Жүректің өткізгіш жүйесі. Жүрек автоматиясы механизмі. Биология, 10 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

10.4С Биомедицина және биоинформатика

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Жүректің өткізгіш жүйесі. Жүрек автоматиясы механизмі.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

  • Жүректің өткізгіш жүйесі туралы түсінік қалыптастыру;
  • Жүрек автоматиясы механизмі туралы түсінік қалыптастыру;
  • Бір жүрек циклінің электрокардиограммасының PQRST тісшелерін сипаттау.

 Сабақ мақсаттары

  • Жүректің өткізгіш жүйесін сипаттайды;
  • Жүрек автоматиясы мезанизмін сипаттайды;
  • Электрокардиограмма тісшелерін белгілей отырып жүрек жұмысының жүрек жұмысының сызбасын құрастырады;
  • Сау адамның және денсаулығында ақаулығы бар адамның жүрек электрокардиограммасын ажырата алады.

 Жетістік критерийлері

  • Жүректе және мида өтетін электрлік құбылыстарды зерттейді;
  • ЭКГ –нің жұмыс механизмін біледі, графиктен айырмашылықты анықтай алады;
  • ЭКГ –нің мүмкіндігіне баға береді;

 Тілдік мақсаттар

 

Пәндік лексика және терминология:

құрал, электродтар, фильтрлер, электрокардиограммамен жүректің электр импульстерін жазып алу әдісі, жүректің электрлік осі, потенциалдардың айырмашылығы, ток өткізетік гель, фазалар.

Оқытудың тілдік мақсаты:

Оқушылар орындай алады: электрокардиографияның және ауызша түсіндіреді

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы:

Электрокардиография бұл ...

ЭКГ ... көрсетеді. Бұның қажеттілігі .............

Оның қажеттілігі.........

Оның кемшілігі.....................

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Жалпы адамзаттық құндылықты қалыптастыру:

Жеке жұмыс және топтық жұмыс үйретеді және баулиды:

  • Ғылымға деген дұрыс, толық, шынайы көзқарас қалыптастыруға;
  • Еңбекке жауапкершілік, жасаған ісінің нәтижесін көруге;
  • Проблемалық сұрақтарды қолданып, тақырыпты өмірмен байланыстыра білуге баулиды;

«Мәңгілік ел» ұлттық идеясы

ЭЭГ арқылы анықталатын ауру түрлерін анықтау арқылы дені сау ұрпақ –ұлт болашағы екенін ұғынады.

 Пәнаралық байланыстар

Ағылшын тілі: Ағылшын тілінде терминдерді кіргізу және қысқа мәтіндермен жұмыс.

Физика, математика : Графиктер құру арқылы физикалық, математикалық білімдерін пайдаланады.

Психология: Психологиялық ауытқушылықтардан туындайтын ауруларды сипаттау

 АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақтаны презентация және видео қарауда қолдану . Тапсырма орындау кезінде активордты пайдалану

Бастапқы білім

8 - сынып. Қан айналым жүйесі.

9 – сынып. Қоректену және тасымалдау.

Пайдаланылған әдебиеттер

Д. Тейллор, Н.Грин, У.Стаут 2 том

«Дәрігерлік кеңес» ойынына қажетті материал

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0 – 3 минут

4 – 10 минут

11 – 16 минут

17-27 минут

Ұцымдастыру кезеңі. Сәлемдесу.

Ынтымақтастық атмосферасын орнату.

(Ұ) Оқушыларға проблемалық сұраққа жауап беру ұсынылады:

- «Жүрек тоқтап қалғанда не себепті дефибриллятор қолданады?»

Сұрақ пен дефибрилятордың суретін көрсетіңіз.

ЭКГ-ң жұмысы туралы және оның медицинада жүрек ауруларын анықтауда қолданылатындығын айту қажет.

Түрткі сұрақтар: Сабақтың тақырыбын және мақсатын анықтауға арналған сұрақтар қою:

  • Жүректің автономды жұмыс жасау қабілеті неге байланысты болды?
  • Адам миында ақпараттардың қабылдануы қалай жүзеге асады ойлайсыздар?
  • Бұл процесс ненің әсерінен жүзеге асуы мүмкін.

Болжамды жауаптар: Жүректен пайда болатын импульстар, жүйке жүйесіндегі рецепторлар арқылы. Қозудың пайда болуынан.

Мақсатты ашуға арналған жетекші сұрақтар қою:

  • Қозу дегеніміз не?

Оқушылар жүйке жүйесін өткендегі білімдерін қолданады. Деполаризация , реполяризация терминдерін естеріне түсіреді.

Мұғалім: Ендеше бүгінгі сабағымыздың мақсаты не болуы мүмкін?

Оқушылардың болжамды жауабы: Мидағы импульстер.

Оқушыларды сабақ мақсатымен және жетістік критерийлерімен танысу.

(М) Жүректің өткізгіш жүйесі туралы және жүрек бұлшықеттерінің өздігінен жиырылу мүмкіндігі айтылады.

Сабақтың ортасы

28 – 36 минут

Жаңа тақырыпты игеру жұмыстары

(Жж) Оқушыларға алдын-ала көріп танысып келуге берілген видео берілген.

Электрокардиограмма туралы сілтеме материал беріледі.

