Поиск по сайту

По Вашему запросу найдено 616 ответов (Результаты запроса 1 - 50) :

Ораза кестесі 2023 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б.

 Қазақстан қалалары үшін 2023 жылға арналған ораза кестесін ұсынады. Алматы, Астана, Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Жезқазған, Көкшетау, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Орал, Өскемен, Павлодар, Петропавл, Семей, Талдықорған, Тараз, Теміртау, Түркістан, Шымкент қалаларына арналған намаз кестесі, ауыз бекіту мен ауыз ашу уақытын біле жүріңіз. 

kz
Толық

Қазақстан қалалары бойынша ораза кестесі 2023 жыл

 Қазақстан қалалары үшін 2023 жылға арналған ораза кестесін ұсынады. Алматы, Нұр-Сұлтан (Астана), Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Жезқазған, Көкшетау, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Орал, Өскемен, Павлодар, Петропавл, Семей, Талдықорған, Тараз, Теміртау, Түркістан, Шымкент қалаларына арналған намаз кестесі, ауыз бекіту мен ауыз ашу уақытын біле жүріңіз. 

kz
Толық

ҮЗІЛМЕЙТІН САУАП

Әрбір адам осы өмірде ізгі іс жасап, сауап алып, ұрпағына, отбасына, әулетіне, тіпті еліне өнегелі із қалдырып кетуге тырысады. Дінімізде үзілмейтін сауаптың бірі – мешіт салу.   

Кеңестер
Толық

Көктем аруы: 10 күн дайындалып, жеңіске жеттім

2009 жылдан бастап Шымкент қаласында «Көктем аруы» байқауы дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Байқаудың мақсаты- қыз баланың жан сұлулығы және 40 үйден тыйылуды дәріптеу. Өскелең ұрпаққа тәлім-тәрбиені, салт-дәстүрді ұғындыру. Сұлулық пен зияткерлік ұштасқан
«Көктем аруы-2021» байқауының жеңімпазы Орынбасар Қарақат Оралтайқызы байқау жайында ағынан жарылмақ

Қыздарға (бойжеткен) пайдалы кеңестер
Толық

Бірлестік кемелі.

Мен білемін мына қаңтар зарлығын,
Мен түсіндім мына жалған соғысты
Көп айтып зарламайын тоқсынап
Жерім менің қазақстаным жарлығын

Қанша жанжал шертіп сатқын келседе
Қанша бақыт айналып келіп өтседе
Мен білемін мына заман тарауын
Тәуелсіз ел түбінде жеңерін.

Өлеңдер
Толық

Қазақстанда 5 қаңтарда ескі көліктерді қабылдау қайта басталады

Істен шыққан көлік құралдарын жоюға қабылдау 2022 жылдың 5 қаңтарынан қайта басталады. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі тозығы жеткен 70 мың ескі көлікті (жеңіл және жүк техникасын) қабылдауға квота бөлді. Енді 5 қаңтардан бастап көлік қабылдаудың электрон кезегі ашылып, өңірлердегі 18 бекет жұмысын бастайды, - деп хабарлайды Tengrinewskz тілшісі "Оператор РОП" ЖШС баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаңалықтар
Толық

Қазақстанда ? 1 қарашадан бастап не өзгереді ?

Қазақстанда күздің үшінші айы жаңашылдықтарға толы болмақ. Бүгіннен бастап мектеп оқушылары күзгі демалысқа шықты, бірқатар тас жол енді ақылы, ал денсаулық министрлігі ревакцинация науқанын бастауды көздеп отыр. Толығырақ Sputnik Қазақстан материалынан оқыңыз.

Жаңалықтар
Толық

Шымкент

“Шымкент”Дайындаған: Қарабеков БақдәулетТексерген: Сейілхан АйнұрАлматы 2013 жылШымкент. Шырайлы ШымқалаШымкент – Қазақстанның көне қалаларының бірі. Тарихи деректерге сүйенер болсақ, қала б.з.д. II ғасырда салынған. Шымкент қаласы Ұлы Жібек Жолы керуен көшінің жолында орналасқан. Көптег...
Презентация слайдтары
Толық

Мамин: Білім мекемелерінде санитария нормаларының сақталуын ерекше бақылауда ұстау керек

Білім беру ұйымдарында санитариялық нормалардың сақталуын ерекше бақылауда ұстау қажет. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин айтты.

