Шытырман ойындар ақылы коммуникативті дағдылар. Дене шынықтыру, 11 сынып, презентация.


6-бөлім - Ойын-сауық ойындары арқылы ынтымақтастық және коммуникативті орта

Оқу мақсаты:

11.3.4.4. Өзгелердің денсаулығын нығайтуға бағытталған дене белсенділігі көмегімен қауіпсіз сабақтар өткізу

Сабақтың тақырыбы: Шытырман ойындар ақылы коммуникативті дағдылар

Сабақтың мақсаттары:

денсаулықты нығайтуға бағытталған дене белсенділігі арқылы қауіпсіз сабақтар өткізе алады

Бағалау критерийлері :

қимыл-қозғалыс дағдылары арқылы қауіпсіз сабақтар өткізе алады.

Дескрипторлар:

Баскетбол сабағындағы қауіпсіздік ережелерін біледі және сақтайды;

Дене жаттығулары аясындағы іс-әрекеттерді оңтайландыру тәсілдерін түсінеді және қолданады;

Допты бір қолмен жоғарыдан секіріп лақтырады;

Допты бір қолымен бастан асыра торға лақтырады.

Тілдік мақсаттар

Ойындар олардың физикалық және спорттық дағдыларын дамытуға көмектесетіндігі туралы өз түсініктерін көрсете және сипаттай алады.

Мыналарды қамтиды:

- лақтыру, қағып алу, допты алып жүру

- мәселені шешу

- қауіпсіздік

Талқылауға арналған сұрақтар:

Баскетболмен айналысқан кезде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет? Өздеріңіздің практикалық білімдеріңізді және дағдыларыңызды күнделікті өмірде қалай қолданасыздар?

Бұл тапсырмада қандай арнайы спорттық қозғалыс әрекеттері қолданылды?

Құндылықтарды дарыту:

«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы. Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне, жауапкершіліке және өмір бойы оқуға тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар:

Ғылыммен байланыс – денсаулық және тән, қауіпсіздік, салмақ динамикасы. Информатикамен (ғаламтордан ақпарат іздеу және өңдеу), математикамен (айналу осі, кеңістік, бағыт пен бұрыштар), психологиямен (кіші топта жұмыс жасау дағдылары), биологиямен (ағзадағы биохимиялық өзгерістер), физикамен ( жылдамдық, салмақ, энергия) байланысы.

АКТ қолдану дағдылары:

Шағын құрылғылармен сабақты түсіру, ғаламтордан қажетті ақпаратты іздеу үшін ноутбукты қолдану.

Бастапқы білім:

Білім алушылар алдыңғы сабақтардан және сабақтан тыс уақыттан алған жеңіл атлетика бойныша білімдері мен дағдылары бар.

1-ші тапсырма:

(ЖЖ, Ж, ҚБ) Өткізілетін оқу тапсырмасының ережелері мен қауіпсіздік ережелері айтылып түсіндіріледі. Осыдан кейін білім алушылар

жұпта жұмыс жасайды:

Баскетболшының тұрысы:

а) Допты бір орында оң және сол қолмен алып жүру;

б) Бір қолдан екінші қолға ауыстырып алып жүру;

в) Қозғалыста допты оң және сол қолымен алып жүру

1-ші тапсырманың дескрипторлары:

- Баскетбол сабағындағы қауіпсіздік ережелерін біледі және сақтайды;

- Дене жаттығулары аясындағы іс-әрекеттерді оңтайландыру тәсілдерін түсінеді және қолданады.

Сұраңыз: Ойын кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет? Өздеріңіздің практикалық білімдеріңізді және дағдыларыңызды күнделікті өмірде қалай қолданасыздар? Бұл тапсырмада қандай арнайы спорттық қозғалыс әрекеттері қолданылды?

