Жүйке жүйесінің қызметіне алкаголь, темекі және есірткінің әсері. Биология, 7 сынып, презентация.
Өмірің болсын десең сенің сәнді
Ойланып, айналаңа қара мәнді.Адам бол! Білімі тасқын, өнері асқанӨзіне сүйсіндірер басқа жанды.Салауатты мақсатың - өмір сүру,Өмірдің мағынасын керек білу.
Ішімдік, нашақорлық сенің жауың,Пайдасы сол – бұл жолдан аулақ жүруСабақтың тақырыбы:
Жүйке жүйесінің қызметіне алкаголь, темекі және есірткінің әсері.
Сабақтың мақсаты: алкоголь, шылым шегу, есірткінің жүйке жүйесіне әсерінің салдарын түсіндіру.
Адамның көңіл-күйіне әсер ететін заттарды жан-дүниеге белсенді заттар дейді. Оларға: психотроптық дәрілер, есірткі, темекі, ішімдік және уыттыларға әуестендіретін заттар жатады.
Маскүнемдік, темекі шегушілік және нашақорлық қазіргі заманның әлеуметтік, экономикалық, психология-педагогикалық, медицина-биологиялық проблемалардың ең маңызды және өзектісі болып отыр. Ғалымдардың есептеуі бойынша маскүнемдік, темекі шегушілік және нашақорлық тек еркектердің ғана арасында емес, балалардың, жасөспірім, жеткіншектердің, әйелдердің де арасында ең басты дерт болып отыр.
Алкоголизм – психоактивті заттарға тәуелділіктің түрі. Ол спиртті ішімдіктерге психологиялық және физиологиялық құмарлықпен сипатталады.
Нашақорлық-наркомания (грек тілінен narke – мелшию және manіa – ессіздік, құтырыну) – есірткі заттарға патологиялық дағдыланудың нәтижесінде пайда болатын созылмалы ауру.
Есірткінің әсері
Адам организіміне түсетін барлық есірткі түрлері қан арқылы адамның барлық дене мүшесіне әсер етеді. Оның қызметін бұзады, уландырады.
Темекінің әсері
Темекінің түтіні арқылы асқынатын аурулардан жыл сайын әлемде 1,5 миллионға жуық адам өледі екен. Шылым шегу адам иммунитетін төмендетеді, еңбекке жарамсыздыққа ерте ұшырауға әкеліп соқтырады.
Топтық жұмыс.
Ұсынылған ақпараттық парақтар/видео/кітапшалар және т.б. негізінде алкогольдің, шылым шегудің, есірткінің жүйке жүйесіне әсерін зерттеу.
Содан кейін олар «Алкоголь, шылым шегу, есірткінің жүйке жүйесіне әсерінің салдары» атты парақшалар/буклеттер құру және сыныпқа ұсыну.
Рефлексия :
1.Бүгінгі сабақта нені үйрендім?
2.Сабақтағы ұтымды іс- әрекетің?
3.Өз уақытымды дұрыс пайдалана алдым ба?
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.