Тірі ағзаларда тыныс алудың маңызы. Тынысалу-энергия көзі. Биология, 7 сынып, презентация.


Сабақ тақырыбы: Тынысалудың тірі ағзалар үшін маңызы

Мұғалім: Азмаханова Венера Болатбекқызы

Сабақ мақсаты: тірі ағзалар үшін тынысалудың маңызын сипаттау

Тірі ағзалардың тынысалуы

Тынысалу тірі ағзалардың негізгі қасиеттерінің бірі. Тынысалу кезінде тірі ағзалар ағзаларындағы тотығу қоректік заттардың тотығып, ыдырау құбылысына қажетті шикізат көзі ретінде оттегіні жұтады,нәтижесінде энергия түзіледі. Ол энергияны ағзалар тіршілігіне пайдаланады. Қалдық ретінде көмірқышқыл газы түзіледі

Әр түрлі жануарлар оттегіні қабылдау ерекшеліктері бойынша әр түрлі болып келеді. Біріншісі ауадағы оттегімен тыныс алса,екінші тобы суда еріген оттегімен тыныс алады

Өсімдіктің әрбір тірі тамыры, жапырағы, сабағы қоршаған ортадан оттегіні қабылдайды, көмірқышқыл газын бөледі.Тамыр оттегіні топырақтан алады. Жапырақтағы ауаны қабылдау лептесік арқылы іске асады,ал сабақ арқылы тынысалу арнайы өзектер-жасымықшалар арқылы іске асады.

Қосымша: Сурет бойынша жапырақтағы ауа алмасуының өзгеруі арқылы тәуліктің мерзімдерін анықта

1. Бір тапсырманы таңдай отырып, орындаңыз:

-Азот суда оттегіге қарағанда нашар ериді(химиялық білімді қолдану, дамыту).

-Суда еріген оттегі мен ауадағы оттегінің айырмашылығы неде?

-Бөтелкеге қанша көлем ауа сиятынын есептеу.

2. Төмендегі сөз мағынасын түсіндіріңіз: «Бұл бізге ауадай қажет»

Үй тапсырмасы



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу