Снарядтағы гимнастикалық жаттығулар жиынтығы. Дене шынықтыру, 8 сынып, презентация. 9 сабақ.


Сабақ тақырыбы:

Снарядтағы гимнастикалық жаттығулар жиынтығы

8.1.5.1 кең ауқымдағы дене жаттығуларының тактикаларын, стратегияларын және композициялық идеяларын анықтау және бағалай білу;

8.1.4.1 қимыл-қозғалысты сапалы орындау кезіндегі өзінің және өзгелердің біліктіліктерін салыстыра білу.

Бағалау критерииі

кең ауқымдағы дене жаттығуларының тактикаларын, стратегияларын және композициялық идеяларын анықтайды.

снарядта жаттығулар орындау кезіндегі өзінің және өзгелердің біліктіліктерін салыстыра біледі.

снарядта орындалатын жаттығулар жинағын көрсетеді және бағалай біледі.

Бейне көрсетілім көрсету

Акробатикалық жаттығуларға сілтеме:

https://www.youtube.com/watch?v=G38vw9xLZ6E

«ҒАРЫШКЕРЛЕР»

Дайындық. Алаңның бұрыштары мен жақтауларында «Ракетодром» деген 5-8 үлкен ұшбұрыштар сызылады. Әрбір ракетодромның ішінде 2-5 «Ракета» жолақшалары салынады. Ракеталардың жалпы саны 5-8 дана ойыншылар санынан аз болу керек. Ал қалған ойыншылар ойын алаңының ортасында шеңберде тұрады.

Бейнелеу. Ойыншылар шеңбер бойынша қол ұстасып «Ғаламшарлар саяхатына, ракеталар тосады, қайсысын біз қалаймыз, соған барып қонады. Ойынның бір жұмбағын балақай тек есіне тоқ. Әрқашанда, әр кезде, кешіккенге орын жоқ» деп айқайлап жүреді. Осыдан сөздерден кейін барлығы ракетадромға жүгіріп, кез келген ракетаға орналасады. Орынсыз қалғандар ұстазға барады немесе залдың ортасына шегінеді. Кейін кешіккендермен қоса барлығы шеңберге жиналып ойынды қайта бастайды.

Тапсырма

Артқа аунап түсіп серіктесінің көмегімен қолда тік тұру.

Әріптесінің көмегімен қолда тұру оқушылардың бір-бірімен көмек беру арқалы іске асады. Қолға тік тұрып,алдыға домалау.

Шынтақты жерге тіреп жаурынға тұру. Жүрелеп отырған қалыптан артқа аунап түсіп, арқамен жату. Соннан соң аяқты созып жоғары көтеру. Шынтақты төсенішке, қолды белге тіреп, денені тік ұстау. Екі, үш және оданда көп домалап түсуді орындау және секіру, қарғу түрліше бұрылу тәсілдерін орындап үйрету. Қолды жерге тіреп және тіремей отыру қалпынан артқа қарай домалап түсу. Осы тәсілмен , тек қолды жерге тірей жүрелеп отырған қалыптан аунап түсу .

Дескриптор

-акробатикалық жаттығулар орындау кезінде қауіпсіздік ережесін сақтайды.

- екі, үш және оданда көп домалап түсуді орындайды.

- қолды жерге тіреп және тіремей отыру қалпынан артқа қарай домалап түсе алады.

-тапсырмалар орындау кезінде көшбасшылық қабілетін көрсетеді.

-ойында ереже бойынша әділ ойнайды.

«Жетістік сатысы» стратегиясын ұсынып, рефлексия жүргізеді.

Оқушылар рефлексиялық карточкаларды толтырады.

Зейінді және тыныс алуды қалпына келтіру жаттығулары.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.