Ойын жағдайында қабылдауды іске асыру. Дене шынықтыру, 8 сынып, презентация. 18 сабақ.
Ойын жағдайында қабылдауды іске асыру
8.1.1.1 арнайы спорттық қимыл әрекеттерінің дәлдігін бақылауды және үйлесімділікті дамытуға арналған қимыл-қозғалыс дағдыларын көрсету;
8.1.3.3 арнайы спорттық техникаларды орындау кезіндегі дағдылар мен реттілікті түсіндіру және көрсете білу;
8.2.4.1 дене жаттығулары аясындағы іс-әрекеттерді оңтайландыру және балама түрлерін құруға қажет ережелер мен құрылымдық тәсілдерді қолдану және талқылай білу
Оқу мақсаттары:
Күтілетін нәтижелер
- қауіпсіздік ережесін біледі.
-ойын арқылы денсаулықты шыңдауды біледі.
-допты тордан асыру тәсілдерін орындайды
Сіз таңдаған көңіл-күйлеріңізді қалай түсіндіруші едіңіз?
Сыныпты жұптарға бөлу қажет. Әрбір жұп волейбол алаңының қаптал сызықтарын бойлай қарама-қарсы тұрады.
1. Допты қабылдау және жалғаулар кезкелген игерілген тәсілдермен орындалады:
- алға-жоғары серіктесіне тура;
- одан бір шетке қарай;
- екі рет жалғаудан соң 1800 айналып.
2. Сыныпты топтарға бөлу қажет. Оқушылар №6, 3 және 4 аймақтарына орналасад. Оқушылар допты №6 аймақтан №3 аймаққа, №3 аймақтан №4 аймаққа жалғайды, №4 аймақтағы ойыншы допты өзінің үстіне жоғары көтеріп №6 аймаққа жалғайды және т.с.с. Ойыншы допты жалғаған соң өзі шыққан лектің соңына барып тұрады.
Сұрақтар:
- доппен орындалатын жаттығулар ағзаңызға қалай әсер етеді?
- Осы тапсырма қандай дене қасиеттерді дамытады?
Мұғалім, оқушыларды дұрыс жолға бағыттайды және қандай да бір қиыншылықтар мен тіл проблемалары туралы ескертулер жазып алады (спорт терминологиясы және т.б.) Мұғалім кейде оқушыларға ынталандырушы сұрақтар қойып, олардың қаншалықты тапсырманы орындаумен айналысып отырғанын тексереді.
Қажетті жағдайда мұғалім келіспеушілік жағдайында мәселені дұрыс шешуге талпынады.
VI. Рефлексия
«Жетістік сатысы» стратегиясын ұсынып, рефлексия жүргізеді.
Оқушылар рефлексиялық карточкаларды толтырады.
Зейінді және тыныс алуды қалпына келтіру жаттығулары.
Оқушылар мұғалімнің көрсеткенін және айтқанын істейді (жалпы дамытушы жаттығулар), қателескен оқушы орнына отырады. Ергежейлілер – алыптар (Ергежейлілер – отырды, алыптар – тұрды).
Назарларыңызға рахмет!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.