2-ші тапсырма:

(С, Ж, ҚБ) Өткізілетін оқу тапсырмасының ережелері мен қауіпсіздік ережелері айтылып еске түсіріледі. Осыдан кейін білім алушылар баскетбол ойынындағы допты торға лақтырудың әдіс-тәсілдерін дамытуға арналған келесі оқу тапсырмаларын орындайды:

Допты бір қолмен жоғарыдан секіріп лақтыру

Допты бір қолымен бастан асыра торға лақтыру әдісі:

2-ші тапсырманың дескрипторлары:

- Жаттығуларды орындау кезінде қауіпсіздік ережелерін біледі және сақтайды;

- Дене жаттығулары аясындағы іс-әрекеттерді оңтайландыру тәсілдерін түсінеді және қолданады;

-Допты бір қолмен жоғарыдан секіріп лақтырады;

Допты бір қолымен бастан асыра торға лақтырады.

Сұраңыз: Баскетболмен айналысқан кезде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет? Өздеріңіздің практикалық білімдеріңізді және дағдыларыңызды күнделікті өмірде қалай қолданасыздар?

Бұл тапсырмада қандай арнайы спорттық қозғалыс әрекеттері қолданылды?

Баскетбол сабақтарындағы қауіпсіздік ережелері:

1. Баскетбол ойынның қауіпсіздік ережелері:

Баскетбол ойынына сәйкес спорттық киім кию, (кроссовка).

Баскетбол ойынының техникасы мен такикасын орындау кезінде өте

мұқият болу.

Баскетбол қалқанының астында отыруға болмайды.

· Ойнаушылар ойын кезінде бір-бірін ұстауына, дөрекі қылық жасауына жол берілмеу.

· Допты салмағына сәйкес таңдау.

· Жаттығуларды орындауды ұйымдастыру барысында қойылатын біріңғай тлаптарды.

· Сабақ басталар алдында оқушылар алқа, сақина, сағат, сырға және т.б. жарақат алуға мүмкіндік тудыратын заттарды шешіп, қыз балалар шаштың түюлері қажет. Қауіпсіздікті сақтау үшін дене тәрбиесі сабағында тиісті спорт киімдерімен ғана қатысу қажет.

Допты алып жүру кезіндегі қауіпсіздік:

Жопты жұдырықпен және алақанмен ұрмау.

Жылдамдықты азайтып, тоқтай білу;

«финтті» қолдана білу;

Қарсыласының орын ауыстырылуларын сөзіне білу;

Бірбірін итермеу.

Сабақ соңында білім алушылар демді қалыпқа келтіру жаттығуларын орындап, рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім?

- нені толық түсінбедім?

- немен жұмысты жалғастыру қажет?- деген сұрақтары бар парақшаға жауап береді.

Сабақ уақытында орындаған жұмыстарын бағалау үшін білім алушыларға дескрипторлар арқылы бірін-бірі бағалау ұсынылады.

Ресурстар:

Үлкен бос кеңістік, баскетбол доптары, ысқырық, конустар, Рефлексия парағы.

Баскетбол сабақтарындағы қауіпсіздік ережелері интернет ресурсына сілтеме:

https://xn--j1ahfl.xn--p1ai/library/instruktazh_po_tehnike_bezopasnosti_na_urokah_baske_112701.html

https://sites.google.com/site/basketbolvskole/home/tehnika-bezopasnosti

Баскетболдағы допты алып жүру интернет ресурсына сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=Lnfa-ZQgJ6Y

https://www.youtube.com/watch?v=rGBWBpnqMW8&t=26s

https://www.youtube.com/watch?v=Gxg3DxJ_rjI

https://www.youtube.com/watch?v=bN7PhwUd-u4

Баскетбол ойынында шабуылдау техникасын оқыту әдістемесі интернет ресурсына сілтеме: https://infourok.ru/basketbol-oyininda-shabuildau-tehnikasin-oitu-distemesi-942947.html

Баскетбол ойынын үйрену бойынша интернет ресурсына сілтеме

http://summercamp.ru/%D0%9F%D0%BE%D0%B4%D0%B2%D0%B8%D0%B6%D0%BD%D1%8B%D0%B5_%D0%B8%D0%B3%D1%80%D1%8B_%D0%B4%D0%BB%D1%8F_%D0%BE%D0%B1%D1%83%D1%87%D0%B5%D0%BD%D0%B8%D1%8F_%D0%B1%D0%B0%D1%81%D0%BA%D0%B5%D1%82%D0%B1%D0%BE%D0%BB%D1%83

Назарларыңызға рахмет!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.