Жаңалықтар
Толық

Шымкентте бір топ жас жігіт жол ережесін өрескел бұзып, “братва” деп айқайлап, аспанға оқ атқан»

Желіде артымен жүріп келе жатқан Toyota Land Cruiser түсірілген видео болды. Оған тағы екі жол талғамайтын көлік еріп жүрнді. Келесі кадрларда жастардың “братва” деп айқайлап, аспанға оқ атқанын көруге болады.

Жаңалықтар
Толық

Жеті шелпек туралы құпияны білесіз бе?

Бүгін де «Апа, апатай» деп оянған Айсәуленің жағдайы бәрімізді алаңдата бастады. 4 күннен бері жылап оянатынды шығарды. Алғашында балалармен күндізгі тартысы түсіне кіретін болар, шошынып қалған шығар деп мән бермедік. Жұбанған соң ашылып ештеме де айтпайды.


  Осы мәселемен дәрігерден де кеңес сұрадым, қажетті ем-домын қабылдадық. Ауладағы достарымен де қарым-қатынасы жақсы. Олармен тату-тәтті ойнайды. Отбасылық....

Әңгімелер
Толық

Туған жердің кереметі бітпейді

Туған жердің бейнесі еске енеді,

Еске енеді, көзіме жас келеді.

Қазақ елін кезіктірсе өз жолында,

Айдаһардай жаулар да сескенеді.

Ел тарихы 91-ден басталмайды.

91 деп бөтен жолмен басқан дайлы.

Терең ой мен ақиқатты...

Өлеңдер
Толық

«Күйеуім ұрады. Бірақ ажыраспаймын…»

Сайтымыздың «Өмірдің өзі…» айдарын қарапайым адамдардың басынан кешкен оқиғалары біреуге сабақ болар, біреуге ой салар деген оймен ашқан болатынбыз. Оқырмандардан хаттар ағыны толассыз ағылуда. Бүгін електен өткен бірін жариялап отырмыз….

Жаңалықтар
Толық

Қазақстандағы авиацияның дамуы

Қазақстандағы авиацияның дамуы 1926 жылдан басталады. Осы жылы Қызылорда аэропортының құмдауыт алаңынан алғаш болып аспанға ПО-2 ұшағы көтерілді. 1929 жылы Қызылорда – Мәскеу әуе жолы орнықты. Алматы – Мәскеу тұрақты әуе қатынасы 1940 жылы ПС-84 ұшағы арқылы жалғасты. 1970 жылы әуе жолының ұзындығы 75 мың км-ге жуықтады. Әуе жолы ол кезде Қазақстан астанасы – Алматыны одақтас республикалар астаналары және ірі өнеркәсіпті қалалармен байланыстырды. 1977 жылдан дыбыстан жылдам ұшатын ТУ-144 жолаушы алып ұшағы КСРО-да тұңғыш рет Алматы мен Мәскеуді жалғастырды. Республикамыздың аудан, облыс орталықтарының өзара әуе жолымен байланысы орнады. Республика әуе жолдарының ұзындығы 1975 жылы 80,0 мың км болды. Бұл сол кездегі жалпы одақтың әуе жолдары ұзындығының 11%-ы еді. Онан кейінгі жылдары ұшақ паркі сапа жағынан жаңартылып, сан жағынан өсе түсті. Республиканың әуе жолдарында Ан-24, Ил-18, Ил-62, Ту-134, Ту-154, Як-134, Як-40 ұшақтары жолаушыларға қызмет ете бастады. Жаңа техникалардың қолданылуына байланысты аэропорттар жүйесі едәуір ұлғайды. Ұшақтарды қондыру әрі қозғалысын басқарудың радио-радиолокациялық пен жарыққа негізделген техникалық құралдарын қайта құру және жаңарту жөнінде көп жұмыстар атқарылды. 1990 жылдардан бастап тәуелсіз Қазақстан Республикасы қалаларын дүниежүзінің көптеген қалаларымен байланыстырады. Астанадан тәулігіне – 150, Алматыда 200-ден аса әуе кемелері ұшады.

