meta charset="utf-8"> Қазақша портал

Бөлім: «Жұмбақтар жинағы»

Жұмбақ – адамның ой-өрісін, алғырлығын, білімін сынау мақсатында нақты бір зат немесе құбылыс тұспалдап сипатталатын шағын әдеби жанр.
Жұмбақ жанры дүние жүзі халықтары әдебиетінің көпшілігінде бар. Бұл жанрға Аристотель “Жұмбақ – жақсы жымдасқан метафора” деп анықтама берген. Жұмбақ әдебиеттің ежелгі үлгілерінде, ауыз әдебиетінде жиі кездесетіндіктен оны ғылымда “фольклорлық жанр”, “халықтық поэзияның шағын түрі” деп санау орын алған. Алайда, қазіргі заман әдебиеті өкілдерінің, әсіресе, балалар әдебиеті авторларының шығарм-ғында Жұмбақтар топтамасы жиі кездеседі. Сондықтан оны тек фольклорлық жанр аясында шектеуге болмайды.
Екі ауылдың баласы еңбектеп келеді,
Төрт ауылдың баласы төбелесіп келеді,
Бір ауылдың баласы шөпшек теріп келеді.

Жауабы: Жайылымнан қайтқан..
Екеуі қарауыл қарап тұр
Төртеуі ұйықтап жатыр,
Біреуі қамыр басып тұр.

Жауабы: Түйе
Екі кісі қарауыл қарайды,
Бір кісі шөпшек тереді.

Жауабы: Түйенің өркеші, ерні
Дүбір-дүбір төртеу,
Есенгелді екеу.
Жағалбайлы жалғыз,
Оның таңы қарбыз.

Жауабы: Түйенің аяғы, екі құлағы, құйыршығы
Төрт кісі төсек сал дейді,
Екі кісі қарауыл қарайды,
Үлкен әйел есік аш дейді,
Кіші әйел төмпештейді.

Жауабы: Түйе, төрт аяғы, екі өркеші..
Төсек астында төрт күлше.

Жауабы: Түйенің төрт табаны
Таудан тас домалайды,
Тас бұршақтай сабалайды.

Жауабы: Түйенің құмалағы
Жоғарыдан көп тас домалайды,
Кезектесіп бірін-бірі қуалайды.

Жауабы: Түйенің құмалағы
Бір тауығым бар,
Жұмыртқасы көп,
Көп те болса жарылмайды.

Жауабы: Түйенің құмалағы
Шашылды маржан,
Бағасы арзан.

Жауабы: Құмалақ
Төрт лаулау,
Екі дің-дің,
Бір шібжің.

Жауабы: Түйенің аяғы, екі өркеші, құйыршығы
Мамам маң басып барады,
Күлшесі қалып барады.

Жауабы: Түйенің ізі
Алақандай жоным бар,
Үстіне сап соғыңдар,
Жалыннан ап шалқыған,
Сом темірді балқыған.

Жауабы: Теміртөс
Айға ұқсас түрі бар,
Қатар өскен бірі бар.

Жауабы: Орақ
Көп-ақ тісі,
Күні бойы шөп жесе де
Шықпайды іші.

Жауабы: Орақ
Қылышты өткір шайқадым,
Қырдың шашын жайпадым.

Жауабы: Шалғы
Басы — қылыш нұсқасы,
Сабында бар тұтқасы.

Жауабы: Шалғы
Сояудай әр тырнағы,
Шөпті жияр қырдағы.

Жауабы: Тырма
Қос жағы бар,
Бір сабы бар.
Бассаң тілін,
Сарт етіп жабылар.

Жауабы: Қақпан
Қысқаштай сабы бар,
Қос садақ жағы бар.

Жауабы: Қақпан
Басып қалсаң түндікті,
Шап етеді бір мықты.

Жауабы: Қақпан
Қара батыр,
Бұғып жатыр.

Жауабы: Қақпан
Тасты қияқ,
Батыл басар,
Темір тұяқ.

Жауабы: Таға
Қыздырып соқсаң иленеді,
Балға мен төстен именеді.

Жауабы: Темір
Жалыңды үрлеп шалқытады,
Темірді бірлеп балқытады.

Жауабы: Көрік