Қауіпсіздік ережесі. Физикалық белсенділік және төзімділік. Дене шынықтыру, 3 сынып, презентация. 49 сабақ.


3 сынып

5 бөлім:Денсаулық және фи зикалық белсенділік.

Сабақтың тақырыбы:

Қауіпсіздік ережесі

Физикалық белсенділік және төзімділік

Оқу мақсаты:

3.3.4.4. Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін дене жаттығуларын орындау кезінде тиісінше жауап қайтарып, қиындықтар мен тәуекелдерді қалай еңсеру керек екендігін түсіну және көрсету

3.3.3.3. Дене жаттығуларын орындау кезінде физикалық өзгерістерді анықтау үшін бірқатар бақылау стратегияларын көрсету және түсіндіру

Сабақ мақсаты:

Дене жаттығуларын орындау кезінде бақылау стратегияларын көрсету, физикалық өзгерістерді анықтау

Бағалау критерийлері:

Жаттығуларды орындау барысында стратегияларды көрсетеді және ағзадаға өзгерістерді анықтайды.

Бөлім мен тақырыпқа қысқаша шолу

Оқушылар бұл бөлімде өздерінің денсаулығы мен физикалық белсенділігін арттыратын түсінігі үшін әр түрлі қозғалмалы ойындарға қатысады. Оқушылар дем алу жиілігі мен демді қалпына қалпына келтіру, физикалық салмақ салу процессіндегі өзгерістер аспектісін талқылайды. Тапсырмаларды ұсыну арқылы оқушыларыдың шығармашылық қабілеттерін байыту, оларға денсаулықтың мазмұндылығын және функционалды белсенділіктен хабардар ету. Негізгі физикалық қасиеттерін дамыту үшін оқушыларға қос қостан, топтағы көп көлемді әр түрлі физикалық қызметтер ұсынылады.

«Тақырып көлеміндегі әрекеттер»

Оқушылармен сәлемдесу. Түгелдеу. Спорттық кииімдеріне назар аудару. Қауіпсіздік ережесін таныстыру, қайталау.

Бүгінгі сабақтың мақсатымен таныстыру. Алдағы жұмыстармен таныстыру.

Жүру жаттығуларын орындау;

Жүгіру жаттығуларының түрлерімен жаттығу;

Жылдамдыққа жүгіру;

Тынысты қалыпқа келтіру

Одан кейін шеңбер бойына тұрып ЖДЖ орындайды. Шеңбер бойындағы әр оқушы бір-бір жаттығудан айтып, санақ бойынша орындатқызады.

«Дене белсенділігі және төзімділік»

Қыздырыну жаттығуларын орындап болғаннан кейін, «Денсаулық және дене жүктемелері» бөлімінде қауіпсіздік ережелерін оқушыларға айтып түсіндіру. Тапсырмаларды орындау барысында құрал-жабдықтармен жұмыс жасауда ережелерді сақтап, қауіпсіздікті ескеру.

Тапсырма

Сынып «жугіріс» топтарына бөлінеді Стартта - 8 қатысушы. 30-40 м қашықтықтар кезеңдерге бөлінеді. Әр кезеңде жалаушалар орнатылады. Бірінші кезеңде жалаушалардың саны қатысушылардың санымен теңеседі, әрбір келесі кезең сайын жалаушалардың саны азаяды. Дабыл бойынша, оқушылар жугірісті бастайды және әрқайсысы кезеңдерде жалаушаны алуға тырысады Мұны жасап үлгермеген ойыншылар ойыннан шығады. Екінші кезеңнен кейін алты қатысушы қалады, сосын төртеу және соңында тек қана екі мықты қатысушы жарысады.

Дискриптор:

- топта белсенділік танытады

- ойынды ережесімен ойнайды

- жылдамдық дағдысын дамытады

Тапсырма

«Щеңберден шығар» ойыны

Алаңда немесе спорт залда үлкен шеңбер сызылады. Оқушылар екі командаға бөлінеді және топ басшысын сайлап алады. Екі топ басшысы шеңберді айнала қарама-қарсы тұрады. Ал шеңбер ішінде екі топтың ойыншылары кіреді. Топ басшыларының міндеті, шеңбер ішіндегі ойыншылардан қарсы команда ойыншысын доппен ұрып шығару. Қай топ басшысынынң ойыншылары қалады сол топ жеңімпаз болып есептелінеді. Шеңбер ішіндегі ойыншылардың міндеті, доптан жылдам қашу, икемділік қабілеттерін шыңдау.

Дискриптор:

Ойын ережесімен ойнайды

Ептілік қабілеттерін көрсетеді

Дене жаттығуларының ағзаға әсері

Адам күнделікті іс- әрекетінде –тұрмыста, өндірісте, дене тәрбиесі мен спортпен айналысқанда әралуан қозғалыс жасайды. Физиологиялық тұрғыдан алғанда – өзара тізбектелген қозғалыс әрекеттері (қимылдар) белгілі мақсатқа жету үшін орындалатын жаттығулар. Оның ішінде спорттық жаттығулар ең жоғары көрсеткіштерге жету мақсатын талап етеді. Дене жаттығулары бұлшықет іс әрекетіне қарай 3 топқа бөлінеді:

бұлшық еттің белсенді көлемі

бұлшықеттің жиырылу түрітұрақты немесе жылжымалы:

жиырылу күші немесе алымы.

Бұлшықеттің жаттығуға қатысатын белсенді көлемі бойынша: жергілікті, аймақтық және ауқымды болып жіктеледі. Тұрақты қозғалысдене қалпын сақтау, аспаптарды мығым ұстау түрінде атқарылады Дене жаттығуларының көбісі (жүру, жүгіру, жұмыс істеу т/б) жылжымалы қозғалыс түрінде болады. Тұлғалық жаттығулар кезінде бұлшықеттердің күші, оның жиырылу жылдамдығына кері қатынаста болады. Неғұрлым жылдамдық тез болса, солғұрлым аз күш жұмсалады.

Күтілетін нәтиже:

- Негізгі қозғалыс дағдыларын меңгеру;

- Қозғалыс үйлесімділігі мен нақтылықты меңгеру;

- Зерттеушілік дағдылардың пайда болуы;

- Спорт түрлеріне, дене жаттығуларына деген қызығушылықтың оянуы ;

- Талдау, таңдау, достық қарым-қатынас орнату мен біріккен іс-әрекет жасай білу

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім?

- нені толық түсінбедім?

- игеру үшін не қажет? деген сұрақтарға жауап іздейтін болады. Оқушылар сабақты үш тілде бағалайды.

Үй тапсырмалары беріледі;

Мұғалім тарапынан кері байланыс жүргізіледі (сабақ барысында кеткен қателіктер мен артықшылықтар ауызша айтылады).

Рефлексия



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.