Мәтіндер
Толық

Қазақстандағы көлік жүйесі

Қазақстандағы көлік (транспорт) өте маңызды рөлге ие. Елдің үлкен аумағы (2,7 млн км²), халық тығыздығының аздығы, өндіріс және ауыл шаруашылық орталықтарының бытыраңқы орналасуы, сонымен қатар әлемдік нарықтардан алшақта орналасуы көлік жүйесінің дамуын Қазақстан үшін маңызды етуде. Қазақстандағы теміржол көлігі Қазақстан үшін теміржол көлігінің маңызы өте зор. Қазақстанда теміржол барлық жүк тасымалы айналымының – 68%- ын, ал жолаушы тасымалының 32%-ын қамтамасыз етуде. Қазақстан теміржолының ұзындығы 15 мың км-ден асады. Қазақстанның теміржол жүйесін көршілес елдермен 16 темір жол торабы байланыстырады (11-і – Ресеймен, 2-еуі – Өзбекстанмен, 1-еуі – Қырғызстанмен, 2-еуі – Қытаймен). Қазақстан мен Ресейдің теміржол жүйелері бір-бірімен тығыз байланысты. Қазақстанның көлік жүйесін дамыту стратегиясы аясында 2017 жылға дейін 1400 км теміржол жаңадан салынбақ және бұрыннан бар 2700 км темір жолды электрлендіру жоспарлануда.

Мәтіндер
Толық

Нағыз қазақ ұлтының мен жердің патриоты – Жұмабек Тәшенов

Жұмабек Тәшенов 1915 жылы Ақмола облысының Аршалы ауданында дүниеге келді. Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе облыстарында басшы лауазымдарда болғандықтан, ол өзін іскерлік атқарушы, жоғары дәрежелі мемлекет қайраткері, құзыретті және ақылды басшы ретінде көрсетті.
Сабақ жоспары
Толық

Қасиетті Түркістан қаласы

Түркістан – Қазақстанның көне қалаларының бірі. Ол туралы алғашқы деректер араб жазбаларында ІV-ІХ ғғ. бастап Шавғар деген атпен кездесе бастайды. Қала ХІ ғасырдан бастап Ясы аталған. Бұл қала еліміздің оңтүстік аймағында орналасқан. Түркістан қаласы қазақ халқының тарихымен тығыз байланысты. ХV ғасырда Түркістан Сырдария өңірінің саяси және экономикалық орталығына айналып, 1598 жылы ол біржолата қазақ хандығының орталығы болады. Бұған дәлел – А.Ясауи кесенесі төңірегіне қазақ хандарының жерленуі. Қазақстан мен Ресейдің қарым-қатынасын реттеу үшін Түркістаннан Ресейге, Ресейден Түркістанға елшіліктер жүріп отырған. Түркістан қаласы сонымен қатар орта ғасырдың өзінде ірі білім орталығы болғандығы белгілі. Оның мәдени өмірінде дәруіш ақындардың, ислам дінін уағыздаушылардың да шығармалары үлкен орын алады. Олардың қатарына Ахмет Ясауи бастап, оның шәкірті Сүлеймен Бақырғани, Ахмет Йүгінеки, Жүсіп Баласағұнилар жатады. Мың жарым жылдан аса өмірбаяны бар Түркістан – ер жүрек батыр қала. Моңғол-татар, жоңғар шапқыншылығын, қазіргі Орта Азия мен Қазақстанда сол кезде өмір сүрген мемлекеттер мен хандықтардың жаугершілігін көрген қала.

Мәтіндер
Толық

Тіл мерекесі

Бірінші көрініс: Дала сахнасы «Шешендік әлемінде» деген жазу алыстан көз тартады. Сахна төрінде қазақ тарихындағы көрнекті шешен билер Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би отырады. Ортада дастархан жағалай ақсақалдар, отырысқан.

Тәрбие сағаттар
Толық

Қабанбай Қожақұлұлы

Қабанбай Қожақұлұлы, Қаракерей Қабанбай, Дарабоз - қазақ батыры. Азан шақырып қойған аты - Ерасыл.

