Аэробты және анаэробты тыныс алуға физикалық жүктемелердің әсері. Биология, 9 сынып, презентация.


Аэробты және анаэробты тыныс алуға физикалық жүктемелердің әсері.

Оқу мақсаты:

9.1.4.2 - бұлшықет қажуы және аэробты, анаэробты тыныс алу үдерістері арасындағы байланысты қарастыру; аэробты, анаэробты тыныс алу үдерістерімен байланысты бұлшық еттердің қажуы

Сабақ мақсаттары

Аэробты және анаэробты тыныс алуды білу;

аэробты және анаэробты тыныс алуды салыстыру;

физикалық жүктемелердің аэробты және анаэробты тыныс алуға әсерін қарастыру;

тыныс алу түрі бойынша шаршаудың пайда болу тәуелділігін зерттеу.

Бағалау критерийлері

Аэробты және анаэробты тыныс алуды біледі;

аэробты және анаэробты тыныс алуды салыстырады;

физикалық жүктемелердің аэробты және анаэробты тыныс алуға әсерін қарастырады;

тыныс алу түрлері мен шаршаудың арасындағы байланысзерттейді.

Өтілген материалды қайталау (Қосымша 1)

«Kahoot» ойыны. https://create.kahoot.it/details/29762ef4-2262-42d6-86ce-360469565c4d

Дескриптор:

Аэробты және анаэробты тыныс алуды біледі

Аэробты және анаэробты тыныс алуды салыстырады

Аэробты және анаэробты тыныс алудағы жаттығулардың әсері

https://www.youtube.com/watch?v=xP1T7uPcFu4

Әртүрлі қосылыстарды механикалық, химиялық, электрлік жұмыстар, ион тасымалдау, әртүрлі қосылыстарды синтездеу үшін (ақуыздарды, жасушалардың компоненттерін және т.б.) энергия қажет.

Бірақ адам ағзасы осындай барлық процестер үшін энергияны тек АТФ немесе НАДФ'H түрінде ғана пайдалана алады. Қарапайым мысал: Автомобиль бензинді тек қана энергия көзі ретінде пайдалана алады және оны басқа нәрсемен (қант, алкоголь, газ) алмастыруға тырыссаңыз, машина қозғала алмайды.

Үдерістер өз атына сай

аэробты жаттығу барысында энергия оттегі қатысуымен алынады;

 ал анаэробтыда-оттегісіз

Практикалық жұмыс (Қосымша 2)

Дескриптор

Бұлшық еттің максималды күшін және төзімділігін зерттейді.

Формула бойынша қолдың жұмысқа қабілеттілік деңгейін есептейді.

Берілгендер бойынша бұлшықеттердің жұмысқа қабілеттілігі динамикасының төмендеуі бойынша график құрастырады.

Алынған нәтижелер бойынша қорытынды жасайды.

Ақпартаттарды бекіту

Оқушылар шеңбер бойымен тұрады.

Олар шеңбер бойымен доп лақтыру арқылы бір-біріне сұрақ қояды.

Осы әдістің көмегімен мұғалім оқушылардың жаңа материалды игеру деңгейін тексереді



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.