Топтағы шығармашылықты дамытуға бағытталған ойындар. Дене шынықтыру, 3 сынып, презентация. 73 сабақ.


6-бөлім Топтық ойындар элементтері

Тақырыбы: Топтағы шығармашылықты дамытуға бағытталған ойындар

3-сынып

Оқу мақсаттары:

3.2.5.5 Өзінің шығармашылық тапсырмаларын және басқаларын талдау үшін конструктивті ұсыныстар жасау туралы алынған білімді пайдалану және қолдану.

Оқу бағдарламасына сілтеме

2.5. Өзінің және басқалардың шығармашылық міндеттеріне сыни қарайды, қажет болған жағдайда, құрылымдық ұсыныстар жасайды

Сабақ мақсаты:

Қажеттілігіне қарай өзінің және басқалардың шығармашылық тапсырмаларын пайдаланады, конструктивті ұсыныстарды қолданады..

Бағалау критерийлері:

Қажеттілігіне қарай өзінің және басқалардың шығармашылық тапсырмаларын пайдаланады;

Қажеттілігіне қарай өзінің және басқалардың конструктивті ұсыныстарды қолданады.

.

Күтілетін НәТИЖЕЛЕР:

- Дене жаттығуларын орындау кезінде ағзадағы физикалық өзгерістерді біледі;

- Дене жаттығулары барысында ағзадағы өзгерістерді анықтап, қадағалайды;

Қозғалыс түрлерін атайды;

Жылдамдықты дамытудағы әсерін анықтайды;

Психологиялық, физикалық жүктемелерге еркін

жауап бере алады.

Топтық ойындарға түсінік

Ойыншыларды ойын әрекеттерін бірлесе орындау кезінде өзара құрметтеуге, өз істері үшін жауапкершілікке үйрету үшін ұжымдағы ойын рөлдерін жетекші дұрыс бөлуі тиіс. Құрдастар пікірі, белгілі болғандай, әрбір ойыншы мінез-құлқына үлкен әсер етеді. Қозғалмалы ойын қатысушысының белгілі бір рөльді орындау сапасына тәуелді жолдастарының мақтауына немесе, керісінше, қанағаттанбауына ие болады; осылайша балалар ұжымдағы ойынға ойыншылар алдында шұғыл шешім жасауды талап ететін, әртүрлі міндеттерді шешу пайда болатын бір ойыншының басқасына, бір команданың – екіншісіне қарама-қарсы әрекет ету тән. Топтық ойындар кезінде рөлдерге бөлу талас-тартысты ұмытып, ортақ мүддетуралы ойлауға, енжарларға белсенді болуға, беделі жоқтарға беделін көтеруге, тәртіпсіздерге тәртәпті болуға, жаңадан қосылған балаларға басқалармен тіл табыса білуге көмегін тигізеді. Демек, ойнау кезінде балалар арасындағы қарым-қатынас нығая түседі. Сонымен қатар ойын барысында бәсекелестік жағымсыз қарым-қатынас тудыруы мүмкін. Жағымсыз қылықтар арқылы, әртүрлі амал-айла көмегімен өз тобын жеңіске жеткізуге тырысады. Сол жағдайда педагогтің немесе жетекшінің міндеті – балалар арасындағы адамгершілік қарым-қатынасты талдап, дұрыс шешім қабылдап, тиімді әдіспен басқару. Ойын кезінде көмекші рөлдердегі балаларға жетекшілердің үстемдік көрсетпеуін, әрбір рөлдің әректте болуын, жағымсыз рөлдердің болмауын ескеру керек. ойын үнемі даму үстінде болады. Ойын ережесі қиындайды, ойын іс-әрекетінің эмоционалдылығы өзгереді, ойынға қатысушылар құрамында өзгерістер болып тұрады. Ойынның мақсатына жету кезіндегі тәсіл мен іс-әрекетті аяғына дейін білмеу себебінен ойынға қатысушылардың белсенділігі, қызығушылықтары артады. Ұжымдық қозғалмалы ойындардың жарытың сипаты мақсатқа қол жеткізу үшін ерлік пен бірбеткейлікті, шешімділікті көрінуін талап ететін ойыншылар іс-әрекеттерінің белсендіре алады. Алайда ойын шиеленісуі ойыншыларды бөліп-жармауға тиіс екендігін ескерген жөн. Ұжымдық қозғалмалы ойындарда әрбір қатысушы жалпы мақсатқа қол жеткізуге және кедергілерді жеңуге бағытталған жалпы, достық күш салу артықшылықтарына көрнекі көп жеткізеді. Ұжымдық қозғалмалы ойында қабылданған іс-әрекеттерді ережелер мен ерікті түрде қабылданған шектеу ойын ойнаушыларды тәртіпке де салады.