XVIII ғасырда жоңғар басқыншыларына қарсы күрестің бел ортасында жүрген қолбасшылардың бірі. Халық арасында оны Қаракерей Қабанбай деп атаған. Найман ішіндегі Қаракерей руының Байжігіт тармағынан. Қабанбайдың жеті жасында әкесі Қожағұл, он алты жасында ағасы Есенбай жоңғарлар қолынан қаза тапқан. 16 жасар бала жау арасына ....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Қорқыт ата кітабы

Сабақтың мақсаты: Оғыз әдебиеті нұсқалары жайлы мәліметтермен таныстыру. Бұл дәуір әдебиетінің көрнекті нұсқасы «Қорқыт ата кітабы» туралы білімдерін кеңейту.
kz
Толық

Жұлдызды сәт интеллектуалдық сайыс

- Құрметті ұстаздар, ата - аналар, оқушылар! Еліміздің болашағы тек қана білімді жастар екені даусыз. Осы мақсатпен 2 - ші сынып оқушыларының арасында «Жұлдызды сәт» атты интеллектуалды ойынын өткізгелі отырмыз.
Сценарийлер (ертеңгілік)
Толық

Қазақстанда жасалған (Дүниетану, 4 сынып, IV тоқсан)

Пән: дүниетану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Болашаққа саяхат
Сабақ тақырыбы: Қазақстанда жасалған
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 4.3.5.1 зерттеулер негізінде «Қазақстан» атауымен байланысты мағыналық ассоциациялар қатарын (ұлттық бренд) ұсыну
Сабақ мақсаттары: • зерттеулер негізінде «Қазақстан» атауымен байланысты мағыналық ассоциациялар қатарын (ұлттық бренд) ұсыну.......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

"Бізден артық ойлайды": Төреғали Әбдіжаппар Әлқожаны жер-көкке сыйғызбай мақтады

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Төреғали Төреәлі өнердегі досы Әбдіжаппар Әлқожаны туған күнімен құттықтап, оны жер-көкке сыйғызбай мақтады. Әнші оның бойындағы асыл қасиеттері мен атқарған игі істерін тізіп шықты деп жазады NUR.KZ.

Төреғали Төреәлі Әбдіжаппар Әлқожаға арналған жүрекжарды жазбасын Instagram парақшасында жариялаған. Өнер иесі досы екеуінің ұқсас тұстарын атап, оның шын мәнінде қандай адам екенін айтты. .....
Жаңалықтар
Толық

Бейорганикалық қосылыстарды және құймаларды өндіру. Аммиак, азот қышқылын өндіру (Химия, 10 сынып, IV тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Бейорганикалық қосылыстарды және құймаларды өндіру
Сабақ тақырыбы: Бейорганикалық қосылыстарды және құймаларды өндіру. Аммиак, азот қышқылын өндіру
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: - аммиактың қасиеттері мен алынуын білу;
-азот қышқылының қасиеттері мен алынуын білу;
Сабақ мақсаттары: 10.2.1.46 Аммиак және азот қышқылын өнеркәсіптік өндіру әдістерін және оның өнімдерінің қолданылу саласын сипаттау;......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Ең бақытты отбасы боламыз

Біз әдеттегідей агентте таныстык. Танысқанымызға 4 күн/15 қыркүйек еді/ өткен соң ол маған сөз салды агентпен,кейін телофонмен сөйлесіп жүрдік. Бір өкініштісі Абай Шымкентте ал мен Алматыда окыдым.Оның талап қойғыштығы маған катты ұнайтын. Телофонмен сөйлескенде ол маған алғаш кездескенде сүйдіртесін бе деп сұраған еді мен жок дегем,ал мен кездескенімізде калай амандасасын дегенімде ол жай қол бер іп амандасам деген еді.Бірақ мүлдем олай болған жоқ 1 қазан ағамның тойы болғанда кездестік,тойхананын ішінде отырғанымда Абай қоңырау шалып келіп тұрғанын айтты мен шығып оны таппай тұрғанымда ол артымнан келіп құшақтап алып бетімнен сүйді.Содан кейн 3 ақ рет кездестік/2 еуінде ол алматыға келді/.

Қыста менің туылған күнім өткеннен кейн ол сирек хабарласатын болды кейіннен 1 ай хабарласпады. Женгем Абаймен бір Универде оқитын еді,содан женгем онын тағы басқа қызы бар екенін айтты,женгемнің алдында өзімді әлсіз көрсеткім келмей Абайме н айырылысып кеткенбіз деп өтірік айттым.Қысқы демалыс бітіп Алматыға қайттым, поезда екеуіміздің бірге болашақты армандағанымыз,сүйем деп айтқан сөздері есіме түсіп көзімнен жас тоқтамады.Ұмыта алмадым,үмітімді үзгім келген жоқ.16шы қаңтарда қайта хабарласа бастады,оған деген сағынышымнан ренішім басымырақ болдыма сразу кешіргім келген жоқ.Номерімді ауыстырып тастасамда жаңа номерімді құрбымнан алып қоңырау шалды дегенмен кешірім сұраған жоқ.Сүйген жүрек бәріне көнеді екен. Содан кейін ол алматыга келгенде 2рет және шымкентте 1рет кездестік. 23сәуір шымкентке келе жатқанымда поезда 1 жігітпен таныстым,оған жігітімнің бар екенін оны қалай сүйетінімді және басқада қызықтарды айтып жол бойы әңгімелесіп келдік......
Махаббат хикаялары
Толық

