Сүт туралы Жұмбақтар жинағы ✍️


Басқа: 4
Мақал-мәтелдер жинағы: 23
Жұмбақтар жинағы: 10
Балаларға арналған тақпақтар: 4
Ақын өлеңдері жинағы: 29
Жаңылтпаштар жинағы: 1
Әңгімелер жинағы: 4
Ертегілер жинағы: 1
Поэмалар: 4
Анекдоттар, әзілдер жинағы: 1

Елде де жоқ,Менде де жоқ.Жерде де жоқ,Сенде де жоқ.Тыста да жоқ,Құста да жоқ.Көпте де жоқ,Көкте де жоқ.(Құс сүті)
©  Кеңесжан Шалқарұлы
Табаққа түспес,
Қазанға піспес,
Оны ішпей адам өспес.

Жауабы: Ана сүті
Бір сусын бар жұртымда,
Ішсең – уыз ұртыңда.
Бәрі содан шығады:
Ірімшік, май, құртың да.

Жауабы: Сүт
Сусында да сусын бар,
Отқа түсіп қанығар.
Ақ қатығы тағы бар,
Онсыз басың ауырар.

Жауабы: Сүт шәй, қаймақ
Пешсіз піскен
Ыдыссыз ішкен.

Жауабы: Ана сүті
Төрт аяқ ортасында бүгілі бар,
Сөйлейтін өз алдында пиғылы бар.
Халінше сайманы ғой керек заты,
Көтерген екі дана құрығы бар.
Беретін жақынына..
Дастарханға түспейді,
Қазанда піспейді,
Дәмі аузынан кетпейді.

жауабы - Ана сүті
Жалғанда бір құдық бар суы тәтті,
Қауғасын бес бәйтерек мықтап тартты.

жауабы - Ана сүті, бес саусақ
Сылдыр сұйық, су емес,
Ішсең сусын қанады,
Ақ болса да қар емес,
Шешуін кім табады?
Аппақ сұйық,
Қалса ұйып,
Шөлің қанады,
Ішсең құйып.