Қауіпсіздік ережесі. Жалпы дамытуға арналған жаттығулар. Дене шынықтыру, 4 сынып, презентация.
III-бөлім: Гимнастиканың негізгі элементтері Сабақ тақырыбы: Қауіпсіздік ережесі Жалпы дамытуға арналған жаттығулар
Оқу мақсаттары:
4.3.4.1 денсаулықты нығайтуға ықпал ететін дене жаттығуларын орындау кезінде қиындықтар мен тәуекелдерді еңсеру үшін тиісті реакцияларды таңдау және қолдану.
4.3.2.1 дене қызметімен айналысқан кезде, денені қыздыру және босаңсыту қажеттілігін көрсету және талқылау.
Сабақ мақсаттары
Дене дамуына ықпал ететін қозғалыстар мен тапсырмалар кезінде қиындықтарды, тәуекелдерді анықтау сонымен қатар еңсеру амалдарын қолдану:
Денені қыздыру жаттығуларын жүйелендіру, орындау және жаттығулардан кейін босаңсу, демді ретке келтіру қажеттілігін пайдалану:
Бағалау критерийлері
ЖДЖ орындағанда қиындықтар мен тәуекелдерді анықтайды, еңсеру амалдарын үйлесімді пайдаланады:
Денені қыздыру және босаңсыту жаттығуларын, қозғалыстарын жүйелі орындайды, реттілігін ұстанады, үйлесімді көрсетеді:
Жүру, жүгіру денені қыздыру жаттығулары
Аяқтың ұшымен, өкшесімен және ішкі, сыртқы қырымен жүру;
Жартылай, толық отырып жүру;
Қозғалыстар барысында арақашықтықты сақтау;
Дұрыс тыныс алу тәсілдерін қолдану;
Оң, сол бүйірмен тіркеме адыммен қозғалу;
Арқамен алдыға жүгіру;
Тізені көтеріп, аяқты артқа сермей жүгіру;
Оң, сол бүйірмен аяқты қайшылап қозғалу.
Денені қыздыру жаттығулары
Жалпы дамыту жаттығуларының кешені;
Гимнастикалық таяқшамен жаттығулар топтамасы;
Мойынға арналған арнайы жаттығулар
Мойын омыртқасына арналған;
Мойын бұлшық еттеріне арналған;
Мойынды айналдыу, қыздыру жаттығулары:
Волейбол добының көмегімен
орындалатын жаттығулар кешеніОң, сол қолмен, аяқпен қозғалыстар;
Допты лақтыру, қағып алу амалдары;
Еңкею және созылу түрлері;
Жекелей; жұппен жаттығулардың нұсқалары.
Үлкен доппен орындалатын
жаттығулар кешеніТепе-теңдікті сақтау;
Үйлесімділікті дамыту;
Жаттығуларды жүйелендіру.
Тепе-теңдік сақтау тапсырмалары
Тепе-теңдік;
Қозғалыстар үйлесімділігі;
Икемділік;
Батылдық;
Жүріс қарқыны.
Демді ретке келтіру жаттығуларын жүйелендіру және дағдыландыру
Гимнастикалық төсеніштегі жаттығулар;
Қарапайым созылу түрлері;
Демді реттеуге икемдеу;
Буындардың босаңсуы:
Демді ретке келтіру жаттығуларына мысалдар
«Ботқа піседі» Отыру, бір қолды ішке, бір қолды кеудеге қою. Ішті тарту, кеудеге ауа жинау – дем алу. Кеудені жіберіп отырып, ауаны біртіндеп жіберу және ішті алға шығару – демді шығару. Осы кезде «ш-ш-ш-ш-ш» деген дыбыс шығару. (4-5 рет қайталау).
«Малту» (Шомылу) Тік тұру, аяқ сәл ашық. Екі қолмен шомылу (малту) әрекетік жасау. Қолды алмастыру кезінде «ф-у-у» дыбысын шығару (алға 5-6рет, артқа 5-6рет қайталау).
«Ағаш жарушы» Тік тұру, аяқты сәл ашу, қолды (саусақты) «құлыпқа салу» қолды жоғары көтеру – дем алу. Алға еңкейю жылдам қолды түсіру (ағаш жару). Демді шығару кезінде «у-у-х-х-х» дыбысын шығару.
ТАПСЫРМАЛАРДЫҢ ОРЫНДАЛУЫНА КЕРІ БАЙЛАНЫС
ДЕНЕНІ ҚЫЗДЫРУ ТАПСЫРМАЛАРЫН РЕТТІЛІКПЕН, МҰҚИЯТ ОРЫНДАУ;
ЖДЖ АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАРДЫ ЖҮЙЕЛЕНДІРУ;
ДОППЕН ОРЫНДАЛАТЫН ЖАТТЫҒУЛАРДЫ ЖЕТІЛДІРУ;
ТЕПЕ-ТЕҢДІК ҚИМЫЛДАРЫН ҮЙЛЕСІМДІ КӨРСЕТУ;
ДЕМДІ РЕТКЕ КЕЛТІРУ ЖАТТЫҒУЛАРЫНА ДАҒДЫЛАНУ:
Назарларыңызға алғысымды білдіремін!!!
Шынықсаң - шымыр боласың!Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.