Махаббат деген ауру ма деймін

Махаббат деген ауру ма деймін.... Өз оқиғама келсек, мен ол жігітпен мектептен жасырын жүргенбіз. Уақыт өте келе мектеп, ауыл,кейіннен ата-анамыз біле бастады. Телефон құшақтап ұйықтайтынбыз, мектепке бір-бірімізді көру үшін бір сағат ерте баратын едік. Осылай уақыт өтіп, 11 сыныпқа да жеттік. Оқуға түсу үшін ұйықтамай сабағымызды оқып, тест тапсырып екеуміз де грантқа оқуға түстік. Сабақтан күнде күтіп алатын. Кадімгі барлық ғашықтар сиякты айырылмай жүрдік, тіпті достарына да бармай кетті, олар болса ренжитін мен жібермеді деп. Керегі қасында жүрсе адам ештенені іздемейді екен. Осылайша жылдар өтті. Үй ішімізбен таныстық. Бізді бүкіл ауыл үйленеді деп ойлайтын, озіміз де оқу бітіп жұмысымызға орналасқан сон үйленеміз дейтінбіз. Ата анамыз ақырындап тойға дайындалды, онын мамасы айтып отыратын ананы көрдім ағана мынаны алдым деп....Осылай жүргенімізде диплом уақыты келді, біз де өзгердік. Оның айтуына қарағанда мен оған уақыт бөрмей кетіптім.

Сабақ десе салынып оқитынмын, ол да мүмкін. Қолда бардың қадірі жоқ дейді ғой. Осылайша арамыз суып кеткендей болды. Бір күні кереметтей ұрсысып үйден қуып дықтым, қайтып оралма деп. Кейде сол сөзім үшін өкінем. Ол сол кеткеннен кетті тіпті защитама, вручениеме келмеді. Осымен бітті екен деп мен жүрдім. Уақыт өте қатты сағына бастадым. Қалжынбас досым хабарлласым жігітінді көргем тойға дайындалып жатыр екен дегенде жүрегім аузыма тығылып, түнгі үште жанағыға звандадым, ол мені жұбатып қайдағы үйлену, ол ақымақты білесін ғ ой өтірік айтады деди, осылайша жаным орнына түсті содан бастап телефонмен сөйлесіп тұратын болық. Сағынып кездесіп тұратын болдық. Не істеп жүргенімді өзім де білмеймін не жүрмейміз, не екі жаққа кетпедік......
Махаббат хикаялары
Толық

Жанымды сағынумен күндерім өтуде

2012 жылдың 18-қыркүйегі болатын... Кеш түсіп, дос қыз екеуміз аллеяға жүріп қайтуға бел байладық. біраз жүрдік, енді үйге қайтар жолда алдымыздан бір жігіт өтті... өте қатты қарады, менде не болып қалды дегендей қарадым... Жанымнан өте кетті. Қасымдағы қ ыз екеуміз оның сонша қарағанын әңгіме қылып барамыз... арада 1-2 минуттай өтер өтпестен жанағы бала жүгіріп келіп: МЫ НЕ ЗНАКОМЫ? деді, ал мен оған:НЕТ десем, А МОЖНО дей берді. Жарайды, бізде келістік, сонымен таныстық, есімі Аманбек екен, былайша айтқанда көршіміз болып щықты (соседский домнан). сонымен ол жалғыз емес екенін айтты, қасына досы келді(Дархан), оныменде таныстық. досын бір көріп ұнатып қалғандаймын... Біз үйге қайтатынымызды айттық, телефон номерлерімен алмастық. Сол күн" 1 сағаттан соң досы яғни Дархан звондап шыға аласынба д еді, барібірде үйде айналысатын ештене жоқ, студенттік кез болған соң қарсы емес екенімді айтып, шықтым. Жақыннан таныстық, Семейдің жігіті болып шықты, ал мен Шымкенттің қызымын. бір қызығы екеуміз екі жақтын адамымыз, ал таныстық Қарағанда қаласынын дәл орталығында,ия өмірдің сыйы өте көп екен. Мен Қарағанды қаласына оқуға дайындалып жүргенімнен бастап-ақ анам маған басқа қалаға тұрмысқа шығып кетіп жүрме, өзіміздің Оңтүстікке шық, ертенгі күні өзін қиналып қаласын дейтін.

