Оксидтер. Химия, 8 сынып, презентация.


Оксидтер.

Зертханалық жұмыс № 6

«Оксидтердің қасиеттерін зерттеу»

Сабақ мақсаты:

оксидтердің классификациясы мен қасиеттерін білу және олардың химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін жазу.

Бағалау критерийлері:

- Оксидтердің негізгі химиялық қасиеттерін біледі;

- Оксидтердің түрлерін бір бірінен ажырата алады;

- Оксидтерді сипаттайтын негізгі химиялық реакция теңдеулерін жаттығулар арқылы қатесіз орындайды.

Тірек сөздер

Ой қозғау

Оксидтер дегеніміз не?

Қандай оксидтердің түрлерін білесіңдер?

Окисидтердің алыну жолдары қандай?

Оксидтердің химиялық қасиеттері қандай?

Оксидтердің қолданылуын сипаттаңыз.

Зертханалық жұмыс № 6

«Оксидтердің қасиеттерін зерттеу»

Мақсаты: оксидтерді алу және қасиеттерін зерттеу

Қажетті реактивтер: Магний ұнтақ, дистилденген су, фенолфталеин, метилоранж, бор кесектері, тұз қышқылы, әк суы.

а) Негіздік оксид алу (топтық жұмыс).

Жағуға арналған қасықпен магний ұнтағын алып, газ жанарғысының жалынында магнийдің жануына дейін қыздырыңыз. Абай болыңыз! Магний жарқырап жанады. Магнийдің жануының реакция теңдеуін жазыңыз. Түзілген оксидтің түсін ескеріңіз. Алынған оксидті бөлек ыдысқа салып қойыңыз.

б) Негіздік оксидтің сумен әрекеттесуі.

Алдынғы тәжірибеде алынған оксидті (суыған соң!) химиялық стаканға салып, үстіне су құйыңыз. Магний оксидінің ерігіштігі туралы не айтуға болады? 2-3 тамшы фенолфталеин ерітіндісін қосыңыз. Не өзгерді? Магний оксидінің сумен әрекеттесуінің реакция теңдеуін жазыңыз.

в) Қышқылдық оксидтің алынуы.

Сынауыққа бордың бір кесегін салып, үстіне бірнеше тамшы тұз қышқылын қосыңыз. Не байқалды? Газ бөлініп жатырған сынауыққа газ түтікшесін орнатып, көмірқышқыл газын әк суы бар сынауыққа жіберіңіз. Не байқалды? Реакция теңдеулерін жазыңыз.

г) Қышқылдық оксидтің сумен әрекеттесуі.

Газ бөлініп жатырған түтікшені дистелденген суы бар сынауыққа батырыңыз. Кейін сынауыққа метилоранж индикаторын қосып, түсін байқаңыз. Не өзгерді? Сәйкес реакция теңдеулерін жазыңыз.

Қалыптастырушы бағалау

Жетістік критерийлері ретінде:

- Оксидтердің қасиеттерін біледі

- Оксидтердің химиялық қасиеттерін қорытындылайды.

Рефлексия

Сабақ соңында 10-15 сөзден тұратын ағылшын сабағы туралы ата-аналарына телеграмма жазу ұсынылады. 2-3 минут телеграмма құруға беріледі, содан соң барлығы өз телеграммаларын оқып жалпы қорытынды жасалады.

Үй жұмысы

1. С+О2 =СО2 + 402 кДж термохимиялық теңдеу бойынша, 843 кДж энергия алу үшін көмірдің қандай массасын жағу керек?

2. Массасы 24 г SO2 зат мөлшерін табыңдар.

3. 14 г магнийді жаққанда түзілген магний оксидінің массасын табыңдар.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру