Кедей туралы Қанатты сөздер жинағы ✍️


Басқа: 2
Мақал-мәтелдер жинағы: 89
Жұмбақтар жинағы: 1
Балаларға арналған тақпақтар: 1
Ақын өлеңдері жинағы: 42
Қанатты сөздер жинағы: 45
Туындылар: 1
Әңгімелер жинағы: 25
Ертегілер жинағы: 5
Анекдоттар, әзілдер жинағы: 3
Аңыздар жинағы: 10

Мен көп ақылдылардың кеңесін естимін: «Кедеймін деп айтпа», «Жұмыс жоқ деп айтпа», «Үкімет жаман деп айтпа» оданша Құдайдың бергенін пайдалан..
©  Нарша Булгакбаев
Бай, кедей болу жаратылыстан емес, ұмтылыстан.
©  Дүкен Мәсімханұлы
Кедеймін деп қысылмаөнерің болса қолыңдаӨнерлінің ырысы - жарқырап жатар жолында.
«Біз, геологтар, қанша байлық таптық, алтын көмбенің үстінде отырмыз, бірақ ең кедей елміз. Не­ ге?»
©  Шахмардан Есенов
Адамды адам ететiн ақша! Әлi ешқашан жарлы-жақыбай лайықты да қадiрлi болған емес. 
©  Алкей
…Түсінбеймін…Қара борбай кедейлер теңдік алсын. Бірдейлік орнасын. Бірақ, бәтір-ау, осы халықтың киер киімі, ішер асы бірдей болғанмен, құлқы бірдей..
©  Әбдіжәміл Нұрпейісов
Көп ғұламалар кедей отбасынан шыққан. Демек сенің ғұлама атанбағаныңа танысыңның, ақшаның болмауын сылтауратпа. Бұл жай ғана сенің ақталуың.
©  Заманбек Нұрқаділов
Бір қоғамда байда, кедейде күн кешуде, орташа адамның ақшасы азайса  аштан өліп қаламын ба деп байбалам салуы не қылық?!!!
©  Нұрхалық Абдырақын
Қалтасы алтынға толсада, жүректе байлық болмасол нағыз кедей, қалтасында көк тиын болмасада көкірегі бай адам нағыз бай.
©  Нұрхалық Абдырақын
Ақшасы бар болсада,  қашанда кедей, тек аузында «жоқ» деген адамдар бар, ал түгі жоқ болсада «шүкір» деп күн кешетіндер бар.
©  Нұрхалық Абдырақын
Адам Алла жолында түк бермей кедей болады, бергенге Алла еселеп береді.
©  Нұрхалық Абдырақын
Кейбіреулер кедейге, ауыруға бейшара деп, қарайды. Нағыз бейшара намаз оқымайтын адам. Оның өткен өмірі зая. Менің сондайларға жаным ашиды.
©  Нұрхалық Абдырақын
Кедей адам әрқашан үлкен санаттарда ойлайды. Бай адам өте нақты ойлайды.
©  Марғұлан Сейсембай
Кедей адам өзінің кім екенін көреді. Бай-ол кім бола алатынын көреді.
©  Марғұлан Сейсембай
Ұйықтағанның өзінде тәніңді көрсетіп жатпа, кедей боласың.
©  Нұрхалық Абдырақын
Шайтанның адамды ең қатты қорқытатыны «кедей болып қаласың» деп ой салуы. «Ханнас» деген адам текті шайтандар солардың тірлігін тынбай жасайды, бірақ..
©  Нұрхалық Абдырақын
Азғантай дүниесі бар адам кедей емес, көп дүние қалайтын адам кедей.
©  Сенека
Ашуланшақ келеді жарлы кісі.
©  Шал Құлекеұлы
Бардан жарлы болғандар болар арлы.
©  Шал Құлекеұлы
Алыстан кедейлiктiң алдынан шық,Төбесi көрiнген соң қиын болар.
©  Шал Құлекеұлы
Ақшасы жоқ адам кедей емес, арманы жоқ адам кедей.
©  Сократ
Актив — табыс алып келеді, пассив — сені кедей етеді.
©  Роберт Кийосаки
Ең кедей, ең бейшара, ең бақытсыз, ең сәтсіз адам – "ертең" сөзін көп қолданатын адам.
©  Роберт Кийосаки
Кедейдің кертіп жер малы - білім.
©  Иүгінеки Ахмед