қалай өзгертті?
Оқу мақсаты:
6.3.2.4 – Византияның дипломатиялық саясатын оның көршілес елдермен қарым-қатынасының мысалында қарастырып, сипаттау
Сабақтың мақсаты:
Византияның дипломатиялық ерекшеліктерін, Киев Русімен қарым-қатынасын анықтау
Бейне жазбаны көру
Княгиня Ольганың шоқындыруы (алғашқы 3 минут)
https://www.youtube.com/watch?v=dthoLLRMrzw&t=272s
Жалпы ақпарат
Византияға үнемі шығыс славян тайпалары шапқыншылық жасап тұрды. 907, 911 жылдары жорықтарды ежелгі орыс мемлекеті - Киев Русінің негізін салушы князь Олег (882-912 жж.) басқарды. Ол Солтүстік Еуропа мемлекеттері мен Константинопольді байланыстыратын «варягтардан гректерге» деп аталған сауда жолдарын өз қолында ұстады. 911 жылы Киев Русі Византиямен тауарларға баж салығынсыз сауда жасау туралы келісім жасады. Орыс әскерлері империяның соғыстарына қатысуға міндеттенді. 944 жылы князь Игорь жаңа шартқа қол қояды. Онда Киев Русі алғаш рет тәуелсіз мемлекет ретінде мойындалды.
Дерекке сұрақтар:
1.Византия императоры Константин Багрянородный княгиня Ольганы тең дәрежедегі басқарушы ретінде қабылдағанын дәлелдеңіз.
2.Княгиня Ольганың Константинопольға сапары кезінде қандай жеке бас қасиеттері байқалды?
3. Княгиня Ольганың Константинопольға сапары Киев Русінің дәрежесіне қалайша әсер етті?
«Не себепті княгиня Ольга христиан дінін қабылдады?»
Византия мен Киев Русінің арасындағы қарым-қатынастары туралы постер
1-топ. Не себепті Киев Русі Византиядан христиандықты қабылдады?
2-топ. Бірлескен әскери жорықтарға қандай факторлар себепші болды?
3-топ. Не себепті Русь князьдігі Византиямен сауда жасауға қызығушылығын танытты?
Ортақ белгілер
Дескрипторлар:
Византия мен Түрік қағанатының арасында қарым-қатынастағы айырмашылықтарды анықтайды;
Византия мен Киев Русі арасында қарым-қатынастағы айырырмашылықтарды анықтайды;
Түрік қағанаты, Византия мен Киев Русінің ортақ саяси мүдделерін анықтайды.
Княгиня Ольганың Константинопольге сапары Киев Русін қалай өзгертті?
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.