Бөлім мен тақырыпқа қысқша шолу

Бұл бөлімде денсаулықтың негізгі ұғымдарына, таң ертеңгілік гигиеналық гимнастиканы күнделікті орындау маңыздылығына шолу жасайды. Оқушылар гигиеналық таңертеңгілік гимнастика кешенін және жалпы дамыту жаттығуларын өздігінен құрастыруға мүмкіндік береді. Ол оқушыларды саналы түрде өздерінің жүгірудегі, секірудегі және лақтырудағы қозғалыс қабілеттерін дамытуға, жетілдіруге ынталандырады. Аталған қабілеттер қозғалмалы ойындар және эстафеталар негізіндегі оқу тапсырмалары, жеке және топтық жаттығулар арқылы жетілдіріледі және бекітіледі.

Қыздырыну жаттыруғары (аяқ-қол бұлшық еттеріне жаттығулар)

Оқушыларды шағын топтарға бөлінеді де, өз топтарында шеңбер бойына тұрып жалпы дамыту жаттығуларын орындайды;

Әр жаттығудың ағзаға тигізер пайдасын түсінеді және көрсетеді, орындайды;

Денсаулыққа пайдалы қимыл-қозғалыстарды жасайды және құрал-жабдықтарды дұрыс пайдаланады.

Тапсырма

(Т, Ж, ҚБ) Сынып топтарға бөлінеді. Қатысушылар шеңбер бойына тұрады. Шеңбердің ортасына шыққан жүргізуші болады.

Шеңбер бойымен тұрғандар бір-біріне волейбол добын (немесе баскетбол) добын лақтырады. Жүргізуші шеңбердің ортасында жүгіреді. Ол допты ауада немесе ойыншылардың қолында болған кезде ұстауға немесе қолын тигізуге тырысады. Егер жүргізуші допқа қолын тигізсе немесе ұстаса, соңғы қолы допқа тиген ойыншымен ауысады. Мұғалім оқушыларға техникалық қауіпсіздік ережелері мен бір-біріне деген сыйластықтары туралы ескертеді. Ойын алдында допты бір-біріне әуе арқылы лақтырып қана емес, жермен сырғаналып беруге болады деп келісуге боладлы. Егер доп шеңберден шығып кетсе, ойыншылар шеңбердегі орнын тастап, шыға алады. Допты алып, орнына келіп, олар ойынды әрі қарай жалғастырады. Жүргізуші шеңберден шығып допты ұстай алады. Ойынды қиындату үшін екі жүргізуші алуға болады. Сонымен қатар допты созылған қолдан биік, тізеден төмен лақтырмау керек деп келісіп алуға болады.

Топтағы ойын.

Дескриптор:

- Шеңбердің ішінде қауіпсіздік ережесін сақтайды.

- Әдіс-тәсілдерді қандай мақсатпен қолданатынын түсіндіреді.

- Әдістерді қандай жағдайда қабылдауға қолайлы екенін анықтайды.

.

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім?

- нені толық түсінбедім?

- игеру үшін не қажет? деген сұрақтарға жауап іздейтін болады. Оқушылар сабақты үш тілде бағалайды.

Үй тапсырмалары беріледі;

Мұғалім тарапынан кері байланыс жүргізіледі (сабақ барысында кеткен қателіктер мен артықшылықтар ауызша айтылады).

Рефлексия



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.