Біршама уақыт өтті, ал біз күнде-күнде сөйлесетінбіз... бауыр басып қалғандаймын. 23-қыркүйек күні менің туылған күнімді атап өттік, Дарханда өз достарымен келді. Туылған күнімде болған құрбыларыммен таныстырдым, Дархан кеткен соң, құрбыларым Дарханды бір көргеннен ұнағанын. және екеуміз бір-бірімізге сай екенін айтты. Қыркүйектің 24-жұлдызы, Дархан кездесуге шақырды, мен бардым, сол күні ол мені қатты ұнатып қалғанын, оның қызы болғанымды қалайтынын айииы, менле оны қатты ұнатып, аз ғана уақытта бауыр басып қалған болатынмын. Мен қызы болуға келістім. Уақыт өте берді... өте берді........
Махаббат хикаялары
Толық

Мұхтар Шаханов - күрескер ақын

Мұхтар Шаханов- «қазақ» деп жанын беретін, «қазақ» деп шырылдап жүретін,«қазағым» деп ұрандатып жүретін, «қазақ тілі», «қазақ тағдыры» деп жүретін жалғыз, дара 21 ғасырдың күрескер ақыны , қоғам қайреткері , қазақ үшін жаратылған перзенті.

Мұхтар Шаханов Ұлы Абай сияқты күресіп жүр. Ол Абай сияқты қазіргі таңда бір жалғыз өзі мыңмен жалғыз алысып , күресіп жүр. Ол өз ана тілін білмейтін , білсе де менсінбейтін «мәңгүрт» адамдармен күресіп жүр. Абайдың заманында бәрі өз тілін білетін, құрметтейтін , жоғары бағалайтын . Ал, Мұхтардың заманында бәрі керісінше. Абай ақын Мұхтардың заманында өмір сүргенде қайтер еді? Не тыңдырар еді? Мұхтар өз заманында істеу керектің бәрін істеді, айту керектің бәрін айтты , ештеңені жасырмады. Бұл заманның адамдары өз ана тілінде сөйлемейді, сөйлесе де шұбарлап , былықтырып , быттастырып , тамаша сөздің сәнін, мәнін кетіріп сөйлейді. Сол жандарға Мұхтар ақынның жаны қатты ашиды, жүрегі ауырады. Ол өз жүрегінің ауырғанына қарамай , басқалардың жүрегін емдеуге тырысады. Олардың жүрегіне «қазақ тілі», «қазақ елі» деген дәрілермен ем жасайды. Бұл дәрілер ең қымбат , таптырмайтын дәрілер . Бұл дәрілерді тауып беру үшін –ол жанын береді. Ол сол дәрілерді өз жанынан , рухынан шығарады. Мұхтардың қай өлеңін оқысаңда , онда қазақтың мұңы , тағдыры жатыр. Ол «Аралдың тағдырын» шырылдап айтқан жалғыз перзент. Ол қазақтың ұлттық төл мейрамы «Наурыздың»тойлануына алғаш боп ықпал еткен ақын. Қазақ халқы «Ұлыстың ұлы күнін »біраз уақытқа тойламай қалды. .....
Эсселер
Толық

Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысы шайқастарына қатысуы (Қазақстан тарихы, 9 сынып, ІІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар: 9.4 В. Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында
Сабақ тақырыбы: Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысы шайқастарына қатысуы
Оқу мақсаты: Қазақстандықтардың екінші дүниежүзілік соғысының жеңісіне қосқан үлесін бағалау
Бауыржан Момышұлының батырлық, тұлғалық қасиетін айқындау
Сабақтың мақсаты:
Жоғары деңгей дағдылары:
Қазақстандықтардың екінші дүниежүзілік соғысының жеңісіне қосқан үлесін бағалайды;
Бауыржан Момышұлының батырлық, тұлғалық қасиетін айқындайды.....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Қырық күн үлкен жүрек тоқтағалы

