Гендік-инженериялық манипуляциялаудың кезеңдері. Биология, 10 сынып, презентация.


Сабақ тақырыбы: Гендік -инженериялық манипуляциялаудың кезеңдері.

Оқу мақсаты: Гендік -инженериялық манипуляциялаудың кезеңдерін түсіндіру.

Ген инженериясының негізгі мазмұныағзадағы қажетті генді бөліп алып, оны вектормен біріктіруге саяды. Мұнда көбінесе генетикалық вектор ретінде плазмидалық ДНҚ-ын пайдаланады. Осы үдеріс нəтижесінде алынған гибридті ДНҚ молекуласы (рекомбинантты, яғни рДНҚ), бактерия жасушасына ендіріледі. Бактерия жасушасында векторлардың еселенуі (репликация) нəтижесінде, дайындалған гибридті рекомбинантты ДНҚ молекулаларының да саны арта бастайды. Бұл үдерісрекомбинантты ДНҚ-ын клондау деп аталады.

Гендік инженерия жетістіктері денсаулық сақтау, ауылшаруашылығы, биотехнология жəне микробиологиялық өндіріс салаларында аса зор практикалық мəні бар проблемаларды шешуде маңызды роль атқарады. Гендік инженерия əдістерін жетілдіру денсаулық сақтау мен ауылшаруашылығы үшін қажетті гормондар, ферменттер жəне антибиотиктерді синтездейтін микроорганизмдердің жаңа штаммдарын алуға мүмкіндік туғызады. Сонымен қатар, жануарлар гендерін бактерияларға ендірудің жіберудің де үлкен практикалық мəні бар. Өсімдік жəне жануар ақуыздарын бактерия жасушаларында синтездеу мүмкіндігі, экономикалық тұрғыдан тиімді болып есептеледі.

Бейнематериал көрсетілімі:

https://www.youtube.com/watch?v=GvIX1Kwtd5Q

1.Басқа организмге көшірілетін құрылымдық генді алу;

2.Оны вектордың құрамына енгізу, яғни рекомбинанттық ДНҚ жасау;

3.Рекомбинанттық ДНҚ-ын өсімдік клеткасына тасымалдау

4.Өсімдік клеткаларында бөтен ДНҚ-ның экспрессиясын талдау;

5.Геномы өзгерген жеке клеткалардан регенерант өсімдігін алу.

Гендік инженерияның жұмысы мынадай кезеңдерден тұрады:

Терминология

Сәйкестігін тап:

Өзіңді тексер

Клондау дегеніміз не?

Клондау

2- сабақ

Бейнематериал көрсетілімі барысында оқушылар келесі сұрақтарға жауап дайындайды:

Инсулин дегеніміз не?

Инсулиннің атқаратын қызметі қандай?

Жаңа туылған бұзаулардан инсулин алу неге тиімді болды?

Неге қазір уақытта қант диабеті ауыратындар арасында өлім-жітім пайызы қысқарды?

Топтық жұмыс:

Топтық жұмысты бағалау критерийлері:

1. Анықтылық

2. Кілт сөздерді қолдану

3. Топ мүшелерінің толық қатысуы

4. Уақытты тиімді пайдалану, әр топқа 3-4 минут беріледі.

Пайдаланылған ресурстар:

1https://www.youtube.com/watch?v=GvIX1Kwtd5Q

2. sk.nis.edu.kz материалдары



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.