Жүгіру ойындарына қатысу. Дене шынықтыру, 3 сынып, презентация. 94 сабақ.


3 сынып

№8 бөлім:

Жеңіл атлетика арқылы салауатты өмір салты

Сабақтың тақырыбы:

Жүгіру ойындарына қатысу

Оқу мақсаты:

3.1.3.3. Уақытты, кеңістікті және бірқалыптылықты түсінетінін көрсететін машықтарды және жүйелілікті дамыту және жетілдіру.

Сабақ мақсаты:

Уақытты және кеңістікті көрсететін машықтарды дамыту және жетілдіру.

Бағалау критерийлері:

- Өз машықтарын дамыта алады;

- Жүгіру ойындарына қатыса алады;

- Ойын кезіндегі жүйеліліктерді жетілдіреді.

Бұл бөлімде, оқушылар қозғалыс әрекеттері кезінде денедегі өзгерістерді түсіндіреді, салауатты өмір салтын қалыптастырады, қозғалыс белсенділігіне қатысады.

«Тақырып көлеміндегі әрекеттер»

Оқушылармен сәлемдесу. Түгелдеу. Спорттық киімдеріне назар аудару. Оқытушы сынып ішінде жарақаттанудың алдын алу үшін қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықты жүргізеді.

Бүгінгі сабақтың тақырыбы және мақсатынмен таныстыру.

- Орында жасалатын жаттығулар. Оңға, солға, айналу жаттығулары.

- Жүру кезінде жасалатын жаттығу. Аяқтын ұшымен, өкшемен,аяқтың сыртқы қырымен, аяқтың ішкі қырымен, жартылай отырып,толық отырып жүру.

Жүгіру барысында жасалатын жалпы дене дамыту жаттығулары

- Оң қапталман қолды алдыға айналдырып жүгіру

- Кері бағытта сол қапталман қолды артқа айналдырып жүгіру

- Тізені жоғарыға көтеріп жүгіру

- Өкшені артқа лақтырып жүгіру

- Қолды белге қойып,аяқты алдыға қайшылап жүгіру

- Артпен жүгіру

Тынысты қалыпқа келтіру

Үлкен шеңбер бойына тұрып жалпы дамыту жаттығуларын орындау.

Бағалау: Оқушылар тарапынан берілген ақпаратқа мадақтау арқылы қолдау көрсету.

«Жүгіру ойындарына қатысу»

Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатын түсіндіре отырып, салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін күнделікті дене жаттығуларының және дұрыс тамақтанудың маңыздылығын сұрақ-жауап арқылы түсіндіріп өту.

Оқушыларды шағын топтарға бөліп, қимыл-қозғалыс ойынын ойнату.

Оқушылар командалық эстафетаны кезеңмен орындайды:

1 кезең - 5 метр қашықтықта қойылған шеңберге доптарды бірінің артынан бірі жүгіріп келіп орналастыру;

2 кезең - конусты айнала допты алып жүріп жүгіру;

3 кезеңдопты аяқ арасына қысып, оқушы мәре сызығына дейін секіріп келіп әріптесіне допты беру;

Ойынды бірінші бір команда кейін екінші команда орындайды. Ойын соңында оқушылар бірін бірі бағалайды.

Қорытынды: Оқушыларды бағалау. Эстафеталық ойынды қорытындылау. Әр ойын кезіндегі қателіктерді ескерту. Қауіпсіздікті еңсеру керектігін айту.

Келесі ойын.

Жүргізуші белгіленіп сызылған шеңбердің (радиусы 5—10 м) бойына, қолына доп беріп, ойыншыларды тұрғызады, — бұлар «аңшылар». Қалған ойыншылар «үйрек» болып, ойын жүргізушінің берген белгісі бойынша шеңбердің ішіне жамырай жүгіріседі де, «Тоқтадеген кезде бәрі орындарында қозғалмай тұра қалады. Осы кезде «аңшылар» қолдарындағы доптарымен «үйректерді» атқылай бастайды. «Аңшылар» атқылаған кезде «үйректерге» доптан бұлтаруға болады, бірақ тұрған орнынан жүріп кетуге болмайды. «Өлген үйректер» аңшыны алмастырады, ал «үйректерге» тигізе алмаған «аңшылар» доптарын алып қайтадан атқылайды. Осылайша «аңшылар» орындарын ауыстырғаннан кейін ойын қайта жалғасады

«Сабақты қорытындылау»

Мақсаты: Қол жеткен нәтижелер туралы ойлану, өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру.

Сипаттама: Өтілген тақырып туралы кері байланыс беру үшін мұғалім сұрақ қояды, оқушылар ауызша қорытынды айтады. Дене қыздыру адам ағзасына жақсы жүктеме бола ала ма? Қозғалыс әрекеттерімен айналысқан кезде біздің дене қызуымызда қандай өзгерістер болады?

Мұғалім әрекеті: Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді. Жақсы нәтижеге қол жеткізген оқушылар мен үздік үштікті атайды. Жетілдіру жаттығуларын ұсынады.

Оқушының әрекеті: Қиын болған немесе жүзеге асыра алмаған мәселелер бойынша сұрақ қояды. Үздік болу үшін өзіндік ойлармен бөліседі. Мұғалім сұрағына жауап береді. Теріктесіне тілек білдіреді.

Бағалау: Оқушылардың өзіндік және серіктесін бағалауы тәжірибеленеді. Бір-бірлеріне ауызша кері байланыс береді.

Күтілетін нәтиже:

Негізгі қозғалыс дағдыларын меңгеру;

Қозғалыс үйлесімділігі мен нақтылықты меңгеру;

Зерттеушілік дағдылардың пайда болуы;

Спорт түрлеріне, дене жаттығуларына, қимыл-қозғалыс ойындарына деген қызығушылықтың оянуы ;

Талдау, таңдау, достық қарым-қатынас орнату мен біріккен іс-әрекет жасай білу;

Жеңіл атлетикалық дағдыларды игеру.

Рефлексия. Сабаққа берілетін кері байланыс.

Бүгінгі өткізілген сабақтан оқушылардан кері байланыс алу. Сабақтан алған әсерлерін қағаздарға жазу немесе жесттер арқылы бағалауды сұрау.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.