Қырық күн үлкен жүрек тоқтағалы,
Біз оны көп айтармыз жоқтап әлі,-деп бір кездері Әбділда ақын жырлағандай Алланың берген саналы ғұмырын асқан парасаттылықпен пайымдап, тынымсыз тірлікпен терлеп, елеулі еңбекпен көгеріп, жан-жағын қаумалаған қауымға сыйластықпен сән түзеп, өзінен кейін өшпестей із қалдыруға бекініп, жай отындай жарқ етіп, мынау фәниден мезгілсіз мизам боп ұшып кететін, санада қаққан қазықтай қатталып қалатын ерекше жандарды таңды таңға ұрып жырлап біте алмайсың... Сондай жанның бірі әрі бірегейі Сарысу ауданының сары даласында Жаңа-арық деген өнегелі өлкесінде 1965 жылы шыр етіп дүние есігін ашқан, ес білген шағынан ортасында озық ойымен оңашаланған, зеректігімен зерделенген, қабақ шытып көрмеген, өмірде өзіндік қалпынан өзгермей, адалдық пен аңқылдаған ақ жүрек пейілінен айнымаған қайсар қыз Зияш Тұзақбайқызы. Бала күнінен әдеби кітаптарға аңсары ауып, тауып сөйлейтін сөзшеңдігімен ел құлағын елең еткізген есті қыз алтын ұя мектебінен түлеп ұшып арман қуып қазақи ұлттық құндылықтардың қаймағы бұзылмаған шырайлы Шымкенттің педагогикалық институтының филология факультетіне оқуға түсіп оны ойдағыдай тәмамдайды. Бірге оқыған курстас құрбы қыздары Зияшпен университет қабырғасында және жатақханада өткен әр күндерін тәтті ертегідей ерекше еске алып отырады.

Ол кездері жаңадан оқу бітірген жас мамандарды қолына бір жапырақ қағазын ұстатып ұстаздықтың ұлы ісіне белсене атсалысуға бағыт беріп, шалғай ауылдарға жіберетін болған. Машақаты мол мамандықты бір кісідей игеріп, игілікті істі иіруге икемділік танытқан инабатты бойжеткен Комунар мектебі яғни қазіргі Шоқай датқа атындағы орта мектепке жолданады......
Шығармалар
Толық

Менің алғашқы ұстазым

Өмірдегі қадірлі орын - мұғалімдікі.
Мағжан Жұмабаев

«Ұстаздық - ұлы құрмет». Небір данышпан адамдар, қарапайым еңбеккерлер де бәрі бір адамға қарыздар. Ол-алғашқы ұстаз. Әрбір адамның алғашқы ұстазы болады. Менің алғашқы ұстазым мектеп табалдырығын қорқынышпен аттаған кезімде, өз мейірімділігін көрсетіп, ең алғаш қолыма қалам ұстатты. Біздің білім алатын ұямыз- мектеп екенін түсіндіріп,мектеп ережесімен таныстырып, мектеп ішін аралатты. Енді оқушы болдыңдар дегенде өзімді ерекше сезіндім.

Алғашқы ұстаз былайша айтқанда, мектептегі екінші анамыз. Менің сүйікті де алғашқы ұстазым - Нәзира Мұратжанқызы анамдай болып кетті. Ал ана әрбір адам баласына қымбат жан. Ананы қалай ардақтасақ, ұстазды да солай ардақтаймыз.Ұстазымыз әрдайым бізді жылы жүзімен қарсы алатын.Ұстазымды алғаш көргенде, бірденнен биік шеберлігімен, қарапайымдылығымен, адамгершілігімен бізді баурап алды. Нәзира апай бізге білім беруге бар күшін салып ат салысты Көңілі пәк,ойы нәзік шәкірттерінің жүрегіне ақыл дәнін септі. Бізді оқуға, есеп шығаруға, ойымызды айтуға үйретті. Апайымыз біздің тәртібімізге, тазалығымызға қатты мән беретін. Барлық сабақтарын тартымды әрі қызықты өткізетін. Бізді сабаққа қызықтыру үшін сыныптан тыс іс-шараларды да жиі ұйымдастыратын. Ол әр уақыт керек кезде көмегін аямай, ақылын айтып, жол көрсетіп отыратын дана адам.......

Эсселер
Толық