Оқушыларға ЭКГ-ң құрылысы мен жұмыс істеу механизмі туралы ақпараттық қағаздар таратылып беріледі.

Мүмкіндік болса медбикені немесе дәрігерді шақыртып, электрокардиограмманың жазбасын түсіру үдерісін демонстрациялауды сұрауға болады/ бейнематериалдарды/ анимацияларды қолдануға болады.

Оқушылар материалмен жеке танысып шығады, қажетті терминдер мен анықтамаларды жазып алады. «Түртіп алу» әдісін қолданады.

Тапсырма № 1

Топтық тапсырма: (топта 3-4 оқушы)

Оқушылардың :

1- тобы: Электрокардиограмманың жасалу себептерін анықтайды;

2 -тобы: ЭКГ-ның жұмыс жасау механизімін сипаттайды;

3-тобы: Берілген электрокардиограмманы сипаттайды.

Дайын материалдар тақтаға ілінеді. Қасына топтан бір оқушы «Гид» ретінде тағайындалады.

«Галерея» әдісі арқылы оқушылар ілінген материалдан өздеріне қажетті ақпаратты топтан тағайындалған «Гид» оқушының түсіндірмесін тыңдайды және сұрақтарына жауап алады.

Соңынан «Гид» оқушылар бір-біріне түсіндіреді. Бұл уақытта қалған оқушылар топтың жұмысына баға береді.

Бағалау: Әр оқушы топтың жұмысына критерийге сәйкес бағасын береді. Оны стикерге жазып , жапсырады.

Критерийлер:

  • Ақпарат нақты , қысқа, түсінікті берілген.
  • Ұқыпты, тартымды жасақталған
  • «Гидтің» түсіндіруі жеткілікті болды. Себебі: .................. түсіндім.

Сабақтың соңы

37 – 40 минут

Рефлексия

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет

Сабақтың басы

0 – 2 минут

3 – 10 минут

11 – 26 минут

27 – 37 минут

Ұйымдастыру кезеңі.

Тапсырма №2

(Т) Оқушыларға ЭКГ туралы кластер құрастыру ұсынылады.

Критерийлер:

  • Ақпарат нақты, әрі түсінікті берілген.
  • ЭКГ тісшелерінің жүрек бөлімдерімен байланысы мен қолданылу аясы нақты көрсетілген.

(Ж) Оқушыларға бір жүрек циклінің электрокардиограммасын PQRST тісшелерін көрсете отырып сипаттау ұсынылады.

(Ж)(Қ) Оқушыларға ЭКГ-ң тісшелерін белгілей отырып, жүрек жұмысының сызбасын құрастыру ұсынылады.

Жүрекшелер мен қарыншалардың жиырылуы мен босаңсуларын анықтауда және жүрек циклінің осы фазаларын электрокардиографта белгіленуін анықтауда мұғалім оқушыларға көмек бере алады.

Жүректің толық циклін қарастыру қажет: жүрекшелер мен қарыншалардың систоласы мен диастоласы

Сызбаға енгізуге болады: оң жақ жүрекшеде электр сигналының туындауы және оның систола мен диастоланы туындата отырып, жүректің бөлімдеріне таралуы, және олардың жиырылу реттілігі, осы үдерістерге сәйкес ЭКГ-ң тісшелерінің көрсетілуі.

Қабілеті жоғары оқушылар үшін, қосымша тапсырма ретінде екі ЭКГ ұсынуға болады: 1 -ші сау адамның және 2-ші жүрегінің жұмысында ауытқушылығы бар адамның ЭКГ-н ұсынып, ұсынылған ақпараттар бойынша екі ЭКГ-ң айырмашылығын анықтау.

Тапсырма №3. Мәтінмен жұмыс. (Қосымша 1.)

Оқушылар мәтінді оқи отырып, жүректің өткізгіш жүйесі мен жүрек автоматиясы механизмі жайында тест тапсырмасын орындайды. (Қосымша 2.)

Сабақтың соңы

38-40 минут

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- Бүгінгі тақырыптан не алдың:

-Сен үшін тақырып қаншалықты маңызды: Себебі:

-Сабақта неден қиналдың:

Неге?

Бұны жою үшін саған қандай көмек керек?

Үй тапсырмасы: Жүректің өткізгіш жүйесінің сызбасын сызып, өткізгіш жүйеге жауапты негізгі бөлімдерді белгілеп келу.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабілеті жоғары оқушылар:

  • Топта ұйымдастыру жұмыстарын алады;
  • Сабақ бойындағы «Түрткі сұрақтар» оқушылардың ойын қозғауға, дамытуға арналады.

Қабілеті орта оқушылар:

  • Мәтін оқудағы «Түртіп алу» әдісі осы деңгейдегі оқушыларға қолдау береді;
  • Сабақ барысындағы деңгейлік сұрақтар тізбегі;
  • Қабілеті төмен оқушылар:
  • Деңгейлік сұрақтар;
  • Мұғалімнің қолдауы.
  • Ынталандыру, қолдау көрсету, формальды емес бағалау түрлері;
  • Оқушылар өзара бағалайды;
  • Жеке жұмыс қалыптастырушы бағалау ретінде жүзеге асады;

Жеке жұмысқа жазбаша кері байланыс беріледі.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

 

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.