Өсіргіш заттар, олардың өсімдіктердің өсуіне әсер ету механизмі. Биология, 11 сынып, презентация.


Миға шабуыл

Қалай ойлайсыздар, өсімдіктер қозғала ма?

Өсіргіш заттар, олардың өсімдіктердің өсуіне әсер ету механизмі

Оқу мақсаты:

11.1.7.3 - өсімдіктердің өсуіне стимуляторлардың (өсіргіш заттар) әсер ету механизмін зерттеу

Мақсаты

өсімдіктердің өсуіне әсер ететін өсіргіш заттарды атай алады;

стимуляторлардың (өсіргіш заттар) өсімдіктердің өсуіне әсер ету механизмін сипаттай алады

Терминология

Бұл ерекше заттар өте аз мөлшерде өсімдікте түзіліп, оның дамуын, өсуін, тыныштық күйден шығуын (ауксин, цитокинин,гиббериллин) ынталандыратын заттар, жемістердің пісіп жетілуі (этилен) немесе өркендердің ұзарып өсуін тежейді (абсциз қышқылы).

Фитогормондар — өсімдіктерде өз бойында табиғи жолмен түзіліп, басқарушы қызмет атқаратын төменгі молекулалы органикалық заттар.

Өсімдік гормондарына ауксиндер, гиббереллиндер, цитокинин, абсциз қышқылы және этилен жатады.

Жануарларға қарағанда өсімдіктерде гормондарды шығаратын арнайы мүшелер болмайды. Соған қоса өсімдіктердің кейбір бөліктерінде гормондардың мөлшері айрықша көп болады: мысалы, ауксиндермен сабақтың жоғары меристемалары бай, гиббереллиндермен – жапырақтары, цитокининдермен – тамыры мен дәні.

Сыртқы тітіркендіргіштер әсерінен өсу тропизм деп аталады.

фототропизм (жарық);

геотропизм (ауырлық күші);

гидротропизм (су);

хемотропизм (химиялық заттар);

гаптотропизм (қатты бетке).

Хемотропизм топырақтағы органикалық заттардың көп мөлшеріне қарай бұрылып өсуі

Геотропизм ауырлық күшіне байланысты.

Клиностат-құрал

Ингибиторлық қасиетке ие

Активаторлық қасиетке ие

Ауксиндер  (мысалы, индолилуксус қышқылы) сабақ пен жапырақтарда өсу нүктесінде түзіледі. Диффузия әсерінен олар төмен қарай сабақтың көлеңке жағымен қозғалады, осы зонада рН ортасын төмендетеді. Жасуша қабығы созылып, ішіне су кіреді. Осының әсерінен ауксиндер фототропизм туындатады. Осыған ұқсас механизм геотропизмде байқалады, крахмал дәндері.

Дарвин мен оның ұлы Френсистің тәжірибесі

Ауксинді анықтау үшін «сұлыны зерттеу»

Бойсен-Иенсен зерттеулері бойынша

Эксперименттер сұлының өскіндерінінің колеоптилдерімен жүргізді. Өсімдіктің өсуінің анықталған кезеңінде ұзыннан өсуі жасушалардың созылуына байланысты болады.

1910 жылы Бойсен-Иенсен осы кезеңде колеоптильдің ұшын кесіп тастаса, ол тоқтап қаладындығын анықтаған.

Колеоптильдердің өсуіне оттегі мен қанттың мөлшері қажет.

Цитокининдер

өскіндер жасушаларын бөлінуін тудырады,  жемістердің өсуін, жапырақтың қартаюын баяулатады, ұрық пен бүршікті тыныштық жағдайынан оятады.

ағаш бүршіктерінің қысқы ұйқыға кетуіне, жапырақтардың түсүіне жауап береді. Сонымен қатар, бұл қышқыл адаптация немесае бейімделу деген атпен кеңінен белгілі. Яғни, өсімдік қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларына тап болған кезде ең алдымен осы фитогормонның синтезі күрт күшейеді.

Абсциз қышқылы (ағылш. АВА) абсцизин, дормин

Гиббереллиндер

Гиббереллиндер өсімдіктің әр түрлі өсу мүшелерінде түзіледі. Негізгі гиббереллиндер синтезделу орыны — жапырақтары (пластидтерінде деген мәліметтер бар). Ол байланысқан және бос күйінде болады. Олар глюкозамен байланысып, гиббереллингликозид түзеді, ол тұқымдарында жинақталады.

Ауксиндерден айырмашылығы ол жапырақтардан жоғары және төмен ксилема мен флоэма арқылы тасымалдана алады.

Сыртқы факторлардың әсері

Жарық гиббереллиндердің мөлшерін арттырып, ауксиндердің мөлшерін төмендетеді. Жарықтың сапасының әсері жоғары, мысалы көк сәулемен салыстырғанда, қызыл сәуледе гиббереллин көбірек түзіледі.

Азот тыңайтқыштарының әсерінен ауксиндердің мөлшері артса, ал гиббереллиндердің мөлшері төмендейді. Екі фитогормонның қарама-қарсы өзгеруіне ортақ себеп болуы мүмкін, мысалы ацетил-КоА.

Кері байланыс

Сабақта маған не ұнады?

Менде не нәтижелі болды?

Мен сабақ мақсатына жеттім бе?

Маған қандай көмек қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.